Menu

COVID-19 вирусына қарсы жалпы майданмен: Carlsberg Group өзі қатысқан елдерде жергілікті қауымдастықтарды қалай қолдайды

Күннен-күнге Carlsberg үлкен отбасындағы компаниялар біздің ортақ мақсатымызды іске асыруда: «Ең жақсы бүгін мен ертең үшін сыра қайнатамыз». Бүгінде нарықтарымыз бүкіл әлем бойынша күш-жігерін біріктіріп, жергілікті қоғамдастықтарға арналған ең жақсы «ертең» үшін күресуде.

Күннен-күнге Carlsberg үлкен отбасындағы компаниялар біздің ортақ мақсатымызды іске асыруда: «Ең жақсы бүгін мен ертең үшін сыра қайнатамыз». Бүгінде COVID-19 індетінен туындаған дағдарысқа қарсы әрекет ету үшін бүкіл әлем бойынша біздің нарықтарымыз бен қызметкерлеріміз қоғамды қолдау үшін күш-жігерін біріктіріп, жергілікті қоғамдастықтардың ең жақсы «ертеңі» үшін күресуде. Біз бұл шолуда әртүрлі елдерден осындай мысалдарды сіздер үшін жинадық.

ШЫҒЫС ЕУРОПА

Шығыс Еуропада біз жоғары қауіптілік аймағында орналасқан медициналық мекемелер мен қарт адамдарға көмектесеміз. Біз брендтер топтамасынан алкогольсіз сусындар мен санитарлық қорғау құралдарын сыйға тартамыз. Біз қайырымдылық қорларымен, үкіметтік емес ұйымдармен, еріктілер орталықтармен және COVID-19-пен күрес бойынша жергілікті штабтармен ынтымақтасамыз.

ҚАЗАҚСТАН

Carlsberg Kazakhstan Алматы ауруханаларының медицина қызметкерлеріне арнап 300 медициналық көзілдірік сатып алды. Оқшаулаудағы адамдарға көмектесетін жергілікті еріктілерге «Балтика 0» Flash табыс Up сусынының 1080 құтысы табыс етілді.

Рисунок6.png

РЕСЕЙ

 2.jpg«Балтика» індет кезінде халыққа қолдау көрсетуге бағытталған "Қашықтыққа қарамастан, бірге қаламыз" атты әлеуметтік науқанын — серіктестермен, қоғамдық ұйымдармен және мемлекеттік органдармен диалогта ұйымдастырды. 

«Балтика» «Старость в радость» қайырымдылық Қорымен және ярославиялық Қайырымдылық және денсаулық қорымен бірлесіп 310 000 медициналық бетперде, 15 500 жұп қолғап, 13 000 жұп бахила, сондай-ақ Тула, Ростов, Ярославль және Воронеж облыстарында 8 өңірлік қарттар үйіне дезинфекция және гигиена құралдарын сатып алуға, сондай-ақ жалғыз басты қарт адамдарға азық-түлік жеткізетін Новосібір еріктілерін қажетті санитарлық қорғаныс құралдары - 2000 медициналық бетпердемен және 4000 жұп қолғаппен қамтамасыз етуге жәрдемдесті. Хабаровскте «Балтика» карантиндегі адамдарға 2000 бөтелке су, квас және лимонад жеткізді, «Красный Крест» еріктілеріне жалғыз басты қарт адамдарға азық-түлікті қауіпсіз жеткізу үшін 4200 бетпердемен, 4200 жұп қолғаппен көмектесті.

Компания сондай-ақ Burger King «Помощь медикам» науқанына қосылды және Санкт-Петербург пен Мәскеудегі жедел жәрдем қызметкерлері мен дәрігерлердің түскі асына 35 000 құты алкогольсіз сусындар және 58 000 бөтелке су жіберді — серіктеспен ынтымақтастықта компания коронавирус індеті жағдайында бұрын-соңды болмаған жүктемемен жұмыс істеп жатқан барлық дәрігерлерге алғыс білдіреді.

«Живой» қайырымдылық қорымен бірлесіп, компания Санкт-Петербургтегі С. П. Боткин атындағы клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасына 50 000 бөтелке су жібереді және 100 респиратор, 30 қалқан, 30 медициналық костюм, сондай-ақ коронавирус жұқтырған пациенттерді қабылдауға арналған бөлімше ашылған қалалық Соғыс ардагерлерінің госпиталіне арнап 2000 жұп медициналық қолғап және 1000 бахила сатып алуға көмектесті.

УКРАИНА

Carlsberg Ukraine Киев, Львов және Запорожье ауруханалары үшін 8000 костюм, сондай-ақ Запорожье және облыстың ауруханалары үшін 3 ӨЖЖ аппараты мен оттегі концентраттарын сатып алуға 195500 АҚШ долларын жіберді. Қорғаныс құралдары медициналық мекемелерге түсе бастады, көмектің бүкіл көлемі ай соңына дейін ауруханаларға берілетін болады.

Медицина қызметкерлеріне түскі ас жеткізуді қамтамасыз еткен il Molino пиццериясы серіктестік желісімен, «Красный Крест» украиндық бөлімшесімен, Let's Help қайырымдылық қорымен бірге «Тарас» квасының 3000 бөтелкесі ауруханалар қызметкерлеріне, аз қамтылған отбасылар мен қарт адамдарға берілді.

