2025 жылғы 16 қыркүйек күні Алматы облысы Іле ауданы, Боралдай ауылында жаңа алкогольсіз сусындар шығаратын зауыттың іргетасын қалау және инвестициялық келісімге қол қоюдың салтанатты рәсімі өтті.
Биыл үш бірдей брендіміз сарапшылар тарапынан жоғары бағаға ие болды
Carlsberg Group және УЕФА ұзақ мерзімді серіктестік келісімін жариялады, оған сәйкес Carlsberg УЕФА құрамаларының ресми сырасы атанады. Келісім UEFA EURO 2028™, UEFA Women's EURO 2029, УЕФА Ұлттар лигасының финалы™, УЕФА әйелдер Ұлттар лигасы, ерлер мен әйелдер арасындағы Еуропа чемпионаттарының іріктеу турнирлері және УЕФА футзалынан Еуропа чемпионатын қамтиды.
Халықаралық Carlsberg Group бөлігі болып табылатын Carlsberg Kazakhstan сыра қайнату компаниясы - Қазақстандағы ірі сыра қайнату компанияларының бірі. 1998 жылы «Ақ Нар» атауымен негізі қаланған компания, кейіннен «Ирбис» зауытымен бірге қайта құрылып, «Дербес» компаниясы болып өз есігін ашты.
2008 жылдан бері әлемдегі үшінші ірі сыра компаниясы болып табылатын халықаралық Сarlsberg Group компаниясына кіреді. Сarlsberg Kazakhstan қоржынында 30-дан астам халықаралық және жергілікті сыра бренді бар. Компанияда 450 қызметкерлер жұмыс істейді.