Биыл үш бірдей брендіміз сарапшылар тарапынан жоғары бағаға ие болды
Халықаралық дәм институты (International Taste Institute, Брюссель) тұтыну өнімдерінің дәмін бағалайтын ең беделді халықаралық жүлделердің бірі — Superior Taste Award 2025 жеңімпаздарын жариялады.
Қазылар алқасын құрайтын 250-ден астам бас аспаз бен сомелье қаптамасыз және атаусыз өнімдерді көрмей-білмей таңдау әдісімен бағалайды. Әрбір қатысушыға алған қорытынды бағасының нәтижесіне қарай дәмдік қасиеттері үшін 1-ден 3 жұлдызға дейін беріледі.
Биыл үш бірдей брендіміз сарапшылар тарапынан жоғары бағаға ие болды:
∙ Holsten Light – ⭐⭐
Сергітетін, жұмсақ, жағымды әрі оңай ішілетін сыра демалысқа және достармен уақытты жағымды өткізуге керемет жарайды. Ұқсас өнімдерден айтарлықтай асып түсетін көрнекті өнім ретінде «Екі жұлдыз» рейтингіне ие болды (бағасы 85,8%).
∙ Жатецкий Гусь светлый – ⭐⭐
Жеңіл дәстүрлі дәмі бар ашық лагер. Сыра атақты чех хош иісті құлмағын қосу арқылы түпнұсқа рецепт бойынша қайнатылған. Оны пайдалану сыраға ерекше жұпар иіс пен жеңіл ашқылтым дәм береді, сонысымен ол жағымды ішіледі. «Екі жұлдыз» рейтингіне ие болды.
∙ Дербес Крепкое – ⭐
1999 жылдан бері ең жоғары сыра қайнату стандарттары бойынша және тек табиғи ингредиенттерден өндіріледі. Өз сегментіндегі сусынның жоғары сапасы үшін «Бір жұлдыз» рейтингін алды.
Біз үшін байқауға қатысу өнімдеріміздің сапасы мен дәміне қатысты маңызды сынақ болды. Біз бұл «дәм емтиханынан» жоғары нәтижемен өткенімізді мақтан тұтамыз!