Menu

"Добрый Бобр" International Beer Challenge 2022 байқауының күміс медалін жеңіп алды

Керемет жаңалықпен қуана бөліскіміз келеді – біздің "Добрый Бобр" брендіміз International Beer Challenge 2022 беделді британ байқауының «Светлый лагер» санатында күміс медаль жеңіп алды!

International Beer Challenge – 2006 жылы Ұлыбританияда негізі қаланған халықаралық жүлде, қаптама сыраның әлемдегі ірі кәсіби дегустациялық байқауы. Қазылар алқасына сыраның бүкіл әлемнен жіберілген үлгілерінің дәмін сынайтын, сыра ашыту саласындағы атақты дегустаторлар мен халықаралық сарапшылар кіреді. Ал үздіктеріне жүлделер мен медальдар беріледі.

«IBC бүкіл әлемдегі ең керемет сыраға жүлде беріп, алға жылжытуға ұмтылу арқылы сыра қайнатушыларға сауда бизнес-серіктестеріне де, тұтынушыларға да сыраны таныстыруға мүмкіндік беретін мінсіз платформа ұсынады.»

Осы жылы "Добрый Бобр Крепкое" сырамыз World Beer Awards 2022 сайысында «Крепкий лагер» санатында алтын медаль алғанын есіңізге саламыз. Біз жыл сайын жергілікті брендтерімізбен бірнеше халықаралық сапа байқауына қатысамыз, қоржынымызда бірнеше жүлде орындары мен марапаттар бар.

Carlsberg Kazakhstan бүкіл тарихында жергілікті брендтеріміз қазақстандық және халықаралық байқаулардың лауреаттары атанып үлгерді. Олардың ішінде International Beer Challenge (Ұлыбритания), «Алтын сыра мөрі» халықаралық дегустациялық сайысының жүлдесі (Чехия), Australian International Beer Awards (Австралия) және тағы басқа беделділері бар.

Бұл жетістіктер мен марапаттар командамыздың жоғары кәсіби деңгейін және өніміміздің ымырасыз сапаға жетуге талпынысын айқындайды! Біз Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемдегі бәлкім ең үздік сыраны қайнатуды жалғастырамыз.

байланыстар

Байланысу үшін

корпоративтік қатынастар бойынша көшбасшы, ТОО "Carlsberg Kazakhstan" ("Карлсберг Казахстан" ЖШС)

Мария Горохова

Tel +7 (727) 321 01 00 (ішкі 289), моб. +7 777 551 0 289 Email [email protected]