Сыра қайнатушы Я.К. Якобсен атындағы «Portrait Now! 2019» Халықаралық портрет өнері байқауының іріктеу кезеңі өз мәресіне жетті. Жеті елден келген 810 портреттің ішінен халықаралық қазылар алқасы кезеңнің финалистерін таңдап алды. Әзірбайжан, Беларусь, Қазақстан, Ресей және Украина суретшілерінің 30-дан астам жұмыстары үстіміздегі жылдың мамыр айында Фредериксборг (Дания) қамалындағы Ұлттық тарих мұражайында өтетін байқаудың халықаралық финалындағы орындар үшін күресетін болады.
Қатысушылардың жұмыстары саналуан техника қолданылған майлы бояумен салынған суреттен бастап фотосуреттерге, тіптен мүсінге дейін ұсынылған. Олардың бір бөлігін 2019 жылдың 22 ақпаны мен 24 наурызы аралығында «Львиварня» (Украина, Львов қ.) Мұражай-мәдени сыра тарихы байқауында тамашалауға болады. Халықаралық қазылар алқасы таңдаған байқау финалы жеңімпаздарының есімдері 22 ақпанда жарияланады.
«Portrait Now! 2019» байқауының ақтық мәресінде қатысушылар халықаралық танымалдық пен байқаудың бас жүлдесі — 85 000 Дат кронасы үшін күреседі.
Жеңімпаздарды халықаралық қазылар алқасы анықтайды.
Portrait Now! - портрет жанрына суретшілердің де, көпшілік қауымның да назарын аударуды көздейтін барлық портретистиканы бағалаушыларға арналған халықаралық байқау. Байқауға мүсіншілер, кескіндемешілер, графиктер, сондай-ақ жаңа медиамен жұмыс істейтін авторлар қатысады. Кез келген өрнектің көмегімен жасалған туындылар қарастырылады.
Бағзы 1882 жылдан бері мәдениеттің дамуына белсенді инвестиция салушы Carlsberg қоры байқаудың тұрақты ұйымдастырушысы болып табылады. Сол кездері компанияның негізін қалаушы сыра қайнатушы Я. К. Якобсен Фредериксборг қамалында Ұлттық тарих мұражайын ашты. Мұражай өзінің алғашқы өмір сүрген күндерінен-ақ портрет кескіндемесіне қоғамды қызықтыру мақсатында, суретшілерге танымал тұлғалардың портреттеріне тапсырыс берді. Енді шығармашылыққа сүйсіне қарап қана қоймай, оған баға беретін кез де келіп жетті.
Carlsberg Group Компаниялары Шығыс Еуропада байқауды ұйымдастыруға белсенді ат салысады. Қоғамның өнерге деген қызығушылығына қолдау көрсететін көрмелер, шеберлік сағаттар мен басқа да мәдени шаралар өткізіледі.
Дарынды қазақстандық суретшілерге қолдау көрсету мақсатында, Carlsberg Kazakhstan компаниясы «Portrait Now! 2019» байқауының шеңберінде «From Waste to Art» атты өзінің экономинациясын құрды.
Номинацияға қазақстандық суретшілердің экологиялық жауапкершілік пен қоршаған ортаға адамның теріс әсерін азайту тақырыбындағы жұмыстары қатысты - бұл тақырып сюжетте немесе жұмыс жасалған материалдарда (кәдеге жаратуға жататын материалдарды қайталап пайдалану, экоматериалдарды қолдану) өз көрінісін тапты.
2019 жылдың 20 қаңтарында жергілікті экономинация жеңімпазының жұмысын, «Қазылар алқасының таңдауы» атты арнайы номинацияның жеңімпазын анықтаған, сондай-ақ ағымдағы жылдың көктемінде Алматы қаласында өтетін көрмеге арналған жұмыстарды ұсынған байқаудың қазақстандық қазылар алқасының отырысы өтті.
Қазылар алқасының құрамы:
Валерия Ибраева - қазылар алқасының төрайымы, өнер зерттеушісі, халықаралық куратор.
Мұрат Дильманов – суретші, «Portrait Now! 2016» байқауына қатысушы
Жанна Спунер – сәулетші, «Alma Museum»-нің негізін бірлесіп қалаушы
Гауhар Сатпаева – галереяшы, "Artmeken" галереясының негізін бірлесіп қалаушы
Мария Горохова – Carlsberg Kazakhstan-ның коммуникациялар жөніндегі менеджері;
келесі шешім қабылдады:
Экономинацияда мұнай өнімдерінен қалған бөшкелердің қақпақтарында аралас техникада орындалған және қоршаған ортаға адамның үдемелі әсерінің талқандаушы салдары мәселелерін көтеретін шымкенттік суретші Смаил Баялиевтің "Бетперде/Маска" триптихі жеңімпаз атанды. Осы номинация жеңімпазының жүлдесі оның жұмысының Львиварнядағы көрмеге қатысу және Львов қаласына сапар шегу болып табылады.
Қазылар алқасының шешімімен арнайы номинация жеңімпаздарының екі жұмысы таңдалып алынды - Бақыт Бүбиқанованың «Тойымсыз 2018» бейнетүсірімі (Астана) және Сәуле Малиеваның «Біз кімбіз? Сен не естисің? /Кто мы? Что ты слышишь?» суреті (Астана). Номинацияның әрбір жеңімпазы «Carlsberg Kazakhstan» компаниясының атынан 150 мың теңге көлеміндегі шығармашылық грантқа қол жеткізеді.
Жұмыстары бірінші іріктеу кезеңінен өткен және Львовтағы көрмеге қойылатын жеті қазақстандық суретші Копенгагендегі көрмеге қатысу үшін және «Portrait Now! 2018» байқауының бас халықаралық жүлдесі үшін таласқа түседі. Дарынды отандастарымызға сәттілік тілейміз!
корпоративтік қатынастар бойынша көшбасшы, ТОО "Carlsberg Kazakhstan" ("Карлсберг Казахстан" ЖШС)