Menu

Carlsberg Group Этика және тәртіп кодексі

КІРІСПЕ

Carlsberg Group-тың негізгі құндылықтары адалдық пен жауапкершілік, сондай-ақ бизнесті адал әрі әдеппен жүргізу болып табылады. Осы этика және тәртіп кодексі («Кодекс») біздің стратегиямызды сақтайды және Carlsberg Group-тың жауапкершілікті жаһандық сыра компаниясы ретіндегі беделін қорғауға көмектеседі.

МАҚСАТЫ

Осы Кодекстің мақсаты – Carlsberg Group қызметкерлері мен іскерлік әріптестерінің біз ұстанатын қағидалар мен этикалық құндылықтарды айқын түсінуін қамтамасыз ету. Осы Кодекс арқылы біз өзіміздің белгілі бір тәртіп стандарттарын ұстанатынымызды, оларды ілгерілететінімізді растаймыз.

Осы Кодексте барлық туындайтын мәселелерді қамту мүмкін болмағандықтан, Топ атынан әрекет ету барысында қызметкерлер мен іскерлік әріптестер ақыл-парасатқа негізделген ой-пікірге сүйенуі қажет. Қызметкеріміз немесе іскерлік әріптесімізде осы Кодекстің қандай да бір ережесін қолдануға қатысты сенімсіздік туындаған жағдайда, ол түсініктеме алу үшін комплаенс мәселелері үшін жауапты қызметкерге немесе заңгерге жүгінуі тиіс.

ҚОЛДАНУ САЛАСЫ ЖӘНЕ МАҚСАТТЫ АУДИТОРИЯСЫ

Осы Кодекс баршаға қатысты қолданылады, оның қолданысы басшыларға, жұмыскерлерге және азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар негізінде жұмыс істейтін тұлғаларға, Carlsberg A/S компаниясы тікелей не жанама түрде бақылайтын барлық заңды тұлғаларға тарайды. Сонымен қатар Кодекстің ережелері Carlsberg Group акциялар пакетін иеленбейтін заңды тұлғалардың назарына да жеткізілуі тиіс.

1. Заңнаманың және корпоративтік саясаттардың сақталуы

Carlsberg Group-тың беделі мен бизнесі қолданыстағы заңдарды, ережелерді және нормативтік құжаттарды білуіміз бен сақтауымызға байланысты болып табылады. Қызметкер ретінде Сіз оларды сақтауға міндеттесіз. Бұдан бөлек, Сіз Топтың саясаттары мен рәсімдерінен хабардар болып, оларды түсінуге және қатаң сақтауға, тренингтерге қатысуға тиіссіз, ал заңнаманың немесе корпоративтік саясаттардың қандай да бір ережелеріне қатысты қандай да бір сенімсіздік туындаса – сұрақ қоюыңыз керек.

2. Сыбайлас жемқорлық пен парақорлыққа қарсы әрекет туралы заңнама

Carlsberg Group бизнес жүргізетін барлық елдерде дерлік сыбайлас жемқорлық пен парақорлыққа тыйым салынған. Бизнесті жүргізу мүмкіндіктерін сақтау немесе бәсекелестердің алдында заңсыз артықшылықтарды иелену үшін мемлекеттік қызметшілерге ақшалай қаражат беру немесе беруге уәде ету, материалдық немесе өзге төлем жасау әдетте заңға қайшы әрекеттер болып табылады. Бұл талапты бұзушылық ірі мөлшерде айыппұл төлеуге немесе бас бостандығынан айырылуға апарып соғатын қылмыс болып табылады.

Қызметкерлер бұл әрекетті өздері тікелей немесе агенттер, кеңесшілер не делдалдар сияқты үшінші тұлғалар арқылы іске асырғанына қарамастан, жауап береді.

Carlsberg Group парақорлықтың кез келген түрін опасыз, моральдық тұрғыда айыпты және лайықсыз әрекет деп қарастырады. Демек, жергілікті Заңнамада тыйым салынған- салынбағанына қарамастан, жалпы фасилитациялық төлемдерге1 тыйым салынған. Сонымен қатар нақты орындау нысаны жоқ (шын мәнінде ақысы төленетін тауарлар, жұмыстар немесе қызметтер алу ниеті жоқ) және тиісінше ресімделмеген мәмілелер бойынша төлем жасауға тыйым салынады. Қосымша ақпаратты Топтың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатынан таба аласыз.

