Carlsberg Kazakhstan компаниясы Young Global Pioneers бірегей халықаралық бағдарламасына қатысуға іріктеуден сәтті өткен жеңімпаздың атын жариялауға қуанышты. Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанның әр қаласынан 100-ге жуық жастар Таланттардың Жаһандық Желісінің бір бөлігі болу мүмкіндігі үшін бақ сынасты. Іріктеу кезеңінде қатысуға өтінімді толтырып, төрт сұраққа жауап беріп, түйіндеме жасау керек болатын. Қазақстанның қазылар алқасы отырысының қорытындысы бойынша және YGP өкілдерімен өткен Skype - сұхбатының қорытындысы бойынша үш жартылай финалға шыққандардың арасынан жеңімпаз анықталды, ол Алматы қаласындағы ХАТУ (Халықаралық Ақпараттық Технологиялар Университеті) университетінің 20 жастағы студенті Ербол Абдихалил болды.
Осы жазда Ербол әлемнің өзге де талантты жастарымен бірге Танзания мен Занзибар бойынша үш апталық оқыту турына аттанады. Турдың қатысушылары университеттер мен алдыңғы қатарлы кәсіпорындарға барып, жергілікті мәдениет пен салт-дәстүрлермен танысады, өңірдегі проблемалар мен мүмкіндіктер туралы біледі, SOS балалар ауылының жастарымен әңгімелесіп, сафари-турға барады. Әлемнің әр түкпірінен жиналған жастар әлемдік мәселелерді шешу тәсілдеріне инновациялық көзқарасты қалыптастыру үшін бірігеді. Саяхат аяқталғаннан кейін Young Global Pioneers бағдарламасының барлық қатысушылары Таланттардың Ғаламдық Желісінің бір бөлігі болады, оның негізінде кросс-мәдени байланыстарды одан әрі оқыту және нығайту жүргізіледі. Сонымен қатар, мысалы, Global Reflection вебинарларын үш айда бір рет, жүйелі онлайн-іс-шараларды өткізудің арқасында жүзеге асырылады.
Бағдарламаға қатысу үшін грантты Carlsberg – Carlsberg Bequest Қорының бөлімшесі береді, ол сыра қайнатушы-компанияның негізін қалаушы Я.К.Якобсенді еске ала отырып, ғылымға ерекше көңіл бөле отырып, тәжірибелік әлеуметтік пайдалы қызметті қолдайды.
* YGP Talent Network – 19-25 жас аралығындағы болашақ көшбасшыларға арналған халықаралық білім беру бағдарламасы. Оның мақсаты – әлемнің ең талантты жастарын біріктіру, олардың ой-өрісін кеңейту, мәдениетаралық байланыс деңгейін арттыру және әлемдік мәселелерді шешудің инновациялық жолдарын бірге табу үшін жаһандық ойлауға үйрету.
Толығырақ http://www.carlsbergkazakhstan.kz және www.youglo.org