Menu
Carlsberg

Carlsberg

алкоголь %:
4,8%
Carlsberg

Сarlsberg — ұлы тарихы бар бренд

Әлемдегі ең әйгілі және танымал сыра брендтерінің бірі Carlsberg тарихы 1847 жылы даниялық Якоб Кристиан Якобсен (J.C. Jacobsen) (Дания астанасы) Копенгагенге жақын жерге шағын сыра қайнататын орын салғаннан басталды. Ол компанияны өзінің жалғыз ұлы Карлдың және сыра қайнататын жер — белес шыңының құрметіне атады: Carlsberg «Карл шыңы» деп аударылады.

Өндірісті бастаған кезде компанияның негізін қалаушы Carlsberg өнімі әлемдік сыра қайнатуды тиісті деңгейде ұстап тұруға жағдай жасауы тиіс екенін анықтады. Карлсберг туралы сөз қозғағанда Якобсен: «Сыра қайнату өнерін ең жоғары ықтимал дәрежеге дейін жетілдіру пайда табуға қарамастан, тұрақты мақсат болуы тиіс» - деп жиі қайталап айтатын.

Carlsberg сырасы 1847 жылдан бастап өндірілуде. 1904 жылдан бастап Carlsberg Дат Королдік Алаңының Ресми жеткізушісі болып табылады.

 1868 жылдың өзінде сынама жеткізумен Эдинбургке (Шотландияға) Carlsberg сырасын экспорттау басталды. 1869 жылы сыра үлгілері Вест-Үндістан мен Азияға жіберілді. Carlsberg бүкіл әлемге экспорттала бастаған алғашқы сыра маркаларының біріне айналды. Қазіргі таңда Carlsberg бренді әлемнің 140-тан астам елдерінде сатылады.

Данияда жасалған көбікті сусынды II Елизавета немесе Уинстон Черчилль сияқты әйгілі тұлғалар мен мемлекеттердің бірінші тұлғалары таңдады және таңдайды да. Carlsberg арнайы сұрыптары әлі күнге дейін король отбасыларының мүшелеріне және жоғарғы дараларға арналып арнайы өндіріледі.

Я.К.Якобсен жаратылыстану ғылымдары мен өнеркәсіптік инновациялар арасындағы өзара байланыстың маңыздылығын жақсы түсінген. 1875 жылы ол бірқатар маңызды жаңалықтарды ашып, сусындар индустриясының дамуына үлкен үлес қосқан тәуелсіз зерттеу мекемесі — Carlsberg зертханасының негізін қалады. Өзінің 130 жылдан астам уақыт бойы жұмысында Carlsberg зертханасы уыт өндірудің, сыра қайнатудың және ферменттеу процестерінің ғылыми түсінігінде, сондай-ақ одан да кең ғылыми салаларда айтарлықтай жетістіктерге жетті.

 

 

Тағам құндылығы 100 мл сырадағы

кдж
170
ккал
40
майлар
0
қаныққан майлар
0
көмірсулар
3.0 г артық емес
ақжелілер
<0.5
тұз
0

ингредиент

тазартылған ауыз суы, ашық түсті арпа уыты, құлмақ өнімдері