Menu

Құпиялық саясаты

"Carlsberg  Kazakhstan (Карлсберг Қазақстан)"  ЖШС Сіздің дербес деректеріңіздің қауіпсіздігінің аса маңызды екенін түсінеді және сол себептен Сіздің құпиялығыңызды сақтауға және Сіздің дербес деректеріңізді қорғауға міндеттенеді.

Осы Құпиялық саясаты "Carlsberg  Kazakhstan (Карлсберг Қазақстан)"  ЖШС (бұдан әрі - Carlsberg, біз, біздің) Сіздің дербес деректеріңізді пайдаланатынын және Сіздің дербес деректеріңізді қорғау және олардың құпиялығын сақтау үшін белгілеген шараларды пайдаланатындығын белгілейді.

Осы Құпиялық саясаты Сіз тауарлап сатып алсаңыз, қызметтерді пайдалансаңыз, біздің іс-шараларымыз пен промо-науқандарымызға қатыссаңыз немесе басқа да амалармен, оның ішінде біздің веб-сайттарымыздың кез келгенінің көмегімен бізбен әрекеттессеңіз немесе әлеуметтік желілерді арқылы  бізбен қатынассаңыз, сондай-ақ, Сіздің дербес деректерді жинақтауға, өңдеуге және беруге келісім беруіңізге байланысты Сізге қатысты қолданылады.

Осы Саясатпен (сонымен қатар біздің cookie файлдарына қатысты саясатымызбен және пайдалану шарттарымызбен және егер де біздің веб-сайтымызды пайдаланатын болсаңыз, онда көрсетілген кез келген құжаттармен гжей-тегжейлі танысу үшін  бірнеше минут уақытыңызды бөліңіз. Егер Сіз біздің Контрагентіміз болсаңыз, Сіздің дербес деректеріңізді біздің пайдалануымыз туралы едәуір толық ақпарат  Сізбен жасалған шартта көрсетілуі мүмкін. Біздің Сіздің деректеріңізді пайдалану  және веб-сайтты пайдаланудың жеке түрлеріне келісу не олардан бас тарту мүмкіндігі туралы ақпарат болып табылатын кейінгі хабарламалар  Сізден дербес деректерді біздің тарапымыздан жинау барысында жіберілуі мүмкін.

Осы құпиялық саясаты дербес деректерді пайдалану тәртібі туралы түсіндірме береді және мынадай критерийлерді қамтиды:

Біз қандай дербес деректерді жинаймыз?

Біз Сіз туралы төменде көрсетілгендей кейбір немесе барлық дербес деректерді жинақтауды және өңдеуді жоспарлап отырмыз:

