Menu

Carlsberg Kazakhstan: бизнес-қорытындылар және 2023 жылы орнықты даму стратегиясының мақсаттарына қол жеткізу мәртебесі

2023 жылдың қорытындысы бойынша Carlsberg Kazakhstan нәтижелері

Жалпы сыра нарығының төмендеуіне (көлемі бойынша -5,4%[2]) және сыра санатындағы бағалардың айтарлықтай өсіміне (2023 жылдың аяғына +21,5%) қарамастан, «Сыра» санатындағы қазіргі бөлшек саудада Carlsberg Kazakhstan компаниясы заттай және ақшалай түрдегі үлесі бойынша бірінші орында тұр және 2023 жылғы желтоқсандағы жағдай бойынша сәйкесінше 47,2% және 44,9% алады (Nielsen RMS деректеріне сәйкес Қазақстандағы қазіргі бөлшек сауда нарығы үшін 31.12.2023 ж. аяқталған 12 айдағы барлық «Сыра» санаты үшін[1]).[3]

Энергетикалық сусындар санатында компания қазақстандық нарықтағы көшбасшылардың үштігіне кіреді.

Сондай-ақ, компания 2023 жылы 36 млрд. теңгеден астам (2022 жылға қарай 12%-ға өсім) салық және мемлекеттік бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеп, Қазақстанның ең ірі 50 салық төлеушісінде қалып отыр.

Қазақстандағы сыра нарығы: 2023 жылдың негізгі трендтері

Жалпы, Қазақстандағы сыра нарығы 2023 жылдың қорытындысы бойынша -5,6% 1 төмендегенін көрсетті.

Қазақстанда сыраны сатудағы Дәстүрлі бөлшек сауда арнасының үлесі соңғы бірнеше жылдар бойы тұтынушыларды Дәстүрлі бөлшек саудадан Қазіргі заманғы бөлшек сауда арнасындағы неғұрлым тиімді және қолжетімді промо-ұсыныстарға ауыстыра отырып, Қазіргі заманғы бөлшек сауда арнасының пайдасына жыл сайын азайып келеді. 

Толық 2023 жылы құйылған сыра нарығы 2022 жылға қарай "құйылған сусындарды сату бойынша бөлінген дүкендер" арнасының дамуына байланысты оң динамиканы көрсетті (+1,2%1) – қазақстандық тұтынушылар алып кетуге арналған құйылған сыраны оң қабылдайды, бұл оларға оралған сырамен салыстырғанда литріне есептегенде неғұрлым жаңа және қолжетімді болып көрінеді.

Айта кету керек, оралған Сыра нарығы санаттың жалпы сатылымында әлі де негізгі болып табылады (сыра нарығының шамамен 60% - ы өлшеніп оралған сыраны сатудан, шамамен 40% - ы бөшкедегі сыраны сатудан келеді1).

Қазақстанда өлшеніп оралған сыра нарығының сегментінің ішінде бірнеше жылдан бері алюминий құты танымал (өлшеніп оралған сыра нарығының шамамен 70%-ы 1) – бұл факт тұтынушылардың қалауына байланысты – құтыдағы сыра тез салқындатылады, ыңғайлы ашылады және сатып алу орнынан үйге дейін оңай тасымалданады.

"Сыра" санатындағы тұтынушылардың дәмдік талғамдары туралы айтатын болсақ, классикалық алкогольдік сыра (өлшеніп оралған сыра нарығының шамамен 95%) нарықтың негізгі үлесін алады, ал ең өсіп келе жатқан санат "дәмдер бар сыра" болып табылады. Бұл санатты Carlsberg Kazakhstan компаниясы Seth & Riley's Garage және Somersby маркаларымен дамытады, олар осы сегменттегі сату көлемінде 80%-дан астам алады.

Тұрақты даму бойынша жобалар

2017 жылдан бастап Carlsberg Group "Тұрақты болашаққа қарай бірге" тұрақты даму стратегиясын жүзеге асыруда. Стратегия қазіргі заманның жаһандық сын-қатерлеріне жауап болып табылады және алты стратегиялық мақсатты қамтиды: НӨЛ көміртегі ізі, НӨЛ фермерлік із, НӨЛ қаптама қалдықтары, НӨЛ су шығыны, НӨЛ жауапсыз тұтыну және НӨЛ жазатайым оқиғалар. Осы стратегияны жүзеге асырудың бір бөлігі ретінде бүкіл әлем бойынша Carlsberg Group өндірісінің алдында 2030 жылға қарай жаңартылмайтын табиғи ресурстар тобының тұтынуын азайту және Carlsberg Group бизнесінің экологиялық тұрақтылығына қол жеткізу үшін нақты өлшенетін көрсеткіштер тұр.

