Menu

Carlsberg пластик қалдықтарын азайту үшін, алдыңғы қатарлы инновацияларды енгізуде

Carlsberg Group банкілерді Snap Pack мультипактарға бекітудің жаңа форматын қоса алғанда, орама саласында бірқатар алдыңғы қатарлы инновацияларды жариялады, ол жаһандық деңгейде пластик қалдықтарының көлемін жыл сайын 1 200 тоннаға азайтуға мүмкіндік береді – эквивалентке салғанда бұл 60 миллион пластик пакеттер.

Snap Pack – бұл сыра банкілерін бірге бекітуге және алты банка салынған Carlsberg мультипактарын орау үшін пайдаланылатын үлдірден бас тартуға  мүмкіндік беретін алдыңғы қатарлы технология. Инновация сыра қайнату салысында бірінші рет қолданылып отыр және дәстүрлі мультипактарды орау үшін пайдаланылатын пластик көлемін 76%-ға дейін қысқартуға көмектеседі. Сондай-ақ, Carlsberg Group орамаларды экологиялық түрде ұтымды пайдалану саласында бірқатар инновацияларды ұсынды, атап айтқанда:

- Шыны бөтелкелердің этикеткалары үшін сертификатталған Cradle-to-CradleTM Silver бояуларына көшу этикеткаларды қайта өңдеуді жақсартуға мүмкіндік береді;

- Шыны бөтелкенің сырт жағына арналған жаңа жабын оны пайдалану мерзімін ұзартады және қоршаған орртаға ықпалын азайтады;

- Оттегіні шығарып жіберетін жаңа қақпақтар сыраның балғын дәмін ұзақ сақтауға мүмкіндік береді.

Бұл көміртек ізі НӨЛ және судың жылыстауы НӨЛ – ұзақмерзімді стратегиялық мақсаттарды қамтитын, Carlsberg Group-тың «Мақсат 4 НӨЛ: болашақ үшін бірге» тұрақты даму бағдарламасы шеңберінде тұтынушыларға бағытталған инновациялардың алдыңғылары.

Бірінші кезекте инновациялар, оның тұрақты негізде жаңаруы мен жетілдірілуін қамтамасыз етуге арналған, Carlsberg флагмандық брендісін қамтиды. Бұл қадам тұтынушылардың қоршаған ортаға тигізетін зиянын азайтуға да мүмкіндік беретін, оларға дәмі өте жақсы сыра ұсына отырып, брендінің аңызға айналған «Сірә, әлемдегі үздік сыра» слоганын нығайтуға жұмылдырылған.

 

Кеес ’т Харт, Carlsberg Group президенті және атқарушы директоры, былай деп атап өтеді:

«Бұл Carlsberg үшін маңызды күн. Біз тұрақты даму саласындағы мақсаттарымызға қол жеткізу және климаттың өзгеруіне қарсы күресуде көмектесу үшін ынталана жұмыс істейміз. Біз әрдайым жетілуге ұмтыламыз, және бүгінгі іске қосуларымыз компанияның негізін қалаушының салған жолы бойынша жарқын болашаққа бара жатқанымызды көрсетеді. Carlsberg Snap Pack пластик қалдықтарының санын елеулі қысқартады және біздің тұтынушыларымызға қоршаған ортаға ықпалы аз сырамен рахаттану мүмкіндігін беретін сәтімізді тығатсыздана күтеміз».

Carlsberg Group зерттеушілер командасы тұтынушылар үшін де және климат үшін де оң өзгерістер алып келетін инновацияларды жасау үшін әріптестерімізбен бірлесе жұмыс істеді. 

Тұрақты даму саласындағы жаңа шешімдердің енгізілуін тездету үшін Carlsberg Group, сондай-ақ, тұрақты даму мәселелері бойынша даниялық экологиялық ұйым Plastic Change-мен стратегиялық әріптестік туралы, және Дүниежүзілік жабайы табиғат қорымен (WWF) ежелден келе жатқан диалогтың жалғасатыны туралы жариялады.

 

 

Snap Pack-тің іске қосылуын атап өту үшін Carlsberg Group толығымен Snap Pack технологиясы бойынша біріктірілген банкілерден құрастырылған әйгілі Су перісі ескерткішінің жаңа бірегей нұсқасын жасады. Snap Pack мультипактарында қолданылатын арнайы желіммен бекітілген Су перісінің конструкциясы Carlsberg Group-тың тек үздік дәмге ие ғана емес, сондай-ақ қоршаған орта үшін де үздік болып танылатын сыра қайнатуға ұмтылысын көрсетеді. Инсталляция биіктігі 3 метр. Оның элементтерінің бірі 137 килограмм пластиктен жасалған үлкейіп келе жатқан толқын болып табылады. Snap Pack арқасында Carlsberg Group пластиктер санын сағатына нақ осынша санға (жылына 1 200 тонна) қысқартатын болады.

байланыстар

Байланысу үшін

байланыстар аға менеджері, ТОО "Carlsberg Kazakhstan" ("Карлсберг Казахстан" ЖШС)

Надежда Овсянникова

Tel +7 (727) 321-01-00 (ішкі 252), моб. +7 777 551 0 252 Email Nadezhda.Ovsiannikova@carlsberg.kz