Menu

Оңтайлы пайдалану саясаты

Осы веб-сайтты - https://carlsbergkazakhstan.kz (бұдан әрі - Сайт) «Carlsberg Kazakhstan (Карлсберг Қазақстан)» ЖШС (біз, бізді, біздің) басқарады. Осы оңтайлы пайдалану саясаты Сіз бен Біздің арамыздағы шарттарды анықтайды, осы шарттар негізінде сіз Сайтқа қолжетімділік аласыз. Осы оңтайлы пайдалану саясаты біздің Сайтымыздың барлық пайдаланушылары мен кірушілеріне қатысты пайдаланылады.

Сіздің біздің Сайтымызды пайдалануыңыз  пайдалану шарттарымызды, құпиялық саясатымызды және cookie файлдарына қатысты саясатты толықтыратын аталмыш оңтайлы пайдалану саясатын қабылдайтыныңызды және оның барлық ережелерін сақтауға келісетініңізді білдіреді.

Біздің компания Қазақстанда тіркелген, компания нөмірі 21908-1910-ТОО (ИУ), Алматы қ. 050014, Қазыбаев көшесі, 270 В мекенжайы бойынша орналасқан. Қажеттілік бойынша біздің үлестес тұлғаларымыз біздің Сайтымызда жұмыс істей алады немесе оның дамуына септігін тигізе алады. Біздің үлестес тұлғаларымыз – бұл еншілес компанияларымыз бен холдинг компаниялардың кез келгені, сонымен қатар, осындай холдинг компаниялардың кез келген еншілес компанияларының бірі.  

Пайдаланудың тыйым салынған түрлері

Біздің Сайт тек заңнамамен қарастырылған жағдайларда ғана пайдаланыла алады. Сайтты келесідей жолдармен пайдалануға рұқсат етілмейді:

  • Қолданыстағы заңнаманың қандай да бір талаптарын бұзатын кез келген әдіспен .
  • Заңнама нормаларын бұзатын немесе алаяқтық болып табылатын, немесе қандай да бір заңсыз не алаяқтық мақсаты не әрекеті бар кез келген әдіспен.
  • Кез келген жолмен адамдарға (кәмелет жастарға толмағандарға да, толғандарға да) залал келтіру немесе залал келтіруге талпыну мақсатымен.
  • Веб-сайт контентіне қатысты біздің стандарттарымызға сәйкес келмейтін қандай да бір материалды (төменде қараңыз) жіберуге, саналы түрде алуға, Сайтқа жүктеуге, Сайттан жүктеуге, бірінші рет немесе қайталама түрде пайдалануға.
  • Кез келген қаланбайтын жарнаманы немесе алушымен келісілмеген жарнаманы немесе промоматериалдарды немесе қызметтерді осылай мәжбүрлеп ұсынудың (спам) кез келген нысанын беруге немесе жіберуді қамтамасыз етуге.
  • Қандай да бір деректерді саналы түрде жіберуге немесе веб-сайтқа Түрлі сипаттағы вирустарды (трояндар және т.б.) қамтитын кез келген материалды, уақытша бомбаларды, пернетақта тіркегіштерін, шпиондық бағдарламаларды, жарнамалық БЖ немесе кез келген бағдарламалық не аппараттық жабдықтау жұмысына теріс әсер ету мақсатымен әзірленген кез келген басқа зиянды бағдарламалар мен балама компьютерлік кодты жүктеуге.

Сонымен қатар, Сіз келісесіз:

  • Біздің пайдалану шарттарымыздың ережелеріне қарамастан, Сайтымыздың кез келген бөлігін қайталамауға, көшірмеуге немесе қайталап сатпауға;
  • Тиісті уәкілеттіліктерсіз төмендегілерге қолжетімділік алмауға, араласпауға, зақымдамауға немесе жұмысын бұзбауға:

-              Біздің сайтымыздың кез келген бөлігі;

-              кез келген жабдық немесе біздің Сайт сақталып отырған желі;

-            Біздің Сайтқа қолжетімділік ұсыну кезінде пайдаланылатын кез келген бағдарламалық жасақтама; немесе 

-             қандай да бір үшінші тарапқа тиесілі не олар пайдаланатын кез келген жабдық, желі не бағдарламалық жасақтама.