Рисунок1.png

 

 

 

 

 

 

 

 

 

БЕЛАРУСЬ

Carlsberg Alivaria минск ауруханаларының медицина қызметкерлеріне таратылатын түскі ас жинақтарына «Аливарский Квас» сусынының 1320 бөтелкесін қосу арқылы өз сауда клиентінің «Собери обед доктору» бастамасымен қосылды.

Рисунок3.png

Сонымен қатар, Минск жұқпалы аурулар ауруханасына 990 жұп бахила, 5000 медициналық қолғап, 1200 медициналық бас киім, 1440 медициналық бетперде, 270 респиратор және 6 инфрақызыл термометр жіберілген болатын.

ӘЗІРБАЙЖАН

Carlsberg Azerbaijan Апшерон ауданының қарттары мен аз қамтылған тұрғындарына және 65 жастан асқан Carlsberg Azerbaijan қызметкерлеріне 510 азық-түлік жиынтығын жеткізді.

Рисунок8.png

АЗИЯ

Жаңа індетке бәрінен ерте тап болған Азия аймағы да қиын-қыстау кезеңді бастан өткізуде, және Азиядағы Carlsberg компаниялары барлық күш-жігерімен жергілікті қоғамдастықтарға қолдау көрсетеді.

ВЬЕТНАМ

Carlsberg Vietnam «Festival Beer» брендін COVID-19 вирусына қарсы күреске көмек ретінде 85 000 АҚШ долларын қайырымдылыққа жұмсап, іске қосты.

14 сәуірде Carlsberg Vietnam және оның флагмандық бренді Huda Орталық Вьетнамда COVID-19 вирусына қарсы күреске қолдау көрсету үшін 85 000-ға жуық АҚШ долларын қайырымдылыққа жұмсады.

Қайырымдылық «Festival Beer» брендін іске қосуға және оның Орталық Вьетнамдағы мерекелік іс-шаралары үшін арнайы әзірленген жаңа өнімдер топтамасына орайластырылған болатын.

Бұл қайырымдылық Орталық Вьетнамның 5 провинциясында коронавирусқа қарсы күрес үшін медициналық жабдық пен қорғаныс құралдарын сатып алуға бағытталатын болады.

МАЛАЙЗИЯ

Carlsberg Malaysia неғұрлым қауіпсіз мектептерді қамтамасыз ету бойынша күш-жігерге 345 000 АҚШ долларын сыйға береді. Carlsberg Malaysia «Благотворительная десятка» науқанына қоғамдастықты тарту жөніндегі өзінің флагмандық жобасы аясында бүкіл Малайзиядағы жүздеген қытай бастауыш мектептерінің оқу қызметін жаңғыртуға көмек көрсету үшін 345 000 АҚШ долларын сыйға беретіні туралы хабарлады.

Бағдарламаға қатысушы мектептер қол термометрлерін және тұтқалар, асханалар, сынып бөлмелері, дәретханалар, кітапханалар, зертханалар сияқты және т. б. қауіптілігі жоғары аймақтарда толық дезинфекциялық қызмет көрсетуді сыйға алады, бұл бүкіл ел бойынша мыңдаған оқушылар үшін инфекциясыз ортаны қамтамасыз етеді.

ЛАОС

26 наурызда Lao Brewery Co. (LBC) Вьентьянда Лаос Үкіметі мен елдің медицина қызметкерлеріне коронавирусқа қарсы күресте қолдау көрсету үшін 223 000 АҚШ долларын бөлуге міндеттенді.​

ҚЫТАЙ

7 ақпанда Carlsberg Group коронавирус індетіне қарсы күрес бойынша Қытайдың күш-жігерін қолдауға 700 000 АҚШ доллары көлемінде ақшалай қайырымдылық туралы жариялады. Бұл сома Carlsberg China қайырымдылығының 400 000 долларын және Chongqing Brewery Company Limited компаниясының 300 000 долларын қамтиды.

БАТЫС ЕУРОПА

Carlsberg құрамында 16% алкоголь бар шамамен 17,2 мың литр Somersby сидр шарап негіздерін Даниядағы «Нюборг» күшті спирттік ішімдіктер зауытына — қолға арналған дезинфекторды өндіру үшін жіберді.

Carlsberg, атап айтқанда, Carlsberg Foundation, New Carlsberg Foundation және Tuborg Foundation қорлары COVID-19 пандемиясымен күреске 13,8 млн АҚШ долларын қайырымдылықпен сыйға тартты. Гранттар коронавирус пандемиясының салдарын жұмсарту және болашақта індеттің дамуын болдырмау үшін зерттеу жобаларын, ғылыми және мәдени орталықтарды, қоғамдық бірлестіктерді қолдауға бағытталған.

Фредериция.jpg

 

байланыстар

Байланысу үшін

корпоративтік қатынастар бойынша көшбасшы, ТОО "Carlsberg Kazakhstan" ("Карлсберг Казахстан" ЖШС)

Мария Горохова

Tel +7 (727) 321 01 00 (ішкі 289), моб. +7 777 551 0 289 Email [email protected]