Егер Сіз мемлекеттік қызметшіге сыйлықбергіңіз немесе іскерлік меймандостықсалтын көрсеткіңіз келсе, қай елде болғаныңызға қарамастан, бұл әрекеттіқолданыстағы заңнамаға қатаңсәйкестікпен, сондай-ақCarlsberg Group-та белгіленген рәсімдер мен шектердісақтап жүзеге асыру қажет.

3. Сауда санкциялары және экспортты бақылау туралы заңдар

ЕО, БҰҰ, АҚШ және көптеген басқа елдер кейбір аймақтардағы белгілі бір тұлғалармен және ұйымдармен сауда жүргізуге тыйым салатын сауда санкцияларын енгізді. Ол санкциялар белгілі бір елдерге (сыра өндіруге арналған) құрал-жабдықтарды экспорттауға да тыйым салады. Сауда санкцияларын бұзушылық елеулі салдарларды, соның ішінде Carlsberg Group-қа қатысты айыппұл тағайындалуына, Топтың басшылары мен қызметкерлеріне қатысты бас бостандығынан айырумен байланысты жазалар тағайындалуына, Топқа кредиттік желілер бойынша жағымсыздау шарттар ұсынылуына және беделіне нұқсан келуіне апарып соғуы ықтимал.

Сауда санкциялары және экспортты бақылау туралы заңдардыңсақталуын қамтамасыз ету үшін, санкция шектеулеріне жататын тұлғалармен және ұйымдармен келіссөз жүргізілуіне тосқауыл қою үшін, еңбастапқы кезеңде Топ деңгейінде тиістітексеру жүргізілуітиіс. Егер Сізде сауда санкциялары мен экспортты бақылау туралы заңдарыныңөзектілігіне қатысты күмән туындаса, өз компанияңыздыңзаңгерімен немесе Топтыңзаңгерімен кеңесіңіз.

4. Бәсекелестік туралы заңнама

Бәсекелестіктіқорғау туралы заңнама, сонымен қатар трестерге қатысты немесе монополияға қарсы заңнама деп аталады, бәсекелестікке және тұтынушыларға зиян келтіретін іс-әрекеттерге тыйым салады. Ондай іс-әрекеттердіңүлгілеріқайта сату бағасын белгілеу, нарықты аумақтыққағида немесе сатып алушылар құрамы бойынша жіктеу, сауда-саттыққа қатысушы компаниялардыңарасындағы баға ұсынымдарын үйлестіру, нарықтағы басымды жағдайын асыра пайдаланушылық монополияға қарсы органдарға міндеттітүрде жариялануы қажеттімәмілелер туралы хабарламау сияқты бәсекеге қарсы мәмілелер болып табылады. Оларды бұзушылықзаңды тұлғаларды да (компанияныңөзін де, оныңкөтермелеп сатып алушы болып табылатын клиенттерін де), жеке тұлғаларды да қатаңжазалауға, соныңішінде оларға айыппұл салынуына (Carlsberg Group-тыңжалпы жылдықтүсімінің10%-на дейінгімөлшерде), бас бостандығынан айыруға апарып соғады және беделіне нұқсан келтіреді.

Сонымен, Сіздің өз қызметіңізде бәсекелестікті қорғау туралы тиісті заңдар мен өзге де нормативтік құжаттарды сақтауыңыз аса маңызды болып табылады. Бәсекелестікті қорғау туралы заңнаманы бұзушылыққа қатысты күмән туындаған жағдайда, Сіз өз компанияңыздың заңгерімен немесе Топтың заңгерімен хабарласуыңыз қажет. Толық ақпаратты Carlsberg Group-тың монополияға қарсы комплаенс жөніндегі нұсқаулығынан таба аласыз.

5. Деректерді қорғау және жеке адамның өмірі туралы заңнама

Жеке тұлғалардың жеке деректемелерін жинау, пайдалану, сақтау және шекарааралық беру көптеген жағдайларда реттеу нысанына айналуда. Carlsberg Group өз қызметкерлерінің, мердігерлерінің, клиенттерінің, өнім берушілерінің, тұтынушыларының, сондай-ақ өзі бірге бизнес жүргізетін өзге де үшінші тұлғалардың деректемелеріне құрметпен қарайды. Топ жеке сипаттағы ақпаратты көпшілікке жариялаудан қорғауға арналған тиісті әрі жеткілікті сақтық шараларын қолданады.