  • Сіз туралы ақпарат: Сіздің атыңыз, тұратын мекенжайыңыз, электронды мекенжайыңыз, телефон нөмірі, әлеуметтік желі пайдаланушысының аты, туылған күн мен суреті, немесе Сіздің жұмыс берушіңіз бен лауазымыңыз туралы деректер
  • Сіздің транзакцияларыңыз жайлы егжей-тегжейлі дректер және сатып алу тарихысатып алулар мен Сіз жүзеге асырған, оның ішінде біздің веб-сайттарымыз бен басқа сату каналдарының көмегімен жүзеге асырған басқа операциялар , оның ішінде жеткізу мекенжайы және сатып алынған өнімдердің сипаттамасы
  • Келесідей ақпарат: төлем туралы, біздің өнімдер мен қызметтерді сатып алу үшін пайдаланылатын төлемнің егжей-тегжейі, мысалы, кредит/дебет картасының нөмірі және оның жарамдылық мерзімі
  • Біздің науқардарымыз бен конкурстарымызға Сіздің қатысуыңыз немесе біздің іс-шараларға келуіңіз туралы жинақтайтын ақпарат: Сіздің сауалнамаларыңызда, Сіз бен Біз жасаған тіркеу жазбаларындағы қамтылатын ақпарат, Сіздің қатысқан не жеңіске жеткен кез келген промо-науқандар және конкурстармен байланысты Сіздің қонақтарыңыздың деректері немесе Сіздің оқиғаларға қатысуыңызбен байланысты, оның ішінде сіздің гастрономиялық талғамыңыз бен қолжетімділікке көмек алу мұқтаждылығыңыз туралы кез келген ақпарат
  • Жарнама хабарламаларын баптаулар туралы деректерСіздің жарнама хабарламаларын баптауларыңыз бен шолу жасау батаулары туралы деректеріңіз және Сізге біздің қандай өнімдеріміз бен қызметтеріміздің қызық екендігін анықтау үшін біздің жинақтайтын ақпаратымыз.
  • Біздің чаттарымызды, электронды хабарландырулар тақтамызды, әлеуметтік желілер парақшаларымызды және өзге интерактивті форумларды Сіздің қалай пайдаланатыныңыз туралы ақпаратоның ішінде Сіздің Ғаламторға жариялайтын кез келген пікірөздеріңіз, суреттеріңіз, видеоларыңыз және басқа да ақпараттарыңыз.
  • Шолу ақпараты: Біздің жүргізіп жатқан маркентинг зерттеулерімізге сіздің берген жауаптарыңыз
  • Сіз бен Біздің хат алмасуымыз, оның ішінде Сізден келіп түскен, телефон, электронды пошта немесе әлеуметтік желілер көмегімен жіберілген кез келген пікірлер, шағымдар және пікірсөздер немесе онлайн хат алмасу, қарапайым хат немесе жеке хат алмасу немесе арамыздағы өзара қарым-қатынас түріндегі  кез келген деректер. Егер Сіз бізбен телефон арқылы қатынассаңыз, біз пайдаланылатын телефон нөмірі туралы ақпаратты және қоңырау жазбасының көмегімен жинақтаған кез келген ақпаратты пайдаланамыз.  
  • Несие ақпараты және алаяқтық іс-әрекеттерге қарсы күресуге бағытталған ақпарат: Сіздің қаржы жағдайыңызға, несие қабілеттіліңізге не болмаса Сізден не үшінші тұлғалардан біздің құзырымзға келіп түсетін кез келген қылмыстық не алаяқтық қызмет туралы ақпарат.
  • Техникалық деректер, оның ішінде Ғаламтор желісіне компьютердің қосылуы үшін пайдаланылатын Интернет-хаттаманың (ІР) мекенжайы немесе Сіздің есептік деректеріңіз, браузер түрі мен нұсқасы, сағат белбеуі, қосылатын браузер модулінің түрі мен нұсқасы, операциялық жүйе және платформа.
  • Біздің веб-сайттарымызға Сіздің кіруіңіз туралы ақпарат, оның ішінде біздің веб-сайттарымызға URL-мекенжайларды көрсетумен сайт ішінде ауысып отырудың толық бағдары, оларды қарау және одан басқа сайттарға өту (уақыты мен күнін қоса алғанда) туралы, Сіздің қарастырған не іздеген өнімдеріңіз, Сіздің қараған парақшаларыңыз, парақшалардың жүктелу уақыты, парақшалардың жүктелу қателері, белгілі бір парақшаларды қарау ұзақтығы туралы ақпарат, парақшалар арасындағы өзара әрекеттесу туралы ақпарат (мысалы, жылжытып отырып қарау, тарамдарға өту және компьютер тінтуірін меңзеу саны), сонымен қатар, парақшадан парақшаға өту үшін пайдаланылатын әдістер.  

Дербес деректерді алу көздері

Біз тікелей Сізден немесе арамыздағы өзара әрекеттесуден, біздің веб-сайттарымыздан немесе әлеуметтік желілер сайттарынан алынатын, сақталатын Сіз туралы деректердің басым бөлігін жинақтаймыз. Сонымен қатар, біз Сіздің дербес деректеріңізді  басқа көздерден, мысалы, іскери серіктестерден, техникалық қызмет көрсету саласындағы қосалқы мердігерлерден, төлем қызметтерінен және жеткізу қызметтерінен, жарнама желілерінен, ақпараттық іздестіру жеткізушілерінен, деректерге талдау жасау провайдерлерінен, алаяқтықпен күресуге арналған деректер базасынан және ықпалшаралық тізімдерді, сонымен қатар, зерттеу нарығы мен аспаптары туралы деректерді қоса алғанда өзге басқа деректер базасынан ала аламыз.

Сезімтал дербес деректер

Деректерді қорғау туралы заңнамаға сәйкес, дербес деректердің жекелеген категориялы өте сезімтал болып табылады және сол себептен қосымша қорғауды талап етеді. Мұндай категорияға денсаулығының жай-күйі, нәсілдік немесе этникалық шығу тегі, саяси көзқарастыры, діни сенімдері, кәсіподақтарға мүшелік немесе сексуалды ұстанымы туралы деректер, сонымен қатар, генетикалық және биометрлік деректер жатады. Сотталу және қылмыстық құқық бұзушылықтарға қатысты ақпарат та деректерді қорғау туралы ЕО Заңының күшімен қорғалатын деректер ретінде қарастырылады.

Кейбір жағдайларда біз осындай сезімтал дербес деректерді де жинақтайтын және өңдейтін боламыз. Мысалы, арнайы медициналық көмекке немесе қолжетімділікке көмек көрсетуге қатысты сұраныстарыңызды немесе Сіздің іс-шараға қатысуыңызға байланысты гастрономиялық талғамыңыз туралы деректерді өңдеген кезде, бұл Сіздің діни ұстанымыңыз жайлы хабар беруі мүмкін,, мысалы: халал немесе кошер тағамдары не болмаса Сіздің тұлғаңызды арнайы тексерулер болып, салдарында сіздің бұрынғы сотталуларыңыз туралы деректер белгілі болатын кезде.  Біз осындай сезімтал деректерді деректерді қорғау туралы қолданыстағы заңдарға сәйкес, жекелей алғанда, «Сіздің дербес деректеріңізді біз не істейміз?» тарауында сипатталғандай өңдейміз.  

