Menu

CARLSBERG ЖӘНЕ «ЛИВЕРПУЛЬ» ФК СЕРІКТЕСТІГІН 31-МАУСЫМҒА ДЕЙІН ҰЗАРТЫП ЖАТЫР

Carlsberg және «Ливерпуль» футбол клубы 2023-24 маусымның соңына дейін Сыраның ресми маркісі ретінде Carlsberg рөлін сақтай отырып, әлемге әйгілі серіктестік қатынастарын тағы бес жылға ұзарту туралы келісімге келді.

Жаңа келісім 1992 жылы басталған Премьер-лигадағы ең ұзақ серіктестік қатынастарға негізделген. Сол уақыттан бері Carlsberg   компаниясы команданың демеушісі болып келеді.   Әлемдік серіктес ретінде Carlsberg  компаниясы дүниежүзі бойынша жанкүйерлермен халықаралық кампанияларды және жергілікті маңыздылыққа ие іс-шараларды өткізу жолымен серіктестікті жалғастыратын болады.

Джессика Спенс, Carlsberg компаниясының коммерциялық директоры былай дейді: «Carlsberg  және  «Ливерпуль» ФК арасындағы қарым-қатынастар аңызға айналған және де біз ширек ғасырдан астам осы отбасының бір бөлігі болып келе жатқанымызды мақтан тұтамыз.  Клубты келешекте не күтіп тұрғанын біз толғана күтеміз және жер бетінің түкпір-түкпіріндегі жанкүйерлерге естен кетпес естеліктер сыйлау үшін арамыздағы серіктестік қатынастарда пайдалануға үміттенеміз».  

Серіктестік қатынастар мерзімін ұзартуға қатысты өз пікірін білдіре отырып, «Ливерпуль» футбол клубының Басқарушы директоры әрі коммерциялық директоры Билли Хоган «Біз Carlsberg   компаниясымен арамыздағы серіктестік қатынастарды рекордтық отыз бірінші маусымға дейін жалғастырғанымызды мақтан тұтамыз»,-дейді.

«1992 жылдан бастап біз Carlsberg  компаниясымен бейілді қатынасты сақтап келеміз және осындай ұзақ мерзімді серіктестік Клуб пен аты аңызға айналған бренд арасындағы берік және тарихи байланыстың айқын дәлелі. Біз Carlsberg  компаниясының «Ливерпуль» футбол командасының  тұрақты отбасы мүшесіне айналғанына қуаныштымыз және қарым-қатынастарымызды біріге нығайтудың жалғасын асыға күтетін боламыз».

Carlsberg компаниясы аты аңызға айналған менеджер Билл Шенклидің ойынды қызыл түсті формада ойнау шешімін тойлау үшін «Ливерпуль» ФК жанкүйерлері үшін арнайы дайындалған,қызыл заттаңбасы бар қызыл бөтелкедегі қызыл сыраның шектеулі сериясын шығарып, «Ливерпуль» жанкүйерлері үшін арнайы өз өнімін шығаруда қызыл түсті  пайдаланған болатын. Толық ақпарат  carlsberg.com/allred.

Carlsberg және  «Ливерпуль» ФК компаниясы арасында серіктестік басталғалы бері:

  • «Ливерпуль» ФК бір Европа Кубогын (2005), екі Англия Кубогын (2001, 2006), төрт Лига Кубогын (1995, 2001, 2003, 2012) және бір УЕФА Кубогын ұтып алды (2001).
  • Ян Раш әлемнің үздік бомбардирі атанды (1992 жылғы 18 қазанда Манчестер Юнайтедке қарсы матчта).
  • Клубта Робби Фаулер және Стивен Джеррард секілді аты аңызға айналға футболшылар алғаш өнер көрсетіп, мансабын аяқтағанша осы клубта болды.

байланыстар

Байланысу үшін

руководитель функции корпоративных отношений, ТОО «Carlsberg Kazakhstan (Карлсберг Казахстан)»

Надежда Овсянникова

Tel +7 (727) 321-01-00 (вн. 252), моб. +7 777 551 0 252 Email [email protected]