Menu

Carlsberg Kazakhstan: бизнес-қорытындылар және 2024 жылы тұрақты даму стратегиясының мақсаттарына қол жеткізу мәртебесі

2024 жылдың қорытындылары

Қазақстандағы сыра нарығындағы позициялар. 2024 жылдың қорытындысы бойынша Carlsberg Kazakhstan Қазақстандағы жетекші сыра өндірушілерінің қатарында қалды, нарықтағы үлесі 35,8%1-ға жетті. Бұл Қазақстандағы сыра нарығының 7,1%1-ға төмендеуіне және бағаның айтарлықтай өсуіне (+14,8%2) қарамастан жүзеге асты.

Энергетикалық сусындар сегментінің дамуы. Компания энергетикалық сусындар санатындағы позициясын нығайтып, нарықтағы үздік үштікке енді. Бұл бағыт функционалды сусындарға тұтынушылардың қызығушылығының артуына байланысты болашағы зор болып қала береді.

Экономикаға үлес және салық түсімдері. Carlsberg Kazakhstan елдегі ең ірі 50 салық төлеушінің қатарына кіреді және ең ірі шетелдік салық төлеушілер арасында ТОП-20-ға енеді. 2024 жылы мемлекет бюджетіне 32,4 млрд теңгеден астам салық және басқа да міндетті төлемдер аударылды, бұл компанияның Қазақстан экономикасының дамуына қосқан үлесінің маңыздылығын көрсетеді.

2024 жылдың негізгі нарықтық трендтері

• Құйылған сыраның танымалдығы артып келеді. Құйылған сыраның үлесі 3 п.п.-ға артып, 42%[1]-ға жетті, бұл мамандандырылған дүкендердің көбеюімен байланысты. Қазақстандық тұтынушылар құйылған сыраны бөтелкедегі сыраға қарағанда балғын және литрлік бағасы бойынша қолжетімді деп қабылдайды.

Қаптамадағы сыра жетекші позициясын сақтайды. Ол нарықтың 58%[2]-ын құрайды, оның ішінде 70%1 алюминий банкілерге тиесілі, өйткені оларды тасымалдау және пайдалану ыңғайлы.

• Сату арналарының теңгеріміндегі өзгеріс. Соңғы жылдары алғаш рет дәстүрлі бөлшек сауда (шағын дүкендер) заманауи бөлшек саудамен (супермаркеттермен) теңесті. Бұл супермаркеттердің санының өсуінің баяулауымен және онлайн сатып алудың танымалдығының артуымен байланысты.

Тұрақты даму және экологиялық бастамалар

Carlsberg Group «Тұрақты болашаққа бірге» жаһандық бағдарламасын жалғастырып, алты негізгі бағытты жүзеге асыруда: көміртек ізі НӨЛ, фермерлік із НӨЛ, қаптама қалдығы НӨЛ, судың жоғалуы НӨЛ, жауапсыз тұтыну НӨЛ, жазатацым оқиғалар НӨЛ.

2024 жылы Carlsberg Group қол жеткізген нәтижелер:

• 2022 жылмен салыстырғанда өндірістік тізбектегі CO₂ шығарындылары 3%-ға қысқарды.

• Регенеративті арпаны пайдалану екі есе артты – 2023 жылы 6000 тоннадан 2024 жылы 12 000 тоннаға дейін.

• Қаптаманы қайта өңдеу деңгейі өсті – шыны бөтелкелер мен алюминий банкілердің 76%-ы жиналып, қайта өңдеуге жіберілді.

• Су тұтыну оңтайландырылды – жоғары тәуекелді аймақтардағы сыра қайнату зауыттарында пайдаланылған судың 16%-ы қалпына келтірілді.

• Төмен және алкогольсіз сусындар сегментінің өсуі – олардың үлесі табиғи ашыту арқылы өндірілген өнімдердің жалпы көлемінің 30%-ына жетті.

• Жұмыс уақытын жоғалтумен байланысты өндірістік жарақаттардың саны 2023 жылмен салыстырғанда 15%-ға азайды.

 

Экологиялық жоба «Мөлдір су»

2016 жылдан бастап Carlsberg Kazakhstan «Мөлдір су» экологиялық жобасын жүзеге асырып келеді, оның мақсаты – Қазақстан су айдындарының жағалауларын тазарту. 9 жыл ішінде Балқаш пен Алакөл сияқты ірі көлдерде экологиялық акциялар ұйымдастырылды. Жобаға шамамен 1900 ерікті қатысты, 170 тоннадан астам қоқыс жиналып, оның бір бөлігі қайта өңдеуге жіберілді.

 

Carlsberg Group жалпы нәтижелері

 

Carlsberg Group бас директоры Якоб Ааруп-Андерсеннің айтуынша:

«Біздің негізгі нарықтарымыздағы күрделі жағдайға қарамастан, 2024 жылдың нәтижелеріне қанағаттанамыз. Біздің қызметкерлеріміздің еңбекқорлығы мен компанияның тұрақтылығы жалпы пайда өсімін қамтамасыз етіп, коммерциялық инвестицияларды арттыруға және операциялық пайданың органикалық өсуіне қол жеткізуге мүмкіндік берді».

Carlsberg Group 2024 жылғы негізгі көрсеткіштері:

·       Жалпы көлемнің органикалық өсуі: +0,4%

·       Түсімнің органикалық өсімі: + 2,4%

·       Түсімнің гектолитрге өсуі: + 2% 

·       Операциялық пайданың өсуі: + 6% 

Егер Carlsberg Group бизнесі ұсынылған әлемнің негізгі өңірлері бөлінісінде 2024 жылдың нәтижелері туралы айтатын болсақ, онда Азиядағы органикалық көлемнің жалпы өсімі 2024 жылы: -1,0%, Батыс Еуропада -1,1%, Орталық және Шығыс Еуропа мен Үндістанда (бұл аймаққа Carlsberg Kazakhstan жатады): +4,0% құрады.



[1] Carlsberg Kazakhstan компаниясының қаңтар-желтоқсан 2024 жылға арналған ішкі сараптамалық бағалауы (жергілікті ойыншылар).

[2] ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының мәліметтері.

байланыстар

Байланысу үшін

корпоративтік қатынастар бойынша көшбасшы, ТОО "Carlsberg Kazakhstan" ("Карлсберг Казахстан" ЖШС)

Мария Горохова

Tel +7 (727) 321 01 00 (ішкі 289), моб. +7 777 551 0 289 Email [email protected]