Сіздің дербес деректеріңізді біз не істейміз?

Деректерді қорғау туралы заңнама талаптарына сәйкес, біз Сіздің тұлғаңызды анықтауымыз және Сіздің дербес деректеріңізді біздің пайдалануымызды пайдаланудың заңдық негізі немесе «негіздемелерін» Сізге хабарлауымыз керек. Төменде көрсетілген әрбір пайдалану жағдайы үшін біз ақпаратты қандай мақсатта пайдаланатынымыз және ашатынымзды және осындай деректерді пайдалану үшін негіз ретінде біздің сүйенетін негіздемемізді көрсетіп отырамыз. Негіздемелердің әрқайсысының түсіндірмесін осы жерден таба аласыз.

Сіздің Carlsberg-пен қалай өзара әрекеттесетініңізге байланысты, біз келесідей мақсаттар үшін сіздің дербес деректеріңізді пайдаланатын боламыз:

  • Сіз сұраныс берген өнімдер мен қызметтерді ұсыну және басқару Сіз бен Біздің арамызда жасалған кез келген шарттарға байланысты туындайтын біздің міндеттерімізді орындау, оның ішінде жеткізуді ұйымдастыру, тапсырысты орындау немесе бас тарту мақсатында, Сізге ақпаратты, өзіңіз сұраныс жіберген өнімдер мен қызметтерді, сондай-ақ, біздің өнімдеріміз бен қызметтерімізге орын алған өзгерістер туралы хабарламалар жіберу.

Заңды негіздер: шарттар бойынша міндеттемелерді орындау, заңды мүдделер (біздің міндеттерімізді орындай алуымыз және сізге өнімдер не қызметтер ұсынуымыз не болмаса өнімдеріміз бен қызметтерімізде орын алған өзгерістер туралы хабарлай алуымыз үшін).

  • Сізбен тиімді қарым-қатынас орнату: Сіздің сұрақтарыңызға, пікірсөзіңізге, шағымдарыңызға және басқа да хабарламаларыңызға, оның ішінде біздің өнімдерімізбен байланысты кез келген басқа сұрақтарыңызға жауап беру.

Заңды негіздер: заңды мүдделер (бізге Сізбен хат алмасуды жүргізуге және Сізге өнімдер мен қызметтер ұсынуға мүмкіндік береді), заңды талап ету құқығы

  • Қызметті бақылау және Сізбен хат алмасуды есепке алуды жүргізу

Сіз бен біздің хат алмасуымызды бақылау, оның ішінде қызмет көрсету сапасын қамтамасыз ету, рәсімдерді сақтау үшін және оқу мақсатында

Заңды негіздер: заңды мүдделер (біздің өнімдеріміз бен қызметтеріміздің сапасын қамтамасыз ету үшін)

  • Сізге маркетинг материалдарын ұсыну

Сізге қарапайым пошта, электронды пошта, телефон, SMS- хабарламалардың немесе егер де өнімдер немесе қызметтер Сіздің бұрындары сатып алған не қызығушылық танытқан өнімдеріңізге ұқсас болса немесе оларға қатысты Сіз ақпарат алуға келісім берсеңіз, Интернеттегі не әлеуметтік желідегі біздің ұсынатын өнімдер мен қызметтер туралы жарнаманың көмегімен Сізге ақпаратты ұсыну.  Сондай-ақ, біз сіздің деректеріңізді  таңдаулы іскери серіктестердің өнімдері мен қызметерінің маркетингі үшін пайдалана аламыз. Заңнамамен қарастырылған жағдайларда, біз осы маркетингтің кез келген түрін жүзеге асыру үшін Сіздің деректеріңізді жинақтау кезінде Сіздің келісіміңізді алуға сұраныс жібереміз. Біз Сізге жіберілетін  хабарламаларға жазылудан бас тартуға немесе Сізге жіберілетін кез келген электронды маркетинг құралдарында қатынасудан бас тарту мүмкіндігін береміз немесе Сіз кел келген уақытта «Байланыс» тарауында келтірілген деректердің көмегіме бізге кез келген уақытта хабарласып бас тарта аласыз.

Заңды негіздер: келісу, заңды мүдделер (біздің өнімдеріміз бен қызметтерімізге қатысты сізді ақпараттандырып отыру)

  • Біздің клиенттеріміздің мұқтаждылықтарын түсіну, сонымен қатар, біздің өнімдеріміз бен қызметтерімізді әзірлеу және бейімдеу үшін

 

Біз Сізге және басқа клиенттерге қарау үшін ұсынатын жарнаманың тиімділік коэффицентін анықтау және түсіну үшін құзырымыздағы дербес деректерге талдау жүргізе аламыз,сонымен қатар, Біз  сізге қызықты болуы мүмкін жарнаманы ұсына аламыз. Біз біздің жарнама берушілерімізге жалпыланған ақпаратты хабарлай аламыз, сонымен қатар, Сізге, біздің клиенттеріміз бен веб-сайтымыздың пайдаланушыларына  Сізге қызықты болуы мүмкін өнімдер немесе қызметтерді ұсына аламыз.