6. Алкоголь ішімдіктерін жауапкершілікпен пайдалану

Carlsberg Group-тың сыра пайдасы туралы және оны шектен тыс мөлшерде пайдаланудың жекелеген адамдарға және жалпы қоғамға кері ықпалын төмендетудегі өзінің рөлі туралы айқын түсінігі бар. Carlsberg Group брендтерінің амбассадоры ретінде Сіз маркетингтік коммуникациялар саясатына сәйкес үнемі сыраны орташа мөлшерде ішуден ләззат алуды жоғарылатуға тиіссіз. Атап айтқанда, басшылық лауазымдарды атқаратын қызметкерлерді рөлдік модель ретінде үлгі тұтып, алкогольді жауапкершілікпен пайдалануды жоғары деңгейге көтеруіңіз керек.

Алкогольді пайдалануға қатысты біз Жауапкершілікпен пайдалану саясатында көрініс тапқан қатаң стандарттарды қабылдадық.

Жұмысқа алкоголь ішімдіктерімен мастанған күйде келуге тыйым салынады; алкоголь ішімдіктерімен мастанған күйде автокөлік жүргізу де өрескел қылық болып табылып, дереу жұмыстан шығаруға апарып соғады. Carlsberg Group компаниясы демеушілік жасайтын іс- шаралар кезінде арнайы рұқсат берілген жағдайларды немесе алкогольдік ішімдік ішу қызметкердің лауазымдық міндеттеріне кіретін сирек жағдайларды қоспағанда, жұмыс уақытында алкогольдік ішімдіктер ішу лайықсыз болып табылады. Аталған жағдайлардың барлығында жоғары тұрған басшымен келісу қажет.

7. Мүдделер қайшылығы

Сіздің жеке мүдделеріңіз немесе өнім берушілер, туыстар немесе клиенттер сияқты үшінші тұлғалардың жеке мүдделері Сіздің объективті түрде және Carlsberg Group компаниясының барынша жақсы мүддесі үшін әрекет ету қабілетіңізге кері ықпалын тигізуі ықтимал жағдайларда мүдделер қайшылығы туындайды. Кейде Сіздің тарапыңыздан ешқандай әрекеттерсіз-ақ мүдделер қайшылығы орын алуы мүмкін. Тиісінше, Сіз өзіңіздің жеке мүддеңіз үшін қажетті болып табылатын немесе болып көрінетін қызметке араласпауға тиіссіз.

Мүдделер қайшылығы жағдайларын жариялаудың да, оларды анықтау мен болдырмаудың да маңызы зор. Мүдделер қайшылығын туындатуы ықтимал мәмілелер немесе қатынастар туралы Сіз өз басшыңызға, жұмыскерлермен жұмыс істеу бөліміне немесе компанияңыздың комплаенс мәселелері үшін жауапты қызметкеріне хабарлауға тиіссіз.

8. Инсайдерлік ақпарат және бағалы қағаздармен жүргізілетін операциялар

Инсайдерлік ақпарат дегеніміз — көпшілік компания, яғни акциялары биржада саудаға салынатын (мысалы, Carlsberg A/S) туралы немесе оның акциялары мен облигациялары туралы, жариялануы компания акцияларының бағасына әсер етуі мүмкін болатын, тек ішкі пайдалануға ғана арналған ақпарат. Мысалы, компанияның қаржылық нәтижелері, басқа заңды тұлғаларға қосылуы және жұтылуы, активтерін иеліктен шығаруы, жаңа нарықтарға шығу, жаңа өнімдерді шығаруы, үшінші тұлғалармен бірлескен қызметті бастауы немесе тоқтатуы туралы мәліметтерді инсайдерлік ақпаратқа жатқызуға болады.

Егер Сіз Carlsberg A/S компаниясы немесе Carlsberg Group-тың қандай болмасын басқа көпшілік компаниясы туралы инсайдерлік ақпаратқа ие болсаңыз, Сіз сол компанияның акцияларын сатып ала алмайсыз немесе сата алмайсыз, не үшінші тұлғаларға оларды сату не сатып алу туралы кеңес бере алмайсыз; сондай-ақ өзіңіздің лауазымдық міндеттеріңізді орындау үшін қатаң қажеттілік туындаған жағдайларды қоспағанда, сізге инсайдерлік ақпаратты жариялауға болмайды.

