Біздің «4НӨЛ: Болашаққа бірге барамыз» (Together Towards Zero) бағдарламамызды «Тұрақты болашаққа бірге барамыз» (Together Towards Zero & Beyond) бағдарламаға ұластырып, дамыта келе, біз ауыл шаруашылығын тұрақты дамуымыздың тұрақты бағыты ретінде көрсеттік Осы шеңберде біздің Фермерлік із НӨЛ деген амбициямыз бар, мұның өзі біздің құн жасау тізбегіміздегі жаңа мақсаттар мен әрекеттерді, сондай-ақ 2030 және 2040 жылдарға қарай жаңа белестерді анықтайды.
Біз 2030 жылға қарай барлық шикізаттың 30%-ын, 2040 жылға қарай 100%-ын көздей отырып, тұрақты көздерден және ауыл шаруашылығын жүргізудің регенеративті әдістерінен шикізат алу арқылы одан сайын алға жүреміз.
«Фермерлік із НӨЛ» мақсатына жету үшін біз өткізетін іс-шаралар да артықшылықтарға ие болады, мұның өзі 2040 жылға қарай біздің бүкіл құн тізбегімізде нөлдік көміртегі ізіне қарай жылжуды жеделдетеді.
2030 |
2040 |
|
|
Едәуір тұраұты әдістер мен сертификаттарға көшкенде, фермерлер мен олардың қоғамдастықтарына қолдау көрсету, бұл ретте олардың жұмсаған күш-жігері үшін әділ марапаттауға кепілдік беру.
Регенеративті ауыл шаруашылығын жаңа қалыпты жағдай ретінде жеделдету үшін, өз жеткізушілерімізбен және серіктестермен ынтымақтастық орнату
Регенеративті әдістердің топырақ саулығын, биоалуантүрлілікті және көміртегі секвестрін қалай жақсартуға болатыны туралы көбірек білім алу үшін, өз зерттеулеріміз бен әзірлемелерімізге инвестиция салу.
Клиенттер мен тұтынушыларды регенеративті ауыл шаруашылығының артықшылықтары туралы хабардар ету және оларды өз брендтеріміз бен сыраларымыз арқылы насихаттау.