Заңды негіздер: заңды мүдделер (біздің өнімдеріміз бен қызметтеріміздің сапасын қамтамасыз ету үшін, бұл біздің қызметтеріміз бен өнімдерімізді жетілдіру, Сізге  біздің веб-сайттарымыздағы қызметтер менн оның мазмұнын ұсынуға мүмкіндік береді).

Науқандар мен конкурстар өткізу

Сіз науқандар мен конкурстарға қатысқан жағдайда – осындай науқандар мен конкурстар жүргізу, оның ішінде Сіздің жеңісіңіз туралы хабарлау мақсатымен. Сыйлықты жеңген жағдайда, аймақтық заңнамаға сәйкес, біз Сіздің дербес деректеріңізді және веб-сайттарымыздағы, әлеуметтік желілер парақшаларындағы және баспасөз хабарламаларындағы  Сіздің қонақтарыңыздың дербес деректерін ұсына аламыз. Сонымен қатар, сыйлықты тапсыру үшін осындай ақпарат қажет болуы мүмкін осы деректерді біз үшінші тұлғаларға қолжетімді ете аламыз.

Заңды негіздер: заңды міндеттемелер, шарттарды орындау, заңды мүдделер (науқандар мен іс-шараларды сәтті жүргізу үшін).

Біздің іс-шараларымызды жүргізу үшін

Егер Сіз біз ұйымдастырған немеес басқа жолмен қолдайтын іс-шараға қатыссаңыз, біз Сіздің дербес деректеріңізді, оның ішінде ерекше гастронимиялық талғамыңыз туралы, денсаулық жағдайы туралы ақпаратты және іс-шараның өткізілуіне байланысты іс-шараға қолжетімділікке көмек көрсету туралы  деректеріңізді пайдалана аламыз.

Заңды негіздерзаңды мүдделер (біздің іс-шараларды жүргізуге, сонымен қатар, сіздің ерекше қалауыңызды және біздің шараларымыз кезінде мұқтаждылықтарыңызды есепке алуға және қамтамасыз етуге мүмкіндік береді), анық келісім (талап етілсе).

 

Алаяқтықтың алдын алу бойынша шаралар аясында

Бізде және басқа ұйымдарда белгілі бір ақпаратқа қолжетімділік болуы мүмкін және біз оны қолданыстағы заңнамамен қарастырылған жағдайларда және ережелерге,  сонымен қатар, алдыңғы қатарлы тәжірибелерге сәйкес алаяқтықтың алдын алу үшін кез келген уақытта пайдалана аламыз. Егер жалған немесе нақты емес ақпарат ұсынылса немесе алаяқтың жасалғаы анықталса немесе күмән келтірісе, деректер алаяқтықтың алдын алу жөніндегі агенттіктерге немесе басқа ұйымдарға берілуі, сонымен қатар, бұл ақпарат біздің не олардың тарапынан жазылуы мүмкін.

Заңды негіздер: заңды жағдаяттар, заңды мүдделер (сізді біздің оңтайлы тәуекел және қылмыс пен алаяқтықтың алдын алуға көмек көрсету профилімізге енгізу мақсатымен), елеулі қоғамдық мүдделер.

Сізге қатысты KYC (клиентті сәйкестендіру) және несие тарихын тексеру секілді белгілі бір тексерістерді жүргізу үшін

Егер сіз клиент немесе әлеуетті клиент болсаңыз, біз Сізге (немесе сіздің компанияңызға) қатысты белгілі бір тексерістерді жүргізу үшін  сіздің дербес деректеріңізді пайдалана аламыз. Осы мақсатқа байланысты біз  сіздің деректеріңізді  тиісті билік органдарына, оның ішінде мемлекеттік мекемелерге, ұйымдарға және алаяқтықтың алдын алу бойынша агенттіктерге аша аламыз. Құқық қорғау органдары  осы ақпаратты алуы және пайдалануы мүмкін. Біз және осы деректерге қолжетімділік алатын және осындай агенттіктер жазған жазбаны пайдаланатын басқа ұйымдар, сіз тұрған елден басқа елдерден ала алады.

Заңды негіздер: заңды міндеттемелер, талап ету құқығы, елеулі қоғамдық мүдделер, заңды мүдделер  (қылмыстардың және алаяқтықтың алдын алуда көмек көрсету.

