Климаттың өзгеруі –біздің уақытымыздың өзекті мәселелерінің бірі. Оны шешу үшін төмен көміртекті экономикаға өту керек. Климат жөніндегі Париж келісімнде көрсетілгендей, бұл істе бизнеске негізгі рөл беріледі.
Тұрақты даму бағдарламасының аясында біз Климат жөніндегі Париж келісімінің ұсынысына сәйкес келетін «Нөл көміртек ізі» ұзақ мерзімді стратегиялық мақсатын белгіледік – температура өсімін Цельсий бойынша 1,5 градусқа дейін шектеу.
Біздің мақсатты көрсеткіштер ғылыми амал-тәсілдерді пайдаланумен Көміртек қорынан сарапшылардың қолдауымен әзірленген.
2030 жылға қарай біздің дайын өніміміздің көміртек ізін азайту үшін, біз сыра қайнататын зауыттарымыздағы және құнды өсудің бүкіл тізбегі бойынша көміртек шығарындыларын қысқартамыз.
2030 |
2022 |
· Сыра қайнататын зауыттарымыздағы 0% көміртек шығарындылары · Дайын өнімнің көміртек ізін 30%-ға қысқарту |
|
Біздің көміртек шығарындыларын мүлдем жоғалту талпынысымыз тұрақты даму саласындағы (ТДМ) БҰҰ мақсаттарына сәйкес келеді және ТДМ аясыдағы міндеттерді шешуге септігін тигізетін болады. Мысалы, жаңартылатын көздерден қуатты пайдалануды ұлғайта және энергияны тұтыну тиімділігін арттыра отырып, біз ТДМ 7: қымбат емес және таза қуат мақсатына қол жеткізуге өз үлесімізді қосамыз.
Қатаң ғылыми негізделген мақсатты көрсеткіштерді белгілей отырып, біз ТДМ 13: климаттың өзгеруімен және оның салдарымен күресуге арналған шұғыл іс-әрекеттер жасау мақсатын қолдаймыз.
Snap Pack – сыра құтыларын бірге біріктіруге және алты банкілік Carlsberg мультипактерін қаптау үшін пайдаланылатын үлдірден бас тартуға мүмкіндік беретін алдыңғы қатарлы технология. Инновация сыра қайнату кәсібінде алғаш рет қолданылып отыр және дәстүрлі мультпактерді қаптау үшін пайдаланылатын пластик көлемін 76% -ға дейін қысқартуға мүмкіндік береді.