Menu
AZIZ8165.JPG

«Мөлдір су» экологиялық акциясы

«Мөлдір су» экологиялық акциясы  Алматы қ. Аэропорт көлінде басталды.

Бұл Қазақстан суларының экожүйесін сақтап қалуға және қалдықтарды бөлшектеп жинау мен қайта өңдеу мәдениетін дамытуға үлес қосуға шақыратын «Мөлдір су» экологиялық бастамасының екінші кезеңі.

Компания қызметкерлері Түрксіб әкімдігімен, Қазақстан-Неміс университетінің еріктілерімен, БАҚ өкілдері және блогерлермен бірлесе отырып, көлдің жағалауында орналасқан аймақта жинау жұмыстарын жүргізді. Осы жылы акцияда жаңашылдық орын алды – қатысушылар жинау орындарында қоқысты іріктейтін болады, және жиналған қалдықтардың бір бөлігі мамандандырылған ұйымдарға қайта өңдеу үшін тапсырылатын болады. Сонымен қатар, іс-шара барысында жиналған пластиктен шара мердігері – Zeta компаниясы қоқыс жинауға арналған контейнерлер жасауды жоспарлап отыр, олар алдағы уақытта жинау аумақтарында орнатуға берілетін болады. Осындай механизм заманауи шешімдердің арқасында, пластик бөтелкелердің қалдықтарынан кез-келген өнім өндіруге арналған керемет шикізат алуға болатынын көрнекті түрде көрсетеді.

2017 жылдың соңына дейін Алматы қаласынан басқа Балқаш көлінде, Атырау, Петропавл қалаларында және Алакөл көлінде қоқысты жинау жоспарланып отырғанын ескертеміз.

«Мөлдір су» бастамасы Carlsberg Group - Together Towards ZERO тұрақты дамуының ғаламдық стратегиясының жергілікті іске асыруы болды. Оның  төрт өзекті мақсатының бірі сыра қайнататын өндірістерде су тұтынуды қысқарту және су қорларын басқаруды жақсарту болып табылады. Ғаламдық стратегиясындағы НӨЛ су жоғату мақсаты келесі факторларды басшылыққа алады:

  • Бүгінгі күнде әлемде су орынсыз шығындалатын орындар тым көп және су жетіспеушілігі маңызды мәселе болып бара жатыр. Бүкіләлемдік жабайы табиғат қорымен жұмыс істей отырып, Carlsberg Group су жетіспеушілігінің жоғары қаупі бар аумақтарда сыра қайнататын орындарын белгіледі және НӨЛ су жоғалту стратегиялық ұзақ мерзімді мақсатына жетуді қолдау ретінде мақсаттық көрсеткіштерді жасады.
  • 2030 жылға сыра қайнату орындарында су тұтынуды екі есе қысқарту және серіктестермен ынтымақтастықты дамыту су қорларын басқаруды жақсартуға мүмкіндік береді.

«Біздің бағдарлама осы жылы республикамызда жасыл экономика аясындағы және энергияның жаңғыртылатын көздерінің ең жаңа технологияларының ең керемет шешімдері көрсетілетін «Астана ЭКСПО-2017» масштабты іс-шарасы өткізіліп жатқан кезде Қазақстанның нарығы үшін аса көкейкесті. Сarlsberg Kazakhstan тұрақты даму приоритеттерін әлдеқашан қолдануда, және бүгінгі күнде өзінің қызметі нәтижесінде қоршаған ортаға жағымсыз ықпал етуін азайту аясында айтарлықтай жақсы жетістіктерге қол жеткізді. Сонымен, 2012 жылдан бастап 2016 жыл аралығында электр қуатын тұтынуды 42%-ға, жылу энергиясын тұтынуды 51%-ға және суды тұтынуды 47%-ға азайтты» деп түсіндірді «Carlsberg Kazakhstan (Карлсберг Қазақстан)» ЖШС президенті Виктор Семак.

Carlsberg Group тұрақты дамуы туралы:

Carlsberg Group-тың Together Towards ZERO тұрақты даму аясындағы бағдарламасы климаттың өзгеруі, су қорларының жетіспеушілігі және адам денсаулығының мәселелері сияқты ғаламдық шақыртуларға жауап болып табылады. Оның төрт стратегиялық мақсаты және тиісті мақсаттық көрсеткіштері бар: Стратегиялық ұзақ мерзімді мақсаттар – НӨЛ көміртек ізі, НӨЛ су жоғалту, НӨЛ жауапсыз тұтыну және НӨЛ жазатайым жағдайлар. Бағдарлама Топтың «Бүгінгі және ертеңгі жақсы күндер үшін сыра қайнатамыз» атты өзінің тіршілік мәнін іске асырып отырғанын көрсетеді. Ол ғылыми тәсілдемеге негізделген және БҰҰ тұрақты дамуы аясындағы Мақсаттарға сәйкес келеді.