Жаһандық деңгейде Carlsberg Group сыра қайнату өнеркәсібінде ғана емес, сонымен қатар одан тыс жерлерде де тұрақтылық саласында озық стандарттарды орнатуға көмектесу арқылы тұрақтылықта айтарлықтай прогреске қол жеткізді. 2015 жылдан бастап Топ компаниялары көміртегі шығарындыларын -59%-ға азайтты, сыра қайнату зауыттарында суды пайдалану тиімділігі үнемі артып келеді, бүкіл әлем бойынша 1 гл. сыраға 2,5 гл. су деңгейінде табысты көрсеткіштер бар, 2015 жылдан бастап еңбекке уақытша қабілетсіздігімен жазатайым оқиғалардың деңгейін -53%-ға төмендетуге қол жеткізілді. 2023 жылы бүкіл әлем бойынша сатылған барлық өнімдеріміздің 28,5%-ы алкогольсіз немесе аз алкогольді болды (≤3.5% алкоголь).

Carlsberg Kazakhstan сондай-ақ соңғы жылдары осы стратегияны іске асыру шеңберінде елеулі ілгерілеуді көрсетуде.  Жалпы, 2015 жылдан бастап компания өз өндірісіндегі судың меншікті шығынын 51%-ға, жылу энергиясын – 49%-ға, электр энергиясын - 38%-ға қысқарта алды. Компанияның көміртегі ізі 37%-ға төмендеді.

2023 жылы Carlsberg Kazakhstan "Мөлдір су" корпоративтік өңірлік экожобасын іске асыруды жалғастырды, оны компания 2016 жылдан бастап жыл сайын Қазақстанның әртүрлі өңірлеріндегі (Балқаш және Алакөл елдерінің ірі көлдерін қоса алғанда) су айдындарының жағалауларын қоқыстан тазарта отырып өткізеді.  Оны өткізген 8 жыл ішінде жобаға еріктілер ретінде 1600-ге жуық адам қатысты, 131 тонна қоқыс жиналды, оның бір бөлігі қайта өңдеуге жіберілді.

Carlsberg Group жалпы нәтижелері

Carlsberg Group бас директоры Якоб Ааруп-Андерсен түсіндіргендей: "Біз күрделі тұтынушылық ортаға, айтарлықтай инфляциялық қысымға және валюта нарығындағы қиындықтарға қарамастан 2023 жылы жақсы нәтижелерге қол жеткіздік".

Carlsberg Group 2023 жылғы негізгі көрсеткіштері:

  • Түсімнің органикалық өсімі: + 9,2%
  • Алкогольсіз сусындар көлемінің өсуі: + 3% 
  • Түсімнің гектолитрге өсуі: + 10% 

Егер Carlsberg Group бизнесі ұсынылған әлемнің негізгі өңірлері бөлінісінде 2023 жылдың нәтижелері туралы айтатын болсақ, онда Азиядағы органикалық көлемнің жалпы өсімі 2023 жылы: +3,7%, Батыс Еуропада -2,3%, Орталық және Шығыс Еуропада (бұл аймаққа Carlsberg Kazakhstan жатады): -4,0% құрады.

 

[1] Бұл жерде деректер көзіне келесі толық цитата міндетті: «Nielsen RMS деректерінің негізінде Қазақстандағы қазіргі бөлшек сауда нарығы үшін 31.12.2023 ж. аяқталған 12 айдағы барлық «Сыра» санатында   өндіруші Carlsberg Kazakhstan заттай және ақшалай түрде бірінші орында тұр, 07.03.2024 ж. жағдай бойынша жарамды (© «ЭйСиНильсен Казахстан» ЖШС, 2024 ж.)»

[2]2023 жылғы қаңтар-желтоқсандағы Carlsberg Kazakhstan нарығының  ішкі сараптамалық бағасы.

[3] ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының деректері.

байланыстар

Байланысу үшін

корпоративтік қатынастар бойынша көшбасшы, ТОО "Carlsberg Kazakhstan" ("Карлсберг Казахстан" ЖШС)

Мария Горохова

Tel +7 (727) 321 01 00 (ішкі 289), моб. +7 777 551 0 289 Email [email protected]