Біздің веб-сайттарымызды жақсарту және басқару және контенттің өзектілігін қамтамасыз ету үшін

Біздің веб-сайттарымызды қарауға және олармен өзара әрекеттесуге қолжетімділік ішімдік сусындарын ресми рұқсат етілген тұтыну жасына жеткен ересек адамдарды болуын қамтамасыз ету үшін; біздің веб-сайттарымызды жетілдіру және сіздің компьютеріңізде  контентті едәуір тиімді ұсынуды қамтамасыз ету үшін;  біздің веб-сайттарымызды әкімшілік басқару және ішкі операциялар үшін, оның ішінде  ақаулықтарды түзету, деректерге талдау жасау (оның ішінде трафик туралы деректер талдауы), тестілеу және зерттеу үшін, статистикалық және шолу мақсаттары үшін; сізге біздің қызметіміздің интерактивті фуккцияларын алу үшін қатысу/тіркеу мүмкіндігін беру үшін; біздің веб-сайттарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша біздің күшіміз ретінде;  біздің веб-сайттарымыздағы контент  сіз бен сіздің құрылғыңыз үшін әдеуір тиімді ұсынылуын қамтамасыз ету үшін, бұл сіздің деректеріңізді бизнес-серіктестіктерге, қызмет жеткізушілеріне, сонымен қатар, аналитиктер мен іздестіру жүйелерінің жеткізушілеріне беруді қамтуы мүмкін.

Заңды негіздер: заңды мүдделер (бізде веб-сайттарымызды әкімшілік басқаруға және веб-сайттарымыздағы қызметтер мен контентке сізге қолжетімділік ұсынуға мүмкіндік береді), заңды міндеттемелер.

Қайта ұйымдастыру немесе біздің қызметімізге өзгерістер енгізу

Егер де біз: (i) бизнесімізді немесе оның бөлігін үшінші тарапқа сату туралы келіссөздер нысаны болсақ; (іі) үшінші тарапқа сату нысаны болсақ; немесе (ііі) қайта ұйымдастыру нысаны болсақ, кез келген сату немесе компанияны қайта ұйымдастыруға талдау жасау мақсатымен компанияның кез келген заңды аудиті шеңберінде бізге  сіздің дербес деректеріңіздің бөлігін немесе оны түгелдей тиісті үшінші тарапқа (немесе оның кеңесшілеріне) беруге тура келеді.  Осы құпиялық мақсатында көрсетілген мақсатпен,  пайдалану үшін сатқаннан немесе компанияны қайта ұйымдастырғаннан кейін Біз сіздің дербес деректеріңізді осындай шаруашылық етудің қайта ұйымдастырылған нысанының немесе үшінші тұлғаның құзырына беруге тура келеді.

Заңды негіздер: заңды мүдделер (біздің компаниямыздың қызметін өзгерту мүмкіндігі мақсатымен), заңды міндеттеме.

Нормативті-құқықтық міндеттемелерді орындау

Біз сіздің дербес деректеріңізді үшінші тұлғаларға, жекелей алғанда,ақпараттық сұраныстарға, соттық анықтау жұмыстарына немесе әлемнің кез келген мемлекетінде немесе солай жасауға мәжбүр болатын  жердегі тергеулерге байланысты  сақтандырушыларға, сотқа және/немесе реттегіш не құқық қорғау органдарына  жариялауды қамтуы мүмкін сіздің дербес деректеріңізді өзіміздің нормативті-құқықтық талаптарымызға сәйкес өңдей аламыз.

Заңды негіздер: заңды міндеттемелер, заңды талап ету құқықтары, заңды мүдделері (құқық қорғау және реттеу органдарымен серіктес болу.

Егер сізде  біздің сүйенетін заңды негіздерге қатысты сұрақтарыңыз болса, «Байланыс» тарауында келтірілген деректерді пайдалана отырып бізге жүгініңіз.

Сіздің дербес деректеріңізді ашу

Жоғарыда аталған үшінші тұлғалардан басқа, Сіз бізге сіздің дербес деректеріңізді ашуға, оның ішінде шекарадан ары беруге, біздің тобымыздың кез келген мүшесіне, яғни біздің еншілес компанияларымызға, біздің бас холдинг компаниямызға және жоғарыда баяндалған мақсаттардың кез келгеніне байланысты осы деректерді пайдалана алатын оны еншілес компанияларына ашуға құқық бересіз.  Сонымен қатар біз сіздің дербес деректеріңізді  жоғарыда баяндалған мақсаттардың кез келгені үшін біздің атымыздан өңдей алатын қызметтер жеткізушілеріне (маркетинг, ІТ және әкімшілік қызметтер секілді) ұсынатын боламыз. 

Біз біздің жарнама берушілерімізге  сәйкестендіру үшін қолжетімді тұлғалар туралы ақпаратты ашпаймыз, алайда біз  оларға біздің пайдаланушыларымыз туралы жалпыланған деректерді ұсына аламыз (мысалы, біз оларға  30 жасқа дейінгі 500 ер адам олардың жарнама хабарламасын белгілі бір күні басқанын хабарлай аламыз). Сонымен қатар,  жарнама берушілер өздері бағдарланған аудиторияға шыға алуы үшін (мысалы, белгілі бір жастағы әйелдер) осындай жалпыланған деректерді пайдалана аламыз. Жарнамасын осы мақсатты аудитория үшін орнатып, Біз Сізден алған дербес деректерді біздің жарнама берушілеріміздің қалауын қанағаттандыру үшін пайдалана аламыз. 

