Біз қызметкерлеріміздің әл-ауқатын, денсаулығын әрдайым ойлаймыз және тәуекелдердің алдын алу мен қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету үшін бар күшімізді салудамыз. Бұл жерде негізгі рөлді компанияда дамуына ерекше назар аударатын «Нөл жазатайым оқиғалар» мәдениеті атқарады.
Біз жылдан жылға жазатайым оқиғалар санын азайтуға талпынамыз және 2030 жылға қарай біз еңбек қабілеттілігін уақытша жоғалтумен байланысты жағдайларды барынша азайту мақсатын алдымызға қойдық.
2030 |
2022 |
|
|
Еңбекті қорғау және қауіпсіздік –әрбір адамның жауапкершілігі. Басшылар рөлдік үлгілер қызметін атқарып, өз қызметкерлерін еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі бойынша бастамаларға қатысуға ынталандыруы, өз әріптестеріне қамқорлық танытуы тиіс.
Біздің осы саладағы саясатымыз жұмыс орнындағы зақымдардың, аурулардың, жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін біздің қалай жұмыс жасайтынымызды және өндірістік алаңдардың жанында өмір сүретін адамдарға қалай қамқорлық танытатынымызды анықтайды.
Біздің «Нөл еңбек қабілеттілігін уақытша жоғалтумен жазатайым оқиғалар» тұрақты даму саласындағы БҰҰ –ші «Лайықты жұмыс және экономикалық өсу» атты мақсатқа қол жеткізуге өз үлесін қосады. Жекелей алғанда, біз 8.8: еңбек құқықтарын қорғау және барлық еңбек етушілер үшін сенімді және қауіпсіз жұмыс жағдайларын қамтамасыз етуге септік тигізу міндетіне күшімізді салдық.
2018 жылы біз Carlsberg Тобының барлық компанияларында Өмірлік маңызды ережелерді енгіздік. Кәсіптік тәжірибеге негізделе отырып бұл ережелер тиісінше сақталмаса адамдардың өмірлеріне қауіп төнуі мүмкін облыстарға көзделген. Бұл бастама қазірдің өзінде бүкіл ұйымға ықпал етіп келеді.