  • Өздері тұратын мемлекетте ішімдік ішуге ресми рұқсат етілген жасқа жетпеген тұлғалардың танысу үшін Біздің сайтымызда қандай да бір контент орналастырмауға.

Интерактивтік қызметтер

Интерактивтік қызметтер

Біздің сайтта келесідей интерактивті қызметтер жиі түрде ұсынылуы мүмкін және тек бұлармен шектелмеуі де мүмін:

  • Чаттар.
  • Электронды хабарландырулар тақтасы.
  • Конкурстар.

(Интерактивтік қызметтер).

Кез келген интерактивті қызметті ұсынған жағдайда, егер де модерацияланатын болса, біз ұсынылатын қызметтер  және модерация нысаны (оның ішінде модерация түрі туалы: адам ресурстары не техникалық ресурстар арқылы) жайында толық ақпаратты ұсынатын боламыз.

Біз Біздің сайтымызда ұсынылатын кез келген Интерактивті қызметтерді пайдалану кезінде бөгде сайттардың пайданушылары үшін кез келген ықтималды тәуекелдерді бағалау үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз және әрбір жеке жағдайда біз осы тәуекелдерге байланысты тиісті қызметерді модерациялау керектігін не керек еместігін (оның ішінде, қандай модерация түрін қолдану керектігін) шешетін боламыз. Алайда біз Сайтымызда ұсынылатын қандай да бір Интерактивті қызметке қадағалау, мониторинг жүргізу мен реттеуді жүзеге асыруға міндетті емеспіз. Сонымен қатар, біз  пайдаланушының  біздің контент стандарттарына қарамастан, қызметтің модерацияланатыны не модерацияланбайтынына қарамастан, кез келген Интерактивті қызметті пайдалану нәтижесінде туындайтын қандай да бір шығындар немесе шығыстар үшін жауапты болмайтынымызды ескертеміз.

Интерактивті қызметті модерациялау жағдайында, белгілі бір мәселелер не қиындықтар туындаса, біз әдетте Сізге модератормен байланысу құралдарын ұсынамыз.

Контент стандарттары

Осы контент стандарттары біздің Сайтта Сіздің жариялайтын кез келген материалыңызға (Жарияланымдарға), сонымен қатар, онымен байланысты кез келген интерактивті қызметтерге қолданылады.

Сіз келесідей стандарттарды міндетті түрде сақтауыңыз тиіс. Стандарттар осы Жарияланымның, сондай-ақ, жалпы Жарияланымның өзіне қатысты қолданылады және осындай Жарияланымды беру пунктінде қарастырылған кез келген шарттармен немесе талаптармен толықтырылады.

Жарияланымдар:

  • Дәл болуы (егер де фактілерді қамтыса).
  • Ақиқат түрде ұсынылуы (пайымдаулар қамтыса).
  • Қазақстанның және өзі жарияланған кез келген мемлекеттің қолданыстағы заңнамасын сақтауы тиіс.

 

Жарияланымдар:

  • Қандай да бір адамның намысына тиетін материалдар қамтымауы.
  • Әдепсіз, адамды ренжітетін, жек көруді насихаттайтын немесе жауласуға итермелейтін қандай да бір материалдарды қамтымауы.
  • Порнографиялық мазмұндағы материалды насихаттамауы.
  • Зорлық-зомбылықты насихаттамауы.
  • Дін, жыныс, нәсіл, ұлт, дене кемшілігі, сексуалдық бағыты немесе жас белгілері бойынша кемсітуді насихаттамауы.
  • Ішімдікті жауапсыз ішуді насихаттамауы.
  • Кез келген авторлық құқықты, деректер базасына қолжетімділікті немесе кез келген басқа тұлғаның сауда маркісіне құқығын бұзбауы.
  • Қандай да бір адамды анық қателестірмеуі.
  • Үшінші тарап алдындағы қандай да бір заңды міндеттерді бұзумен, мысалы, келісім міндеттемелерін немесе жарияламау туралы міндеттемені бұзумен жасалмауы.
  • Кез келген заңсыз қызметті насихаттамауы.
  • Құпия ақпаратты пайдалану, оны заңсыз пайдалану немесе кез келген адамның құпия ақпаратына қол сұқпау құқығын бұзу не болмаса тітіркенуге, ыңғайсыздыққа немесе қажетсіз алаңдауға алып келетін ақпаратты пайдалану талпыныстарын жүзеге асыруды қамтымауы.
  • Кез келген басқа адамды қудаламауы, ыңғайсыздандырмауы немесе жынына тимеуі.
  • Өзін басқа адам ретінде көрсету немесе өзі туралы немесе қандай да бір адамға тиістілігі туралы шындыққа сай емес деректерді саналы түрде ұсыну үшін пайдаланылмауы.
  • Егер де шын мәнінде олай болмаса, Сіздің сайтыңыздан шығатындай пікір тудырмауы.
  • Авторлық құқықтарды бұзу немесе қылмыс мақсатымен компьютерлерді басқару секілді (тек мысал үшін алынған) заңға қарсы кез келген іс-әрекеттерді қорғамауға, іске асыруға көмек көрсетпеуге немесе жәрдемдеспеуі тиіс.

Сайтқа қолжетімділік ұсынуды уақытша немесе мүлдем тоқтату

Біздің өзіміздің шешіміміз бойынша, Сіздің Сайтты пайдалану кезінде осы оңтайлы пайдалану саясатын бұзғаныңыз не бұзбағаныңыз анықталатын болады. Осы Саясатты бұзған жағдайда, өзіміз орынды деп санайтын шараларды қабылдай аламыз.

Осы оңтайлы пайдалану саясатын сақтамау Сізге негізінде Сайтты пайдалануға рұқсат етілген пайдалану шарттарын елеулі бұзу болып табылады және біздің төменде келтірілген іс-әрекеттердің барлығын немесе кез келгенін қолдануға алып келуі мүмкін:

  • Сіздің Сайтымызды пайдалану құқығыңызды тез арада, уақытша немесе тұрақты қайтарып алу.
  • Сіздің біздің Сайтқа жүктеген кез келген жарияланымдарыңыз бен материалдарыңызды тез аада, уақытша немесе тұрақты өшіру.
  • Сіздің мекенжайыңызға ескерту жіберу.
  • Ақылы негізде бұзу салдарында туындаған барлық шығындардың орнын өтеуге қатысты Сізге қарсы соттық тергеу (негізді әкімшілік және сот шығындарын қоса алғанда және тек бұнымен шектелмей).
  • Сізге қарсы бағытталған кейінгі құқықтық іс-әрекеттер.
  • Біз негізді және қажет деп санайтын ақпаратты құқық қорғау органдарына ашу.

Біз осы оңтайлы пайдалану саясатын бұзуға жауап ретінде қабылданған іс-әрекетте үшін жауапты болмаймыз. Осы саясатта сипатталған деректерді алу шектеулі болып табылмайды және біз оңтайлы және орынды деп санайтын кез келген басқа іс-әрекеттерді қабылдай аламыз.

Оңтайлы пайдалану саясатына өзгерістер

Біз кез келген уақытта осы парақшаны өзгертіп осы оңтайлы пайдалану саясатын қайта қарастыра аламыз. Сіз барлық енгізілген өзгерістерге қатысты хабардар болу үшін осы парақшаны жиі түрде тексеріп тұрады деп күтеміз, себебі олар Сіз үшін заң тұрғысынан негізді болып табылады. Осы оңтайлы пайдалану саясатында баяндалған кейбір ережелер біздің Сайтымыздың басқа парақшаларында жарияланған ережелермен немесе хабарламалармен алмастырылуы мүмкін.

2018 жылы қаңтар айында жаңартылды.