Инсайдерлік ақпаратты және бағалы қағаздармен жүргізілетін операциялардың заңмен реттелуі күрделі сипатты иеленеді, ал оны бұзушылық қылмыс жасауға апарып соғады. Егер Сіз өзіңізге Carlsberg A/S акцияларымен немесе кез келген басқа көпшілік компанияның акцияларымен мәміле жасауға рұқсат берілетініне сенімді болмасаңыз, немесе инсайдерлік ақпарат туралы заңнамаға қатысты қандай да бір сұрақтарыңыз болса, Carlsberg компаниясының корпоративтік хатшысымен немесе өз компанияңыздың заңгерімен кеңесуіңіз керек. Қосымша ақпаратты Топтың Инсайдерлік ақпарат және бағалы қағаздармен жүргізілетін операциялар туралы саясатынан таба аласыз.

9. Компанияның мүлкі мен ресурстарын сақтау және тиісінше пайдалану

Carlsberg Group компаниясының қызметі өзіне тиесілі мүлкі мен ресурстарын сақтауына және тиісінше пайдалануына байланысты болып табылады. Ұрлық, ұқыпсыздық және ысырапшылдық Топтың қаржылық көрсеткіштеріне тікелей кері әсер етеді.

Сіз Топ мүлкінің құнын сақтау үшін әзірленген рәсімдер мен тәжірибелерді ұстануға тиіссіз. Топтың мүлкіне материалдық активтер және, Топтың құнды тауарлық таңбалары, ноу-хау және құпия ақпаратты қоса, зияткерлік меншік сияқты бейматериалдық активтер жатады. Сіз Топтың мүлкі мен ресурстарын өзіңіздің жеке пайдаңызға емес, тек заңды түрде іскерлік мақсаттарда ғана пайдалана аласыз.

10. Құпия және қызметтік ақпарат

Құпия және қызметтік ақпарат ішкі пайдалануға арналған бүкіл ақпаратты қамтиды. Ол ақпарат, соның ішінде Carlsberg Group Тобына табыстап берілген үшінші тұлғалардың құпия ақпараты жарияланған жағдайда, оны бәсекелестер пайдаланып кетуі ықтимал немесе оның Топқа зияны тиюі мүмкін.

Сіз Carlsberg Group тобына кіретін компаниялар немесе басқа компаниялар, соның ішінде Топтың өнім берушілері және клиенттері сеніп тапсырған құпия немесе қызметтік ақпаратқа қатысты коммерциялық құпияны үнемі сақтауға тиіссіз. Кез келген құпия немесе қызметтік ақпаратты рұқсатсыз жариялауға тыйым салынады. Ондай жариялау Топтың және оның өнім берушілері мен клиенттерінің бәсекеге қабілеттілігіне зиян тигізіп, Сізді немесе Топты заңды жауапкершілікке тартуды туындатуы ықтимал. Сіз құпия ақпаратты сақтау үшін қажетті шараларды қолдануға және, өз лауазымдық қызметтерін орындау үшін қажетсінген қызметкерлерді қоспағанда, оның Топ ішінде жарияланбауын қамтамасыз етуге тиіссіз. Қызметкерлер мен контрагенттер осы құпиялылық туралы ережелерді құрметпен қабылдап, Топпен жұмыс істеуін тоқтатқаннан кейін де оларды сақтауы тиіс.

Құпия немесе қызметтік ақпаратты жариялауға рұқсат берілуіне қатысты қандай да бір сұрақтар немесе күмәндар туындаған жағдайда, дереу Group-тың құқықтық мәселелер жөніндегі

вице-президентіне жүгінуіңіз керек.

Бұқаралық ақпарат құралдарынан келіп түсетін сұрақтарға тек қана компанияның өкілетті өкілдері жауап бере алады.

11. Жұмыс жағдайлары

Carlsberg Group адал жұмыс беруші болуға талпынады. Қызметкер немесе қызметкерлер тобы тарапынан келеңсіз тәртіп көрсетушілік, қорқыту және кез келген басқа түрде қысымшылық жасауға жол берілмейді.

Топта 40 000-нан астам қызметкер істейді, сондықтан компанияға елеулі мәдени әралуандылық тын болып келеді. Біз өзіміздің кадрлық құрамымыздың жаһандық сипатты иеленетінін мақтан етеміз. Қызметкерлерді жұмысқа қабылдау, дамыту және лауазымын көтеру нәсіліне, түр-түсіне, жынысына, тіліне, дініне, саяси және басқа да көзқарастарына, қай кастаға жататынына, ұлты мен әлеуметтік жағдайына, иеленетін мүлкіне, туға жеріне, кәсіподаққа кіретін-кірмейтініне, жыныстық бағдарына, денсаулық жағдайына, жас мөлшеріне, мүгедектігіне және басқа да ерекшеліктеріне қарамастан жүзеге асырылады.

