"Carlsberg Kazakhstan (Карлсберг Қазақстан)" ЖШС компанияның сыра брендтері тұтынушылардың мұқтаждылықтарын қанағаттандыру және олардың ішімдік сусындарын жауапты түрде тұтынуы үшін әзірленген деп санайды. Сыра ішімдіктері 21 (жиырма бір) жасқа жеткен, ішімдікті пайдалануға жауапты қарайтын тұтынушыларға ғана арналған. Осы қағидатты бұзудың кез келген жағдайларына жол бермеу керек.
https://carlsbergkazakhstan.kz (Сайт) "Carlsberg Kazakhstan (Карлсберг Қазақстан)" ЖШС-мен (бұдан әрі –біз, біздің) басқарылады. Біздің компания Қазақстанда тіркелген, компания нөмірі 21908-1910-ТОО (ИУ), Алматы қ. 050014, Қазыбаев көшесі, 270 В мекенжайы бойынша орналасқан. Қажеттілік бойынша біздің үлестес тұлғаларымыз біздің Сайтымызда жұмыс істей алады немесе оның дамуына септігін тигізе алады. Біздің үлестес тұлғаларымыз – бұл еншілес компанияларымыз бен холдинг компаниялардың кез келгені, сонымен қатар, осындай холдинг компаниялардың кез келген еншілес компанияларының бірі.
Осы пайдалану шарттарында (осы жерде сілтеме жасалатын құжаттармен бірге) сіз пайдалану шарттарын табасыз, осы шарттар негізінде сіз Сайтты қонақ не тіркелген пайдаланушы ретінде пайдалана аласыз. Біздің Сайтты пайдалану дегеніміз - Сайтқа қолжетімділік, оны қарау немесе Сайтты пайдалану үшін оған тіркелу.
Біздің Сайтты пайдалануды бастамамас бұрын, осы пайдалану шарттарын мұқият оқыңыз, себебі олар Сіздің біздің сайтымызды пайдалануға қатысты. Сонымен қатар, біздің құпиялық саясатымызбен немесе cookie файлдарына қатысты саясатпен танысуды, сонымен қатар, әрі қарай пайдалану үшін осы құжаттың көшірмесін басып шығаруды ұсынамыз.
Біздің сайтымызға қолжетімділік алып және оны пайдалана отырып, сіз осы пайдалану шарттарымен келісетініңізді және оларды сақтауға келісетініңізді растайсыз. Іске пайдалану шарттары сіз бен біздің арамыздағы заңды рәсімделген келісім болып табылады, ол тек біздің келісімімізбен ғана өзгертіле алады. Аталған шарттар төменде көрсетілген басқа тиісті шарттармен, сонымен қатар, Біздің сайтта орналастыылған, Сайттың қалай жұмыс істейтіндігі және қолжетімді қызметтер туралы деректермен бірге қарастырылады.
Сіз осы пайдалану шарттарымен келіспеген жағдайда, осы Сайтты пайдалануды тез арада тоқтатуды сұраймыз.
Осы пайдалану шарттары біздің Сайтымызды пайдалануға қатысты болатын келесідей қосымша талаптарға да қатысты:
Біздің пайдалану шарттарымыз бен Сайттың өзгерістері
Біз алдын-ала ескертусіз, Сайтымызда өзгерте отырып осы пайдалану шарттарын мерзімді түрде өзгертуге құқылымыз. Осы парақшаны жиі түрде тексеріп отырыңыз және енгізілген өзгерістерге назар аударыңыз, себебі олар сіз үшін міндетті болып табылады.
Біз Сайтымызды мерзімді түрде жаңарта аламыз және кез келген сәтте оның мазмұнын өзгерте аламыз. Алайда, сайтымыздың кез келген контенті белгілі бір кезеңде өзексіз болып қалуы мүмкіндігін және біздің оны жаңартуға міндетті еместігімізді ескеріңіз.
Біздің сайтымыздың немесе оның контентінің қателер немесе өткізіп алуларды қамтымайтындығына кепілдік бермейміз.
Біздің сайт ақысыз негізде қолжетімді.
