Жауапкершілігі жоғары өндіруші ретінде Carlsberg Kazakhstan компаниясы жыл сайын корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік және тұрақты даму саласындағы жобаларды жүзеге асырады. Көптеген қазақстандық компаниялар мен қарапайым қазақстандықтар секілді біз де COVID-19 пандемиясымен күресте көмек беру үшін өз үлесімізді қостық.
Осы жылдың көктемінде компаниямыз 300 қорғаныштық көзілдірік сатып алып, Алматы қаласының медициналық ұйымдарына таратты, сондай-ақ өз өнімдерін (Балтика 0 және FlashUp брендтері) пандемиямен күрестің алғы шебінде болған адамдарға –барлық мұқтаж жандарға азық-түлік жинақтаумен және жеткізумен айналысқан волонтерлерге, бетперде және қорғаныш костюмдерін тігетін цехтардың жұмыскерлеріне, блок-бекеттердің қызметкерлеріне –тегін үлестірді.
Қазіргі таңда коронавирустық инфекцияның болжамдалған күзгі «екінші толқынына» дайындық аясында компания елдің медициналық техникадан тапшылық көріп отырған өңірлерін басымдық ретінде белгілей отырып, COVID-19 инфекциясын жұқтырғандарды тиімді емдеуге арналған медицина жабдықтарын жеткізуге көмек беруді ұйғарды.
Осы қайырымдылық жобасының аясында «Мейірім» ерікті қоғамы» қоғамдық қорымен ынтымақтаса отырып, 5 оттегі концентраторы мен 9 пульсоксиметр сатып алынды, олар Қордың көмегімен өңір тұрғындарын ойдағыдай емдеу үшін медициналық техникаға зәру Қарағанды қаласындағы «Гиппократ» госпиталінің инфекциялық стационарына және Теміртау қаласындағы облыстық жедел жәрдем станциясына табыс етілетін болады.