Menu
XU0S0221.jpg

Компания тарихы

Халықаралық Carlsberg Group бөлігі болып табылатын Carlsberg Kazakhstan сыра қайнату компаниясы - Қазақстандағы ірі сыра қайнату компанияларының бірі

Carlsberg Kazakhstan

1998 жылы «Ақ Нар» атауымен негізі қаланған компания, кейіннен «Ирбис» зауытымен бірге қайта құрылып, «Дербес» компаниясы болып өз есігін ашты.

2008 жылдан бері әлемдегі төртінші ірі сыра компаниясы болып табылатын халықаралық Сarlsberg Group компаниясына кіреді.

Сarlsberg Kazakhstan зауыты қазіргі таңда:

  • Заманауи еуропалық құралдармен жабдықталған;
  • Өндірістік қуаты – жылына 2.3 млн-нан астам сыра өндіреді;
  • Сыра қайнату ісінің үздік қызметкерлері мен кәсіпқойлары еңбектенеді;
  • Өнім сапасы мінсіз.

1998

негізі қаланған жылы

>30

cыраның түрі

450

қызметкерлер

portfolio 2022.jpg

Сarlsberg Kazakhstan қоржынында 30-дан астам халықаралық және жергілікті сыраның түрлері бар: Carlsberg, Tuborg, 1664 Blanc, Holsten, Zatecky Gus, «Балтика» және жергілікті брендтер: «Ирбис», «Дербес», «Алма-Ата», «Большая кружка» және т.б.

Сонымен қатар, Flash Up Energy энергетикалық сусыны да кіреді.

Carlsberg Kazakhstan басымдылығы – барлық халықаралық стандарттарға сәйкес өнімнің жоғары сапасы. Компания брендтері сапасы мен дәмдік сипаттамалары үшін Бельгия, Англия, Чехия, Австралия, Ресей сыра конкурстары мен фестивальдерінің беделді халықаралық жүлделерін иеленген.