3 мамыр, Алматы қ. – «FaceLook. Қазіргі портрет» көрмесінің - Carlsberg Kazakhstan компаниясының және Artmеken gallery ортақ жобасының ашылуы. Көрме халықаралық «Portrait Now! 2019» конкурсының оқшау кезеңінің қорытындысы болып табылады. Portrait Now! 2019 – бұл Carlsberg Фредериксборг (Дания) қамалындағы Ұлттық тарихи мұражай аумағында өткізетін сырашы Я.К.Якобсен атындағы 7-ші халықаралық конкурс. Алғаш рет осы портреттік сыйақы жалпы өнерге және жекелей алғанда жанр ретінде портретке қызығушылықты арттыру үшін 2007 жылы табысталған болатын.
2019 жылғы конкурсқа еліміздің әр аймағынан 58 қазақстандық суретші қатысты. Конкурстың аймақтың кезеңінің қорытындысы бойынша қазақстандық суретшілер Татьяна Трубачева, Сауле Сулейменова, Смаил Баялиев, Мадина Батырбекова, Зоя Фалькова, Динара Нугер, Кристина Яцко, Дмитрий Шороховтардың 8 жұмысы Львиварнда (Украина, Львов қ.) қойылды. 2019 жылдың мамыр-тамыз айларында осы жұмыстар Фредериксборг (Дания) қамалына көрмеге қойылатын, сондай-ақ, конкурстың басты сыйлықтары үшін сайысқа түсетін болады.
Жаһандық конкурс аясында Сarlsberg Kazakhstan «Төрешілер таңдауы» атты өз сыйлығын, сонымен қатар, From Waste to Art экологиялық номинациясын тағайындауға және Artmеken gallery-мен бірге Алматы қ.көрме ұйымдастыруға шешім қабылдады. Конкурстың қазақстандық кезеңінің қорытындысы бойынша «Төрешілер таңдауы» номинациясында 150 000 теңге көлеміндегі ақшалай сыйақыны Нұр-Сұлтан қаласының суретшісі Бахыт Бубиканова («Тойымсыз» видео-арты) және Сауле Малиева «Біз кімбіз? Сен не естисің?» туындысыме иеленді. Арнайы «From Waste to Art» сыйлығын шымкенттік Смаил Баялиев «Mask» (металл, сурет қағаз, май) жұмысы үшін алды.
4 - 12 мамыр аралығында Artmеken gallery-де «FaceLook. Қазіргі портрет» көрмесі өтетін болады. Көрмеге Portrait Now! 2019 конкурсының қазақстандық төрешілері таңдаған, түрлі техникаларда орындалған қазақстандық суретшілердің 18 жұмысы кірді. Көрме кураторы және қазақстандық төрешілер төрағасы – өнертанушы Валерия Ибраева. Валерия атап өтетіндей: «Портрет – бейнелеу өнерінің ең көне жанрларының бірі. Ежелгі египет өнерінен, римдық скульптуралық портреттен және фаюм энкаустикасынан (балауыз бояуларынан кескіндеме) бастап адамдар өзінің замандастарының бет-әлпетін кескіндеуге, оларды мәрмәрға, қолаға, тақтайға немесе кенепке бейнелеп қалуға тырысатын. Жалпы, портрет сөзінің өзі де ескі француз тілінде «дәлме-дәл айнытпай салу» деген мағына білдіреді.
Жанрдың дамуы қоғамның тарихи, саяси және идеологиялық өзгерістерімен шарттас болды: портрет жанр ретінде діни, мерекелік, тарихи, тұрмыстық, романтикалық болып бөлінеді. Адамның бет-әлпетін қарапайым бейнелеу міндеті едәуір күрделі–айбындылығын нақтылау, көңіл-күйін жеткізу, психологиялық сипаттау секілді сарындармен ауысты.
Жанрдың дамуында техника үлкен рөл атқарады –осылайша, едәуір арзан келетін май кескіндемесін ағайынды Ван Эйктар 15-ғасырда ойлап тапқаннан кейін, портреттік өнер демократизацияланды–енді өзінің суретін тек король ғана емес, қарапайым саудагер де салдыру мүмкіндігіне ие болды –осыдан келіп 16-ғасырдың голландтық мектебі өрлеп, Хальс, Рембрандт және Вермеер өнері жанданады.
19-ғасырдың соңғы үштен бір бөлігінде портрет өнеріне суреттің (фотосуреттің) пайда болуы елеулі ықпал етті –жанрдың негізгі міндеттерінің бірі «дәлме-дәл айнытпай салу» міндеті құнсызданып қалды.
Фотосуретпен жарыса отырып, 20-ғасырдың суретшілер күрделеніп жатқан адамның дүниені түсінігін, табиғат заңдарын ұғынудың, ғылымның, экономика, философия, саяси жүйелердің дамуын жеткізу үшін жаңа көркем құралдарды іздей бастайды. Арнасында Ренуар, Пикассо, Мунк, Дальдар адам образымен тәжірибелер жасайтын импрессионизм, кубизм, экспрессионизм, сюрреализм жанрлары туындайды. Дәл осы бағыттарда фотосурет және видео дами бастайды; модерн және әсіресе постмодерн дәуірінде осы техникалар суретшінің өз туындыларын жасауда қолданатын әдістер мен көптеген көркемдік құралдарының тізімінен өзіндік маңызды орынға ие болды».
Мария Горохова, Carlsberg Kazakhstan коммуникациялар жөніндегі менеджері: «Portrait Now! секілді жобалар– біздің Carlsberg компаниямыз үшін ерекше болып саналады. Олар біздің негізімізді салушы, кезінде өзінің өнер туындыларының коллекциясының арқасында әлемге танымал даттық Глиптотекаға бастама ашқан сырашы және меценат Я.К.Якобсеннің ісін жалғастыруға көмек береді. Ғылым мен өнерді, дарынды ғалымдар мен суретшілерді қолдау –біздің негізімізді қалаушымыз өз кезінде қосып кеткен компаниямыздың ДНҚ бөлігі деп айтуға болады. Және де осы дәстүрді қазіргі таңда, 170 жылдан кейін Сarlsberg Group кәсіпорындары жұмыс жасайтын басқа да нарықтарға тарата отырып жалғастыру жанымызға жайлылық орнатады».
көрме 2019 жылдың 4-12 мамыры аралығында өтеді. жұмыс уақыты 12.00-ден 19.00-ге дейін, демалыссыз. Мекенжай: ARTMEKEN GALLERY: Алматы қ., Назарбаев даңғ., 149 (Жамбыл көшесінен жоғары).
корпоративтік қатынастар бойынша көшбасшы, ТОО "Carlsberg Kazakhstan" ("Карлсберг Казахстан" ЖШС)