Menu

CARLSBERG KAZAKHSTAN КОМПАНИЯСЫ ӨНДІРІСТІК ҚУАТТАРДЫ КЕҢЕЙТУ ЖӘНЕ АЛКОГОЛЬСІЗ ӨНІМ ӨНДІРІСІН ЖЕРГІЛІКТЕНДІРУ ЖӨНІНДЕГІ ЖОБАНЫ АЯҚТАУДА

2024 жылғы сәуірде Carlsberg Kazakhstan компаниясы алюминий құтыға құюдың жаңа желісін өнеркәсіптік іске қосуды жүзеге асырды. Технологиялық желілерді жаңғырту және алкогольсіз газдалған сусындар өндіруге арналған жаңа Цех салу нәтижесінде зауыттың өндірістік қуаты 30%-ға, жылына 2,3 млн гектолитрден 3 млн гектолитрге дейін өседі. Жобаны іске асыруға шамамен 22 млрд. теңге инвестицияланды, 60 жаңа жұмыс орны құрылды. Мұнымен қоса, алдағы айларда ҚР қолданыстағы заңнамасына енгізілген қажетті түзетулер күшіне енгеннен кейін жоба келесі кезеңге — Қазақстан мен экспорттық нарықтардың қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін алкогольсіз сыра өндірісінің басталуына көшеді. 

Carlsberg Kazakhstan компаниясы қазақстандық сыра нарығындағы өз позицияларын нығайту бағытын жалғастыруда, сондай-ақ қазақстандық өнімнің экспорттық әлеуетін арттыруда. 2023 жылдың қорытындысы бойынша компанияның қайталама сатылымдарының жалпы көлеміндегі экспорт үлесі 26% дейін өсті (лицензия бойынша өндірілген брендтердің экспорттық сатылымдарын қоса алғанда).

Жаңа Цех пен жаңа құю желісін іске қосудан басқа, жоба аясында қолданыстағы құтыға құю желісін жаңғырту жүзеге асырылды, аталмыш желіде енді компания өнімдерін 0,9 мл ұлғайтылған пішімдегі құтыға құю мүмкіндігі пайда болды.

Айта кету керек, Қазақстандағы «Сыра» санатының жалпы сатылымында қапталған сыра нарығы әлі де негізгі болып қала береді: сыра нарығының 60% жуығы қапталған сыра сатылымына, 40% жуығы кегаларға құйылған сыра сатылымына келеді[1].

Қазақстандағы қапталған сыра нарығы сегментінің ішінде бірнеше жылдан бері алюминий құты танымал (қапталған сыра нарығының шамамен 70%[2]) — бұл факті тұтынушылардың қалауына байланысты — құтыдағы сыра тез салқындайды, ыңғайлы ашылады және сатып алу орнынан үйге немесе басқа тұтыну орнына дейін оңай тасымалданады. Сондықтан құтыға құюдың жаңа желісін іске қосу Carlsberg Kazakhstan компаниясына қазақстандық тұтынушылар арасында ең танымал қапталған сыра сегментіндегі көлемін одан әрі сәтті ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Жаңа құю желісінің салтанатты ашылу рәсімі 2024 жылғы 19 сәуірде компанияның Алматы қаласындағы зауытында өтеді. Іс-шараға дипломатиялық миссиялардың, республикалық және жергілікті мемлекеттік органдардың, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, салалық қауымдастықтардың өкілдері, сондай-ақ Carlsberg Group Орталық пен Шығыс Еуропа және Үндістан аймағының басшылығы қатысады.

Carlsberg Kazakhstan президенті Вячеслав Мальцев атап өткендей: «Біз осындай ауқымды жобалардың қазақстандық сусындар өндірісі индустриясына жаңа озық технологияларды әкеліп, сапа стандарттарын жоғары деңгейде дамыта және қолдай отырып, жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік беретініне қуаныштымыз. Біздің құтыға құю бойынша жаңа желіміз өнімдерді 0,43 мл және 0,33 мл екі құты пішіміне құятын болады, желінің өз жылдамдығы: қазіргі таңда зауытта жұмыс істеп тұрған екі ағымдағы құю желісінен 30% жоғары және процестерді автоматтандырудың жоғары деңгейі есебінен оған сол қызметкерлер саны қызмет көрсетеді. Бұдан бөлек, жаңа желіде құтыларды судың орнына ауамен тазарту құрылғысы орнатылған, бұл құнды табиғи ресурс болып табылатын суды үнемдеуге мүмкіндік береді. Табиғи ресурстарды сақтау біздің ОРНЫҚТЫ БОЛАШАҚҚА БІРГЕ атты орнықты дамудың корпоративтік стратегиямыздың ажырамас бөлігі болып табылатынын атап өту маңызды, оны Carlsberg Group компаниялары  соңғы жылдар ішінде әлемнің түрлі елдерінде табысты жүзеге асырып келеді. 2015 жылдан бастап Carlsberg Kazakhstan өз өндірісіндегі судың меншікті тұтынылуын 51% қысқартуға қол жеткізді және құтыларды ауамен тазартатын жаңа желіні іске қосу суды одан әрі үнемдеуге көмектесе отырып, бизнесіміздің экологиялық тұрақтылығын арттыратынына сенімдіміз».



[1] 2023 жылғы қаңтар-желтоқсандағы Carlsberg Kazakhstan нарығының ішкі сараптамалық бағасы

[2] 2023 жылғы қаңтар-желтоқсандағы Carlsberg Kazakhstan нарығының ішкі сараптамалық бағасы

байланыстар

Байланысу үшін

корпоративтік қатынастар бойынша көшбасшы, ТОО "Carlsberg Kazakhstan" ("Карлсберг Казахстан" ЖШС)

Мария Горохова

Tel +7 (727) 321 01 00 (ішкі 289), моб. +7 777 551 0 289 Email [email protected]