Біз Сайтымыздың немесе оның кез келген контентінің әрдайым және үздіксіз қолжетімді болатынына және қателерді қамтымайтындығына кепілдік бере алмаймыз. Сайтқа қолжетімділікке уақытша рұқсат етілген. Біз ескертусіз сайтымызды түгелдей немесе оның кез келген бөлігін уақытша тоқтата, өзгерте немесе мүлдем алып тастай аламыз. Егер де қандай да бір себептен біздің Сайт қандай да бір уақытқа немесе белгілі бір кезеңге қолжетімсіз болса, біз ол үшін сіздің алдыңызда жауапты болмаймыз.
Сіз біздің Сайтқа қолжетімділік алу үшін қажетті барлық шараларды қабылдауға жауапкершілікті өзіңізге аласыз. Сондай-ақ, Сіз Сайтымыздың кез келген контентінің бағдарламалық вирустарды және/немесе теріс не зиянды қасиеттері бар басқа кодты қамтымайтынына кепілдік бере алмайтынымызды және бермейтінімізді түсінесіз. Қауіпсіздікке және деректерді енгізу мен шығару сенімділігіне қойылатын ерекше талаптарыңыздың орындалуын қамтамасыз ету үшін, Сіз вирустардың болуына тиісті тексерістер мен рәсімдерді (оның ішінде антивирустық және басқа қауіпсіздік тексерістері) жүзеге асыруға жауапты боласыз.
Сонымен қатар, Сіз өзіңіздің Интернет-байланысыңыз арқылы Сайтқа қолжетімділік алатын барлық адамдардың осы пайдалану шарттары мен олардың осы талаптарға жауап беретіндігі туралы білуіне жауапты боласыз.
Біздің сайт Қазақстан Республикасында тұратын адамдарға арналған. Біз Сайтымызда немесе одан өткен кездегі қолжетімді контенттің басқа аймақтарда тиісті не қолжетімді болып табылатындығын көрсетпейміз. Біз кез келген уақытта Сайтымызда сипатталған кез келген қызмет не өнімге, кез келген тұлғаға не географиялық аумаққа қолжетімділікті шектей аламыз. Егер сіз жергілікті мемлекеттің сыртқы сілтемелері бойынша Сайтымызға қолжетімділік алуға бел бусаңыз, сіз бұны өз тәуекеліңізге орай жасайсыз.
Түрлі сипаттағы вирустарды (трояндар және т.б.), логикалық бомбаларды және зиянды кодты қамтитын басқа деректерді саналы түрде енгізу жолымен біздің сайтты теріс пайдаланудың қажеті жоқ. Біздің Сайтымызға рұқсатсыз қолжетімділік алуға немесе оның тиісті жұмыс жасауына кедергі келтіруге тырысудың керегі жоқ, жекелей алғанда, қауіпсіздік құралдарынан айналып өтуге тырысудың, Сайттың немесе кез келген компьютерлік жүйенің, сервердің, маршрутизатордың немесе Интернет желісіне қосылған кез келген басқа құрылғының жұмысына араласудың керегі жоқ. Мерзімді түрде біз біздің Сайтымыздың кейбір функцияларына не бөліктеріне немесе бүкіл Сайтқа қожетімділікті шектей аламыз.
Егер сіздің тіркеу нысанын толтыруыңыз немесе басқа деректерді толтыруыңыз керек болса, осындай ақпарат ақиқат, дәл және толық болуы тиіс. Өзіңіз ұсынған ақпараттаы кез келген өзгерістер туралы бірден хабарлаңыз.
Егер сіз пайдаланушының сәйкестендіру кодын, құпиясөзді немесе біздің қауіпсіздік рәсімдеріміздің аясында басқа деректерді өзіңіз таңдасаңыз немесе сізге ұсынылса, осындай ақпаратты құпия деп санау және ешбір жағдайда оны кез келген үшінші тарапқа ашпау керек. Егер де біздің ойымызша сіз осы пайдалану шартының қандай да бір ережелерін орындамасаңыз, біз кез келген уақытта сіз таңдаған немесе сізге берілген кез келген сәйкестендіру кодын немесе құпиясөзді кез келген уақытта бұғаттауға құқылымыз.
Егер сіз өзіңізден басқа біреудің сіздің сәйкестендіру кодын немесе құпиясөзді біледі деп күмәндансаңыз, сіз бізге бұл туралы бірден [email protected] мекенжайына хабарлауыңыз тиіс.