Біз cookie файлдарын қалай пайдаланамыз?

Біздің веб-сайттар сізді басқа пайдаланушылардан ерекшелеп айыру үшін cookie  файлдарн пайдаланады. Олар  біздің веб-сайтты сіздердің қарауыңызды ыңғайлы етуге және олардың контентінің сіздер үшін өзекті екендігіне көз жеткізу үшін көмектеседі. cookie  файлдарын біздің қалай пайдаланатынымыз туралы көбірек білу үшін, біздің  cookie файлдарына қатысты саясатымызды қараңыз.

Сіздің чаттарды, электронды хабарландырулар тақтасын немесе өзге интерактивті форумдарды пайдалануы

Біз келушілер пікірсөздерін немесе біздің келушілеріміз пайдалана алатын ақпаратты орната алатын чаттарға, хабарламаларға немесе электронды хабарламалар тақтасына немесе интерактивті аумақтарға қолжетімділікті ұсынамыз. Егер сіз дербас деректер біздің веб-сайттарда орналастырыла алатын чатқа, электронды хабарламалар тақтасына немесе басқа интерактивті алаңға қатыссаңыз, осы құпиялық саясатын оқудан басқа, деректерді енгізу алдында  біздің чатымыздың ережелерін міндетті түрде тексеріңіз, себебі сіз осындай ережелерді сақтауыңыз тиіс. Өзіңіз білетіндей, сіздің Интернет желісінде жариялайтыныңыздың барлығы бүкіл әлем үшін қолжетімді болады. Біз сіздің өз еркіңізбен жариялайтын ақпаратқа қатысты ешқандай мәлімдемелер жасамаймыз және өзімізге ешқандай міндеттемелер алмаймыз.

Сіздің чаттарды, электронды хабарландырулар тақтасын немесе өзге интерактивті форумдарды пайдалануы

Біз келушілер пікірсөздерін немесе біздің келушілеріміз пайдалана алатын ақпаратты орната алатын чаттарға, хабарламаларға немесе электронды хабарламалар тақтасына немесе интерактивті аумақтарға қолжетімділікті ұсынамыз. Егер сіз дербас деректер біздің веб-сайттарда орналастырыла алатын чатқа, электронды хабарламалар тақтасына немесе басқа интерактивті алаңға қатыссаңыз, осы құпиялық саясатын оқудан басқа, деректерді енгізу алдында  біздің чатымыздың ережелерін міндетті түрде тексеріңіз, себебі сіз осындай ережелерді сақтауыңыз тиіс. Өзіңіз білетіндей, сіздің Интернет желісінде жариялайтыныңыздың барлығы бүкіл әлем үшін қолжетімді болады. Біз сіздің өз еркіңізбен жариялайтын ақпаратқа қатысты ешқандай мәлімдемелер жасамаймыз және өзімізге ешқандай міндеттемелер алмаймыз.

Біз сіздің  дербес деректеріңізді қалай қорғаймыз?

Сіздің дербес деректеріңіз қайда сақталады?

Сізден жинақтайтын деректер «Carlsberg Kazakhstan (Карлсберг Қазақстан)» ЖШС базасында сақталған көлемде сақталатын болса, Қазақстаннан тысқары берілуі және сақталуы мүмкін. Деректерді біздің компаниямызда немесе жеткізушілердің  бірінде Қазақстаннан тысқары жұмыс істейтін деректер өңдей алады. Осындай персонал біздің тапсырымызды орындауға, сіздің төлем деректемелеріңізді өңдеуге немесе сервистік қызмет көрсетуді ұсынуға тартылуы мүмкін.  

 

Сіздің дербес деректеріңіз қаншалықты ұзақ сақталады?

Сіз туралы біздің сақтайтын дербес деректеріміз заң рұқсат еткеннен көп сақталмайды және қажет болғанға дейін, сізге кез келген сұратылатын өнімдерді, қызметтерді немесе ақпаратты ұсыну немесе «Біз деректерді не істейміз» тақырыбымен жоғарыда баяндалған тарауда баяндалған кез келген басқа мақсаттар үшін сақталатын болады.

Мысалы, біз арыз-талап қою мерзімінің аяқталғанға дейін транзакциялар мен хат алмасу туралы белгілі бір ақпаратты сақтай аламыз, бұл транзакциялар туралы арыз-талаптарға қатысты. Біз осындай деректерді аталған деректерді сақтау бойынша заңнама талаптарын сақтау мақсатымен сақтай аламыз.