12. Сыйлықтар, ас-шай және ойын-сауықтар

Әдеттегі шаруашылық қызмет барысында қызметкерлерге іскерлік қатынастарды сақтау және дамыту үшін сыйлықтар беріп-алуға, ас-шайлар беруге және қабылдауға, ойын-сауықтар ұйымдастыруға және оларға қатысуға рұқсат етіледі.

Сіз бағасы елеусіз және сыйлық алушының тарапынан қандай да бір жауап әрекетті көздемейтін сыйлықтар ғана бере аласыз. Қолма-қол ақша түрінде сыйлық жасауға тыйым салынады.

Сіз клиенттерден, өнім берушілерден немесе Carlsberg Group-пен іскерлік қатынас жүргізетін немесе жүргізуге ниеттенген өзге тұлғадан сыйлықтар не қызметтер қабылдамауға тиіссіз және өз отбасыңыздың мүшелеріне оған рұқсат бермеуіңіз керек. Тек заңды іскерлік мақсатпен табыс етілетін, құндылығы елеусіз заттарды ғана сыйлауға болады. Құндылығы елеусіз болып табылмайтын сыйлықтар, өз басшыңызға хабарлай отырып, дереу сыйлық берушіге қайтаруға жатады. Егер практикалық көзқарас тұрғысынан сыйлықты дереу қайтарып беру мүмкін болмаса, ол сыйлықты әрі қарай қайырымдылық мақсатта пайдалану үшін немесе Топ мақсатқа сай деп санаған басқа жолмен пайдалану үшін компанияңыздың комплаенс мәселелері үшін жауапты қызметкеріне табыстап беру керек.

Carlsberg Group іскерлік қатынас түзіп жүрген адамға жасалған немесе одан қабылданған кез келген ойын-сауық жиі қайталанбайтын, заңды іскерлік мақсаттарға бағытталған орынды меймандостықпен шектелуі тиіс, және ешбір жағдайларда жауап әрекетті көздемеуі немесе Сіздің объективті әрі заңды шешімдер қабылдауыңызға ықпалын тигізбеуі тиіс. Қосымша ақпаратты Топтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатынан және сыйлықтар мен ойын-сауықтарға қатысты мәселелерді реттейтін жергілікті нұсқаулықтарынан таба аласыз.

13. Саяси қызмет және қайырымдылық көмек

Көптеген басқа компаниялардағыдай, біздің компанияның қызметі барысында мемлекеттік билік органдарымен өзара қатынас жасау көзделеді. Алайда егер Сіз жеке тұлға ретінде саяси қызметке араласып жүрген болсаңыз, саяси ұйымдарға мәлімдемелер жасау немесе қаржылық салымдар енгізу Carlsberg Group-тың атынан емес, жеке өзіңіздің атыңыздан жүзеге асырылуы тиіс. Қайырымдылық көмек жасау құпталады, бірақ олар айқын әрі кісіби жолмен жасалуы тиіс.

14. Бухгалтерлік кітаптардың, есептік деректердің және көпшілік алдында жарияланатын есептердің дәлдігі

Carlsberg Group компаниясыныңзаңнама және реттеушіоргандардыңталаптарын орындауы үшін, компанияныңмемлекеттік органдарға табыстап беретін бухгалтерлік кітаптар, есептік деректеріжәне көпшілік алдында жарияланатын есептерідәл болуы қажет. Жергіліктіталаптарға қосымша, Carlsberg A/S компаниясыныңкөпшілік компания ретіндегіесептік құжаттары қор биржасыныңталаптарына сай келуітиіс. Топтыңесептік деректерінегізінде қоғамға, инвесторларға және мемлекеттік органдарға арналған түрліесептер мен мәлімдемелер жасалады, операциялықшешімдер қабылданады және Топтыңстратегиялықжоспарлауы жүргізіледі Сонымен, біздіңбухгалтерлік кітаптарымыз, есептік деректеріміз және көпшілік алдында жарияланатын есептеріміз толық шынайы болып, белгіленген мерзімде жасалуы тиіс. Сіз барлықоперациялар туралы адал хабар беріп, дәлме-дәл жазбалар жүргізіп отыруға тиіссіз. Топтыңқаржылықесептілігіне аудит, тексеру немесе ревизия жүргізілуіне немесе реттеушіоргандарға құжаттар, есептер беруіне байланысты бухгалтерияға жалған немесе шындыққа сай келмейтін мәліметтер беруге болмайды.

