Біздің бизнес таза судың қолжетімділігіне байланысты. Су жоқ болса, сыра да жоқ. Біз су ресурстарын тұтыну көлемін қысқарту бойынша шараларды белсенді түрде іске асырып жатырмыз.
Carlsberg Group 2030 жылға қарай су тұтыну көлемін екі есе, ал 2022 жылға қарай 25%-ға қысқарту мақсатын қойып отыр.
2030 |
2022 |
|
|
Сыра қайнату үдерісі көп мөлшерде суды талап етеді. Сол себепті су ресурстарын тұтынуды қысқарту әрдайым біздің назарымызда тұрады.
Су тұтыну саласындағы біздің ұзақ мерзімді мақсатты көрсеткіштеріміз бірнеше жылға бағыт-бағдар белгілейді. Осы мақсаттарға қол жеткізудегі алғашқы қадамдарымыз да жасалып жатыр: біз техникалық мұқтаждылықтарға арналған кері және қайта сумен жабдықтау жүйелерін реттеу, өндірістік алаңшаларымызды заманауи технологияларды пайдалану және инновациялық шешімдерді іздестіру арқылы жақсартуға қол жеткізудеміз.
2018 жылдың басында құрылған Carlsberg жас ғалымдар қауымдастығының басты міндеті – мақсаттарымызға қол жеткізуге көмектесетін жаңа технологияларды құрастыру.
Біздің «Нөл су шығыны» мақсатымыз тұрақты даму саласындағы БҰҰ 6-шы: таза су және санитария мақсатына қол жеткізуге өз үлесін қосады.
Біз Мақсат аясындағы 6.4 және 6.5: су пайдалану тиімділігін арттыру және су тұтынуды азайту бойынша бағдарламамыз бен жергілікті қауымдастықпен өзара әрекеттесу бойынша жоспарларымыз арқылы су ресурстарының біріктірілген менеджметін енгізу атты міндеттерге зейін қойып отырмыз.
Міне үш жыл қатарынан біздің компания «Мөлдір су» экологиялық жобасын іске асырып келуде, осы жоба аясында біздің компаниямыздың қызметкерлері еріктілермен бірге еліміздің түрлі аймақтарындағы су айдындарының жағалауында орналасқан аймақтарды тазалап жатыр. Жобаның мақсаты –Қазақстанның су экожүйелеріне, сондай-ақ, қалдықтарды жеке жинақтау және қайта өңдеу мәдениетінің дамуына үлес қосу.