Сіздің деректеріңіздің  ЕЭА-дан тысқары жариялануы

Біз дербес деректерді Еуропа экономикалық аумақтан тысқары жіберген жағдайдағ біз тиісті дербес деректерді қорғау үшін нақты қосымша шараларды қабылдауды талап ете аламмыз.  ЕЭА-дан тысқары кейбір мемлекеттерді Еуропа Комиссиясы  ЕЭА азаматтарының дербес деректерін қорғау туралы заң нормаларының эквивалентті қорғанысын қамтамасыз ететін мемлекеттер ретінде бекітті. Сол себепті, егер де деректер «Carlsberg Kazakhstan (Карлсберг Қазақстан)» ЖШС базасында сақталатын болса, деректердің қорғанысын қамтамасыз етудің қосымша құралдары  осы  мемлекеттерге немесе аумақтарға  дербес деректерді экспорттау үшін қажетті болып табылмайды. Осындай мақұлдаулар алмаған мемлекеттерде, біз  кез келген дербес деректерді беруден қорғаудың тиісті құралдарын, мысалы, ЕО комиссиясы бетіткен үлгілік келісімшарттық ережелерді немесе заңнаманың тиісті талаптары рұқсат еткен міндетті корпоративтік талаптарды пайдаланатын боламыз. 

«Байланыстар» тарауында төменде келтірілген деректерді пайдалана отырып, егер де сіз сіздің дербес деректеріңіздің экспортына қатысты қолданылатын деректерді қорғаудың нақты құралдарының көшірмесімен танысқыңыз келсе, бізге хабарласыңыз.

Дербес деректерді қорғау үшін біз не істейміз?

Біз осы құпиялық саясатына сәйкес сіздің дербес деректеріңізді сенімді өңдеуге кепілдік беру үшін және «Дербес деректерді және оларды қорғау туралы» ҚР заңын сақтай отырып, барлық қажетті шараларды қабылдауға міндеттенеміз.

Егер біз сізге  біздің веб-сайттарымыздың белгілі бір тарауларына қолжетімділік беретін құпиясөз ұсынсақ (немесе сіз өзіңіз таңдап алсаңыз), сіз осындай құпиясөздің құпиялығын сақтауға өзіңіз жауапты боласыз. Біз сізден осындай құпиясөзді ешкімге бермеуді сұраймыз.

Өкінішке орай, Ғаламтор желісінде ақпаратты беру толық қауіпсіз болып табылмайды. Сіздің дербес деректеріңізді қорғау үшін қолдан келгеннің бәрін жасайтынымызға қарамастан, біздің веб-сайттарға берілген осындай деректердің қауіпсіздігіне кепілдік бере алмаймыз. Осындай жағдайда сіз деректерді кез келген беру кезінде тәуекелді өзіңізге аласыз. Сіздің деректеріңізді алған бойда, біз рұқсатсыз қолжетімділікке жол бермес үшін біз қорғаудың қатаң рәсімдері мен құралдарын пайдалануға міндеттенеміз.

Басқа сайттарға сілтемелерге қатысты не айтамыз?

Біздің веб-сайттарымыз бен әлеуметтік желілердегі фан-парақшаларымыз  кейде біздің серіктес желілеріміздің, үлестес тұлғалардың не өзге үшінші тұлғалардың веб-сайттарына сілтемелерді қамтуы мүмкін. Егер де сіз осы веб-сайттардың кез келгеніне сілтеме бойынша өтсеңіз,  олардың өздерінің құпиялық саясатының бар екендігіне және біздің осындай саясаттар үшін жауапты еместігімізге назар аударыңыз. Осындай веб-сайттарға кез келген дербес деректерді жібермес бұрын, осындай веб-сайттарды тексеріңіз. 

Сіздің құқықтарыңыз бен бізбен байланыс

Маркетинг

Сіз бізден дербес деректеріңізді маркетинг мақсатында өңдемеуді талап етуге құқылысыз. Әдетте, егер де біз сіздің деректеріңізді осындай деректер үшін пайдалануды жоспарласақ немесе  сіздің деректеріңізді осындай мақсаттар үшін қандай да бір үшінші тарапқа ашуды жоспарласақ, біз сізге хабар береміз немесе сіздің келісіміңізді аламыз (деректеріңізді жинамас бұрын). Сіз деректерді жинау үшін пайдаланалатын нысандардағы белгілі бір жолдарды тексеріп шығып немесе біздің маркетинг мақсатында жіберетін электронды хабарламаның төменгі бөлігіндегі «Жазылудан бас тарту» жолын басып осындай өңдеуге тыйым салу құқығыңызды пайдалана аласыз. Сонымен қатар, сіз кез келген уақытта бізге [email protected] мекенжайы бойынша хабарласып осындай құқықты пайдалана аласыз.

Ақпаратты жаңарту

Біз сіздің дербес деректеріңіздің  дәлдігін қамтамасыз ету үшін жеткілікті күш салатын боламыз. Бізге бұл істе көмектесу үшін, сіз өзіңіздің бізге ұсынған дербес деректеріңіздегі кез келген өзгерістер туралы бізге төмендегі «Байланыс» тарауында көрсетілген деректерді пайдалана отырып бізбен хабарлай аласыз.  

