Menu

Әлемді бірге тазартамыз

Міне үш жыл қатарынан біздің компания «Мөлдір су» экологиялық жобасын іске асырып келуде, осы жоба аясында біздің компаниямыздың қызметкерлері еріктілермен бірге еліміздің түрлі аймақтарындағы су айдындарының жағалауында орналасқан аймақтарды тазалап жатыр.  

Мөлдір су қазақ тілінде «таза су» деген балама мағынаны білдіреді.  

Жобаның мақсаты –Қазақстанның су экожүйелеріне, сондай-ақ, қалдықтарды жеке жинақтау және қайта өңдеу мәдениетінің дамуына үлес қосу.

Carlsberg Kazakhstan қызметкерлері, еріктілер мен экология жайы толғандыратын адамдардың барлығы Қазақстанның ең ірі көлдерінің жағалауларын тазалауды жүргізді.

 «Мөлдір су» бастамасы «4НӨЛ: Келешек үшін бірге» атты Carlsberg Group-тың жаһандық тұрақты даму стратегиясының құрамдас бөлігіне айналды. Оның төрт басымдылықтарының бірі болып планетамыздың су ресурстарын сақтау табылады. Сыра қайнату өндірісі үшін бұл өндірістік алаңдардағы суды тұтынуды қысқарту және су ресурстарын басқаруды жақсартуды, ал кең мағынада –жалпы табиғи су көздеріне деген назарды аударуды білдіреді.  

Біз осы жылы еліміздің түкпір-түкпірінде «Мөлдір су» науқанына қосылған және оны таза етуге ат салысқан барлық қатысушыларға алғысымызды білдіреміз. Осылай жұмыла күш салып біз жаһандық–Су шығыны нөл мақсатына қол жеткізе аламыз!  

2016

жыл

30

тонна қоқыс

7

суайдын

балхаш2.jpg

2017

жылы

17

тонна қоқыс

4

суайдын

ОБРАБОТАННЫЕ_222.jpg

2018

жылы

13

тонна қоқыс

4

суайдын

Қосымша ақпарат