Егер де басқаша көрсетілмесе, біз Сайтымыздағы зияткерлік меншігінің барлық құқықтарының иесі немесе лицензиаты, сонымен қатар, онда жарияланған контенттің иесі болып табыламыз. Мұндай зияткерлік меншік құқықтары авторлық құқық туралы заңнамамен және бүкіл дүние жүзі бойынша шарттармен қорғалған. Осынлай құқықтардың барлығы қорғалған.
Егер де басқаша көрсетілмесе, біз Сайтымызда пайда болатын сауда маркілерінің лицензияларын, сонымен қатар, онымен байланысты сауда атауларын, логотиптерді және айдентика элементтерін пайдалануға құқылымыз.
Сіз тек жеке пайдалануға арналған материалдар мен жарияланымдарды Сайтымыздан жүктеуге және бір көшірмесін басып шығара аласыз, ал көшірілетін материал авторлық құқық және құқық иеленушісі туралы басқа хабарламалар туралы таңбаларды қамтуы тиіс. Сіз Сайттан басып шығарған немесе жүктеген кез келген материалдардың қағаз және цифрлық көшірмелеріне кез келген өзгерістер енгізуге тыйым салынған, сонымен қатар, қандай да бір ілеспе мәтінсіз кез келген иллюстрациялар, суреттер, виде және аудиоқатарды немесе кез келген графиканы пайдалануға болмайды.
Сайттан осындай жүктеу немесе материалдарды көшіру кезінде осындай жолмен жүктелген кез келген материалдарға немесе бағдарламалық жасақтамаға қандай да бір құқықтарды, патенттер немесе пайыздарды беру жүзеге асырылмайды. Сіз жазбаша түдегі біздің алдын-ала рұқсатымызды алмастан, біздің Сайтта орналастырылған материалды кез келген басқа жолмен пайдалана алмайсыз (оның ішінде жоғарыда аталғаннан басқа, қайталап шығару, жариялау, өзгерістер енгізу немесе таратуларды жүзеге асыру түрінде).
Біздің Сайтта орналастырылған контент авторлары ретіндегі құқықтық жағдайымыз (сонымен қатар, жарияланымның анықталған авторларының кез келгені) әрдайым расталған болуы тиіс.
Бізден немесе біздің лицензиарлардан лицензия алмастан, Біздің Сайтымызда орналастырылған контенттің кез келген бөлігін коммерциялық мақсатта пайдалануға тыйым салынған.
Біздің Сайтта орналастырылған қандай да бір материалды осы пайдалану шарттарын бұза отырып басып шығару, көшіру немесе жүктеу жағдайында, сайтымызды пайдалануға Сіздің құқығыңыз бірден тоқтатылады, ал сіз жасаған материалдарыңыздың кез келген көшірмелерін қайтаруға немесе жоюға (қалауыңыз бойынша) тиістісіз .
Біздің сайтымыздағы ақпарат тек жалпы ақпарат үшін берілген. Біз Сайтымыздағы деректекдің дәлдігін қамтамасыз ету үшін орынды күш салатын боламыз, алайда контент, пікірсөздер, шолулар мен Біздің сайтта жарияланған басқа материалдар аудиторияға сенуге болатын кеңестер ретінде арналмаған. Біздің сайтымыздың контенті негізінде қандай да бір іс-әрекеттерді жасамас бұрын Сізге кәсіби немесе мамандандырылған кеңес алу керек.
Біз кез келген ақпараттың шындыққа сай, толық және өзекті болып табылатындығына анық не анық емес ешқандай түсіндірулер мен кепілдіктер ұсынбаймыз және заңмен қарастырылған түрде мүмкіндігінше, Сіздің ақпаратқа немесе осы ақпаратты хабарлап отырған кез келген тұлғаға сенуіңіз нәтижесінде келтірілген шығын немесе залал үшін жауапкершілікті өзімізге алмаймыз. Егер сіз біздің сайтымызда қандай да бір дәл емес ақпаратты тапсаңыз, бізге хабарласаңыз және егер де біз осы дәлсіздікпен келісетін болсақ, оны ең қысқа мерзімде түзетуге міндеттенеміз.
Біздің Сайтта жарияланған кез келген пікірлерге олардың авторлары жауапты болады, бұл біздің олардың пікірлерімен келісетінімізді білдірмейді. Біз осындай әсерлер немесе пікірлер туралы, оның ішінде олардың сәйкессіздігі немесе дәлсіздігі туралы анық не анық емес түсіндірмелер не кепілдіктер бермейміз және осыған байланысты заңмен қарастырылған амалмен өзімізден бүкіл жауапкершілікті аламыз.