Сіздің құқықтарыңыз

Егер сіз бізбен әрекеттесу кезінде ЕЭА-да болсаңыз, белгілі бір жағдайларда сіз бізден мыналарды талап ете аласыз:

  • Сізге дербес деректеріңізді қалай пайдаланатынымыз және өңдейтініміз туралы қосымша ақпаратты ұсынуды;
  • Сіз туралы сақтайтын дербес деректердің көшірмесін ұсынуды;
  • Дербес деректердегі дәл емес тұстарды түзетуді және біз өңдейтін сіздің жеке басыңыз туралы кез келген толық емес дербес деректерді толтыруды;
  • Біздің өңдеуге құқығымыз жоқ дербес деректерді өшіруімізді; және
  • Біз сіздің жүгенген мәселеңізді қарастырып отырған кезде, сіздің дербес деректеріңізі өңдейтін әдісті шектеуімізді.

Оған қоса, белгілі бір жағдаяттарды сіздің мынадай құқықтарыңыз бар:

  • Когжа өңдеу келісім негізінде жүзеге асырылатын жағдайларда, осындай келісімнің күшін жоюға;
  • Сіз ұсынған дербес деректерді беруді талап ету және  электронды нұсқада үшінші тұлғада біздің қандай деректерді сақтайтынымызды сұратуға;
  • Егер де негізгі өңдеу үшін біздің негіздеріміз сіздің мүдделеріңіздің, құқықтарыңыз бен еркіндіктеріңіздің көлемінен асып түссе, «заңды мүдделер» немесе «қоғамдық мүдделер» негізінде біздің өңдейтін кез дербес деректерге қатысты келіспеушілік білдіру; және
  • Сізге тікелей маркетингті пайдалану бойынша кез келген уақытта қарсылықтар қою (оның ішінде осындай мақсаттар үшін сіздің клиент ретіндегі кез келген профиліңізді жасау үшін).

Бұл құқықтар қоғамдық мүдделерді (мысалы, қылмыстың алдын алу не оны анықтау) нмесе біздің мүдделерімізді (мысалы, құпиялықты сақтау) қорғау үшін белгіленген жеке дара шектеулерді ескере отырып қолданылады, сонымен қатар, сіз орналасқан мемлекетте осындай құқықтардың кейбіреулері қолжетімді болмауы мүмкін.

Егер сіз дербес деректеріңіздің біздің тарапымыздан қолданылуына немесе осындай құқықтарды кез келген жүзеге асыруға деген біздің реакциямызға көңіліңіз толмаса, сіз ЕО Ақпарат жөніндегі комиссар басқармасына шағым жіберуге құқылысыз. 

Байланыс

Біз сізге осы құпиялық саясаты бойынша кез келген сұрақтар, пікірөздер мен сұраныстар үшін алғысымызды білдіреміз, оларды [email protected]. мекенжайына жіберу керек.

Осы саясатты жаңарту

Осы құпиялық саясатына енгізе алатын кез келген өзгерістер осы бетте жарияланатын болады және тиісті жағдайларда біз сізге электронды поштамен хабар беретін боламыз. Осы құпиялық саясатына кез келген өзгерістер не толықтырулардың енгізілген/енгізілмегенін қайта тексеріп шығыңыз.

Осы құпиялық саясаты 2018 жылдың шілде айында жаңартылды.

Дербес деректерді пайдаланудың заңды негіздері

Төменде сіздің дербес деректеріңізді пайдалануымызды рұқсат етілетін деп мойындайтын негізгі құқықтық негіздер келтірілген:

Келісім: Сайтты пайдалану кезінде Сіз дербес деректерді жинақтау мен өңдеуге, оның ішінде оларды шекарадан асырып беруге өз келісіміңізді бересіз жне құқық ұсынасыз.

 

 

 

Аталған негіздер әдетте біздің сіздің дербес деректеріңіз бен соталу туралы деректердің арнайы категорияларын пайдалануға негіз ретінде пайдаланатын негізгі заңды негіздемелер болып табылады:

Заңды талап ету құқықтары: егер сіздің жеке басыңызды анықтау, мүдделерімізді қорғау, сот тәртібінде қудалау немесе сізге, бізге немесе үшінші тарапқа қарсы арыз-талап қою  үшін бізге деректеріңіз керек болса.

Елеулі қоғамдық мүдде аясындаөңдеу заңнама немесе аймақтық заңнама негізінде елеулі қоғамдық мүдде себептері бойынша қажет.

Анық келісімсіз бір немесе одан көп аталған мақсаттар үшін дербес деректеріңізді өңдеуге анық келісіміңізді бердіңіз. Жоғарыда аталған хабарламаның «Байланыстар» тарауында көрсетілгендей бізге жүгініп, осы келісіміңіздің күшін жоя аласыз.