Menu
Responsible Business Banner

Біздің бағдарымызға сай өмір сүру


Компаниямыздың қызметі тиімді корпоративтік басқару және бизнесті жауапты жүргізу қағидаттарына негізделген. Бұл қағидаттар экологиялық, әлеуметтік және корпоративтік жауапкершілік (ESG) саласындағы жұмысымыздың ғана емес, компания қызметінің барлық бағытының ажырамас бөлігі. Өз қызметіміздің барлық кезеңдерінде және бүкіл құн тізбегінде этикалық әрі адал жұмыс істеуге ұмтыламыз. Бұған нормативтік талаптарды сақтаудың тиімді жүйесі, айқын ішкі саясаттар және корпоративтік басқарудың сенімді жүйесі ықпал етеді.

2025 жылы Этика және мінез-құлық кодексін жаңартып, жаһандық корпоративтік саясаттар жүйесін оңтайландыру арқылы бизнесті адал жүргізу қағидаттарына деген ұстанымымызды нығайттық. Бұл бастама мұрамыз бен өсу мәдениетіміздің қағидаттарын бейнелейді, сонымен қатар талаптардың барлық қызметкерлер үшін түсінікті әрі қолжетімді болуын қамтамасыз етеді.

Адам құқықтары


Carlsberg Group-та адамдарға деген құрмет — іскерлік тәжірибеміздің ажырамас бөлігі. БҰҰ-ның Жаһандық шартына қатысушы ретінде біз оның адам құқықтары саласындағы қағидаттарын қоса алғанда, 10 қағидатын ұстанамыз. Сондай-ақ БҰҰ-ның кәсіпкерлік қызмет және адам құқықтары саласындағы басшылық қағидаттарын (UNGP) басшылыққа аламыз және олардың сақталуына тұрақты негізде кешенді тексеру жүргіземіз.

Адам құқықтары саласындағы саясатымызға сүйене отырып, өз қызметімізде де, жеткізушілермен жұмыс барысында да адамдарға тигізетін теріс әсерді анықтауға, оның алдын алуға және жоюға ұмтыламыз. Тәсіліміз бен қол жеткізген нәтижелеріміз туралы екі жылда бір рет жарияланатын адам құқықтары жөніндегі есепте ашық баяндаймыз.

Жеткізушілерді таңдауға жауапты тәсіл


Біз әлемнің түкпір-түкпіріндегі ондаған мың жеткізушімен ынтымақтасамыз. Бұл іскерлік серіктестер өнімдеріміз үшін шикізат пен қаптама материалдарын жеткізеді, логистикалық қызмет көрсетеді, сондай-ақ қызметіміздің үздіксіздігін қамтамасыз ететін өзге де тауарлар мен қызметтерді ұсынады. Құндылықтарымызды бөлісетін және бизнесті жауапкершілікпен жүргізуге бейілді жеткізушілерді іздейміз.

Бізбен ынтымақтасу үшін олар Жеткізушілер мен лицензиаттардың мінез-құлық кодексінде және соған қатысты техникалық стандарттарда белгіленген талаптарға сай болуы, сондай-ақ бұл талаптардың өз жеткізушілері тарапынан да сақталуын қамтамасыз етуі тиіс. Нақты талаптар белгілей отырып, тәуекелі жоғары салалардағы тиісті тексеру үдерістерін бірлесіп жетілдіреміз және бүкіл құн тізбегі бойынша жұмыс стандарттарымызды жақсарту үшін серіктестермен ынтымақтасамыз.

Explore our ambitions

Cutting Carbon

Cutting Carbon

We are committed to reducing emissions and building climate resilience across our value chain. With concrete targets covering our own operations and suppliers, Cutting Carbon sets out our path towards a circular and net zero future.

Inspiring Choice

Inspiring Choice

We innovate to enable informed and mindful consumption. Through clear information, consumer engagement and a diverse portfolio, we support responsible choices across no and low alcohol and no and low sugar beverages.

Empowering People

Empowering People

We are building a safe, respectful and inclusive growth culture where everyone can thrive. Our focus is on safety, wellbeing, inclusion and opportunities for people across our value chain.