Біздің сайтта жүргізілетін немесе жарнамаланатын кез келген конкурс осындай конкурсқа тән шарттармен реттеледі.
Біз тікелей Сайтымыздан басқа веб-сайттарға қолжетімділік алуға мүмкіндік беретін сілтемелерді мерзімді түрде бере аламыз. Осындай бөгде сайттарді біз бақылай алмаймыз және егер де басқаша көрсетілмесе, біз осындай веб-сйтта материалдарды жарияламаймыз. Осындай веб-сайттарға өту кезінде, сіз біздің бақылайтын аумақтан шығасыз, сол себепті біз деректеріңізді бөгде адамдардың пайдалануымен, біздің сайтымыздың контентімен немесе осындай сайттармен танысу үшін ұсынылатын өнімдер немесе қызметтермен байланысты кез келген мәселелерге жауапты болмаймыз.
Біз өзіміздің қалауымыз бойынша басқа веб-сайттан біздің Сайтымызда орналастырылған материалдарға немесе ақпаратқа кез келген материалдарға тыйым салу құқығын өзімізге қалдырамыз.
Сайтымыз пайдаланушылар үшін қызықты болады деп үміттенетінімізге қарамастан, біз қорғау көлемінен заңмен белгіленген жағдайларда біздің сайтқа немесе онда орнатылған контентке пайдаланылуы мүмкін, анық не анық емес барлық шарттарды, өтінімдер, куәландырулар мен басқа шарттарды алып тастаймыз. Келісімшарттық, келісімшарттан тысқары жауапкершілік (оның ішінде салғырттық), заңмен белгіленген міндеттерді немесе егер де жауапкершілік қарастырылған және төмендегіге байланысты туындаса, жауапкершіліктің басқа түрлерін бұзу болып табылатындығына қарамастан, біз қандай да бір пайдаланушы алдында кез келген шығын не зақымдаулар үшін жауапты болмаймыз:
Сіз біздің сайтты тұтынушы ретінде пайдаланған жағдайда, біз пайданы кез келген жоғалтуға, қызмет көлемдерін төмендетуге, қызметті уақытша тоқтатуға немесе жіберіліп алынған коммерциялық мүмкіндіктер үшін жауапты болмаймыз. Біз тек негізделген шығындар үшін ғана жауапты боламыз.
Біздің сайтты коммерциялық пайдаланушы ретінде пайдаланған жағдайда, біз сіздің алдыңызда ешбір жағдайда келесі үшін жауапты болмаймыз:
Біз вирустан, DDOS –шабуалдан немесе сіздің компьютер жабдығыңызға, компьютер бағдарламаңызға, деректерге немесе басқа патенттелген материалға Біздің сайтты пайдалануға немесе сіздің Сайтқа немесе онымен байланысты кез келген веб-сайтқа кез келген контентті жүктеуіңізбен байланысты зарар келтіруі мүмкін басқа техникалық зиянды материалдан туындаған кез келген шығындар немесе зақымдаулар үшін жауапты болмаймыз.
Біздің Сайтқа апаратын веб-сайттардың контенті үшін жауапкершілікті өзімізден аламыз. Мұндай сілтемелер өзімізбен байланысты веб-сайттарды мақұлдау ретінде түсіндіріле алмайды. Біз оларды пайдалану салдарында пайда болуы мүмкін қандай да бір шығындар не шығыстар үшін жауапты болмаймыз.
Біз осындай шектеу заңды бұзу болатын кезде сіздің алдыңыздағы жауапкершілікті жоққа шығармаймыз және шектемейміз.
Біздің Сайтқа контентті жүктеуге немесе біздің Сайтымыздың басқа пайдаланушыларымен байланысқа түсуге мүмкіндік беретін фунцияны әркез пайдаланған кезде, сіз біздің оңтайлы пайдалану саясатымызбен анықталған контент стандарттарын сақтауыңыз тиіс.
Сіз материалды кез келген осындай жариялау аталған стандарттарға сәйкес келетініне кепілдік бересіз және біздің алдымызда жауапты болуға және осы кепілдікті бұзғаныңыз үшін алдымызда шығынды өтеуге міндетті боласыз.
