Carlsberg, New Carlsberg және Tuborg қорлары ғалымдарға, мұражайларға және қоғамдық ұйымдарға коронавирус індетіне қарсы күрес бойынша күш-жігерді біріктіру үшін гранттар беруге мүдделі.
Карлсберг отбасының үш қоры COVID-19 індетінен туындаған мәселелерді шешуге көмек көрсетуге дайын. Бұл қорлардың қоғам елеулі сын-қатерлерге тап болған жағдайларда жауапкершілікті өз мойнына алуы — өте қалыпты. Жалпы қайырмалдық көлемі 95 миллион дат кронасын (13,81 млн. доллар) құрайды.
Жаңашыл зерттеулерді ынталандыратын және қолдайтын Carlsberg қоры коронавирусты зерттеу және оның таралуына қарсы күрес жөніндегі үш халықаралық жобаға 60 миллион дат кронасын бөлді.
Carlsberg қорының төрағасы профессор Флемминг Безенбахер: «COVID-19 үлкен жылдамдықпен тарап жатыр, сондықтан біз жаһандық мәселелерді шешуге үлес қосу үшін жетекші мамандар арасындағы ынтымақтастықты жедел ретке қоя алғанымыз үшін қуаныштымыз. Якоб Кристиан және Карл Якобсен «Карлсберг» негізін салушылар «Карлсберг» қорлары сияқты адамзат үшін дағдарысты жағдайларда әрдайым пайдалы болуға ұмтылған. Қазір біз бұрын-соңды болмаған әлемдік мәселелерді шешу және ұзақ мерзімді келешекке жұмыс істеу үшін ғалымдардың көмегіне мұқтажбыз».
корпоративтік қатынастар бойынша көшбасшы, ТОО "Carlsberg Kazakhstan" ("Карлсберг Казахстан" ЖШС)