Menu

Сarlsberg Kazakhstan Бүкіләлемдік сыраны жауапты тұтыну күніне арналған акция өткізді

2017 жылғы 16 қыркүйекте Carlsberg Kazakhstan компаниясы Бүкіләлемдік сыраны жауапты тұтыну күніне орай, Алматы қаласындағы барларға келушілер арасында перформанс үлгісінде ақпараттық науқан өткізді. Бүкіләлемдік сыраны жауапты тұтыну күні алғаш рет 2015 жылдың қыркүйек айында тағайындалған болатын, қазір әлемнің 76 мемлекетінде аталып өтуде. Халықаралық ірі сыра қайнату компаниялары осынау ерекше мерекенің бастамашысы болды, олардың ішінде Carlsberg Groupте бар. Осы әлеуметтік бастамадан Қазақстан да сырт қалмады, ол да осы ғаламдық акцияға жыл сайын қатысады.

 

Биыл Бүкіләлемдік сыраны жауапты тұтыну күні Carlsberg Kazakhstan компаниясының бастамасы бойынша жаңа форматта өтті. Науқанға алматылық барлар мен паб қонақтары, танымал интернет-тұтынушылар мен журналистер қатысты. Ерекше перформанс алтын түсті сусынға құмартушылардың барлығын оны жауапты тұтынып, алкоголь мен көлік жүргізуді араластырмауға шақырды. Науқан қорытындысы бойынша, Интернет-тұтынушыларға қол жетімді болатын бейне-ролик шығарылмақ.

Сонымен қатар паб қонақтарына мас күйінде рөлге отырмауға шақыратын ақпараттық материалдар мен стикерлер, белгішелер таратылды.

Carlsberg Kazakhstan компаниясының байланыстар жөніндегі менеджері Мария Горохова пікірін былай білдірді: «Біздің Carlsberg Kazakhstan компаниямыз бөлігі болып табылатын Carlsberg Group жыл сайын әлемнің түрлі елдерінде жауапты тұтыну бойынша осыған ұқсас акциялар жүргізіп отырады. Сонымен қатар, жауапты тұтыну Carlsberg Group Тұрақты даму жөніндегі жаңа бағдарламасында қарастырылған төрт стратегиялық мақсаттың бірі болып табылады. Бұл жылы біз жауапты тұтыну бойынша дәстүрлі шараларымызға аздап белсенділік енгізе отырып, сыра құмартушыларымен, яғни олардың сыра тұтынуға қаншалықты дәрежеде жауапты қарайтынын білу мақсатында  өздерімен тікелей тілдесуді жөн көрдік. Біздің өндіруші ретіндегі ұстанымымыз біртекті – алкоголь мен автокөлікті басқаруға жол берілмейді! Біз, сондай-ақ жасы 21-ге жетпеген жастардың алкоголь өнімдерін пайдалануына қарсымыз».

Жоба ұйымдастырушылары осындай алдын-алу науқандарының саны жылдан-жылға артып келе жатқан автокөлік иелеріне тиісінше әсер етеді деп үміттенеді. Себебі рөлде сау күйінде болу ғана жол-көлік оқиғаларынан зардап шегушілер санын осылайша артуына мүмкіндік бермейді.

Сarlsberg Kazakhstan компаниясының бұдан бұрын да жыл сайын «Сыра барлаушысы» акциясының ұйымдастырушысы болып келгендігін еске саламыз. 2009 жылдан бастау алған «Сыра барлаушысы» өткізілген уақытынан бастап алкогольді өнім айналымы саласындағы заңнаманы бұзудың алдын алуға бағытталған аса мәнді отандық әлеуметтік іс-шаралардың біріне айналды. Акция мақсаты қоғам назарын 21 жасқа толмаған жастарға алкогольді сатуға және тұтынуға жол бермеу, сондай-ақ мас күйінде көлік жүргізу жағдайларының алдын алу сияқты көкейкесті мәселеге аударту болды.

 

байланыстар

Байланысу үшін

корпоративтік қатынастар бойынша көшбасшы, ТОО "Carlsberg Kazakhstan" ("Карлсберг Казахстан" ЖШС)

Надежда Овсянникова

Tel +7 (727) 321-01-00 (ішкі 252), моб. +7 777 551 0 252 Email [email protected]