Біздің сайтқа Сіздің жүктейтін кез келген контент құпия емес және патенттелмеген болып саналады. Сіздің атыңызда осындай контентке барлық мүліктік құқықтар сақталады, алайда біз осы контентті пайдалануға, сақтауға және көшіруге, сонымен қатар, үшінші тұлғаларға қолжетімділікті таратуға және ұсынуға шетеулі лицензия беруіңіз тиіс. Бізге сеніп тапсыратын құқықтар келесі тарауда сипатталған (Сіздің қайта сеніп тапсыратын құқықтарыңыз).
Біздің Сайтқа сіздің жүктеген қандай да бір контентіңіз олардың зияткерлік меншік құқықтарының немесе олардың құпиялылық шарттарының бұзушылығы болып табылады деп пайымдайтын кез келген үшінші тұлғаға сіздің жеке басыңыздың мәліметін аша аламыз.
Сіздің немесе Сайтымыздың кез келген басқа пайдаланушысы орналастырған контенттің мазмұны немесе дәлдігіне үшінші тарап алдында біз жауапты болмаймыз.
Егер, біздің пікіріміз бойынша, Сіздің жарияланымыңыз осы оңтайлы пайдалану саястында баяндалған контент стандарттарына сәйкес келмейтін болса, біздің Сайтта сіз жариялайтын кез келген жарияланымдарды өшіруге құқылымыз.
Біздің Сайтта басқа пайдаланушыларға айтылған көзқарастар біздің ұстанымымызды немесе компания құндылықтарын бейнелемейді.
Сіз контентіңізді қорғау мен резервтік көшірмесін жасауға жеке жауапты боласыз.
Біздің сайтқа контентті жүктейтін немесе жариялайтын кезде, сіз бізге пайдаланушының Біздің сайт ұсынатын қызметке және бұқаралық ақпараттың түрлі құралдарына, оның ішінде осы Сайт жарнамасына байланысты әзірлеген қайта тапсыру құқығымен және әлемнің барлық мемлекеттерінде әрекет ететін, туындыларды пайдалануға, қайталауға, дайындауға, контентті көрсету мен орындауға шектеусіз мерзімді, жеке-дара емес, тегін лицензияны ұсынасыз.
Біз осы Сайттың технологиялар немесе мүмкіндіктерге қарамастан пайдалануда қолжетімді және қарапайым болу қажеттілігін мойындаймыз.
Веб-сайтты пайдалану қолжетімділігі мен ыңғайлығы үшін қабылданған директивалар мен стандарттарды пайдалануға тырысқанымызбен, Біздің сайтымыздың барлық облыстарында жасау мүмкін бола бермейді. Біздің шеткі серіктестеріміз бен Сайт пайдаланушылары ұсынатын контент аталған директивалар мен стандарттарға жауап бермеуі мүмкін.
Біз Сайтымызды пайдаланудың қолжетімділік және ыңғайлық деңгейін арттыруға тырысамыз. Егер, сіздің пікіріңіз бойынша, қандай да бір материал жақсартуды қажет етсе немесе сізде осы Сайтты пайдаланумен байланысты қиындықтар туындаса, бізге хабарласыңыз.
Кез келген ресми хабарламаларды жоғарыда көрсетілген біздің заңды мекенжайымызға жіберген жөн.
Біздің құқықты қамтамасыз етуді орындамауымыз осындай құқықтан бас тартуға алып келмейді. Осы пайдалану шарттарына сәйкес, сіз өз құқықтарыңызды қайта сеніп тапсыра не біреуге тапсыра алмайсыз.
Егер осы пайдалану шарттарының қандай да бір бөлігі заң тұрғысынан алғанда жарамсыз болып табылса, осы пайдалану шарттарының барлық қалған бөліктері өзгеріссіз қалады және заңды күшін сақтайды.
Егер сіз шаруашылық ету субъектісі болсаңыз, осы пайдалану шарттары, олардың мазмұны және әзірлеу тәртібі (және кез келген келісімшарттан тыс даулар мен арыз талаптар) Қазақстанның заңымен реттеледі. Осы шарттардың екі тарапы да Қазақстан соттарының жеке дара юрисдикциясымен келіседі.
Егер Біздің сайтымызбен қиындықтар туындаса немесе сіз Сайт материалдарын жарнамалағыңыз келсе, бізге [email protected] пошта мекенжайына хабарласыңыз.
Осы пайдалану шарттары соңғы рет 2019 жылдың қаңтарында жаңартылды.