ОСЫ КОДЕКСТІ БҰЗУШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ҚУҒЫНДАУДАН ҚОРҒАУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА

Сіз осы Кодексті сақтауға жауапкершілікпен қарайсыз, яғни сұрақтар қойып, белгілі бір жағдайларда қандай әрекеттер жасау керектігі туралы кеңес алуға жүгінесіз, осы Кодекс ережелерінің сақталуына қатысты алаңдаушылық білдіріп, оларды бұзушылықтар туралы хабарлайсыз деп күтіледі. Егер Carlsberg Group-тың қызметкерлерінің немесе өкілдерінің бірі заңнаманы немесе осы Кодексті бұзып әрекет етіп жатқаны Сізге белгілі болса, бұл жайында өзіңіздің басшыңызға не комплаенс мәселелері үшін жауапты қызметкерге хабарлау керек. Сізден осы Кодексті бұзушылық орын алғаны туралы хабар алған басшы өздігімен тергеуді бастамай, бұл жайтты комплаенс мәселелері үшін жауапты қызметкерге дереу хабарлауы тиіс.

Сіз комплаенс мәселелері үшін жауапты қызметкерге жүрігу жолымен немесе Carlsberg Group- тың ереже бұзушылықтар туралы хабарлау жүйесі (Whistleblower System) арқылы ереже бұзушылықтар туралы жасырын түрде хабарлай аласыз. Carlsberg Group ереже бұзушылықтар туралы адал түрде хабарлайтын немесе лайықсыз тәртіпке байланысты тергеу жүргізуге жәрдем беретін қызметкерлерді қудалауға тыйым салады. Басшылар болжалды ереже бұзушылық туралы адал түрде хабарлаған қызметкерді жұмыстан босатуға, лауазымын төмендетуге, жұмыстан шеттетуге, оны қорқытуға, оған қысым жасауға немесе қандай да басқа жолмен дискриминациялауға тыйым салады.

ОСЫ КОДЕКСТІ ОРЫНДАМАУШЫЛЫҚ

Осы кодексті орындамаушылық кінәлілердің тәртіптік жазаға тартылуына, соның ішінде қолданыстағы заңнаманы қолданып, оларға ескерту, сөгіс, жұмыстан шеттету, лауазымын төмендету, еңбекақы мөлшерін төмендету және жұмыстан босату шараларының қолданылуына апарып соғады. Осы Кодексті белгілі бір бұзушылықтар Carlsberg Group-тың тергеу жүргізу үшін немесе кінәлі адамдарды жауапқа тарту үшін, құқық қорғау органдарына жүгінуін қажет етуі ықтимал. Осы Кодексті бұзушылық тәртіпке итермелеген, оны құптаған не оған назар аудармаған немесе ондай тәртіп туралы біле тұра, дереу хабарламаған басшылар да тәртіптік жазаға тартылуы, тіпті жұмыстан босатылуы мүмкін. Компания осы Кодексті бұлжытпай сақтау нәтижесінде көтерген шығындар үшін басшылар жауап бермейді.

ТАРАТУ ЖӘНЕ ӨЗГЕРТУ

Carlsberg A/S барлық жаңа қызметкерлер, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар негізінде жұмыс істейтін адамдар және компания тікелей не жанама түрде бақылап отыратын барлық ұйымдардың директорлары компаниямен еңбек және басқа қатынастарды бастағаннан кейін осы Кодекстің мәтінімен танысуы тиіс. Жоғарыда тізімделген тұлғалар Кодексті алғанын, оқып шыққанын, түсінгенін және оның ережелерін сақтауға келісетінін жазбаша нысанда растауы тиіс.

Carlsberg Group кез келген уақытта және себебіне қарамастан осы Кодекске өзгертулер енгізуге немесе одан толығымен бас тарту құқығын өзіне қалдырады. Осы Кодекстің қолданыстағы нұсқасы Carlsberg Group-тың ішкі порталында қолжетімді болып табылады.

РЕДАКЦИЯЛАРЫ

Осы Кодекс кемінде жылына үш рет қайта қаралуға жатады, Атқару комитетінің мақұлдауын алған жағдайда, Кодекске кез келген уақытта өзгерістер енгізуге болады. Осы құжаттың ағылшын тіліндегі нұсқасы мен аударылған нұсқасының арасында айырмашылықтар анықталған жағдайда, ағылшын тіліндегі нұсқасы басымдылыққа ие болады.