Menu

Carlsberg Kazakhstan 10 тамызда Алматы әуежайы маңайындағы көлдің жағасында «Мөлдір су» экологиялық акциясын өткізді

Біздің компаниямыз үш жыл қатарынан «Мақсат 4 НӨЛ: болашақ үшін бірге», атап айтқанда, судың орынсыз шығындалуын НӨЛДІК деңгейге жеткізу мақсаты, тұрақты дамудың корпоративтік Стратегиясының логикалық құрамдас бөлігіне айналған «Мөлдір су» өңірлік экологиялық жобасын іске асырып келеді.

Жобаның мақсаты -  Қазақстанның су экожүйесінің сақталуына, сондай-ақ қалдықтарды бөлек жинау мен қайта өңдеу мәдениетін дамытуға үлес қосу. Жоба барысында Қазақстанның әртүрлі өңірлеріндегі су айдындарының жағалауларында қоқыс жинау бойынша акциялар өткізіледі, сондай-ақ қоқыс салатын контейнерлер орнатылады.

10 тамызда Алматы әуежайы маңайындағы көлде акцияның бірінші кезеңі өтті. Бұл күні компания қызметкерлері мен еріктілер (волонтерлер) 35 қап қоқыс жинады.

Бастама Carlsberg Group - Together Towards ZERO тұрақты дамуының жаһандық стратегиясының логикалық құрамдас бөлігіне айналды. Оның маңызды төрт міндеттерінің бірі сыра қайнату өндіріс орындарында судың тұтынылуын қысқарту және су ресурстарын басқаруды жақсарту болып табылады. Жаһандық стратегияда судың орынсыз шығындалуын НӨЛДІК деңгейге жеткізу мақсаты мынадай факторларды басшылыққа алады:

  • Бүгінгі таңда су орынсыз шығындалатын жерлер өте көп, және судың жетіспеуішілігі маңызды проблемаға айналуда. Дүниежүзілік жабайы табиғат қорымен бірлесе жұмыс істей отырып, Carlsberg Group су жетіспеушілігі тәуекелі жоғары өңірлердегі сыра қайнату өндіріс орындарын айқындады және стратегиялық ұзақмерзімді мақсат – судың орынсыз шығындалуының НӨЛДІК деңгейіне қолжеткізуді қолдаудың нысаналы көрсеткіштерін әзірледі.
  • 2030 жылға сыра қайнату өндіріс орындарында судың тұтынылуын екі есеге қысқарту және әріптестермен ынтымақтастықты дамыту су ресурстарын басқаруды жақсартуға мүмкіндік береді.

 

Акцияның келесі кезеңі Балқаш және Алакөл көлдерінде өтеді.

 

Carlsberg Group компаниясындағы тұрақты даму туралы:

Carlsberg Group компаниясының тұрақты даму саласындағы Together Towards ZERO бағдарламасы климаттың өзгеруі, су ресурстарының жетіспеушілігі және адам денсаулығы проблемалары секілді жаһандық қауіптерге жауап болып табылады. Ол төрт стратегиялық мақсатты және тиісті нысаналы көрсеткіштерді қамтиды: Стратегиялық ұзақмерзімді мақсаттар – көміртек ізі НӨЛ, судың орынсыз шығындалуы НӨЛ, жауапсыз тұтыну НӨЛ және жазатайым жағдайлар НӨЛ. Бағдарлама Топтың «Жарқын бүгін мен ертең үшін сыра қайнатамыз» құлшынысын шынайы өмірге қалай айналдырып жатқанын көрсетеді. Ол ғылыми тәсілге негізделген және БҰҰ тұрақты даму саласындағы Мақсаттарына сәйкес келеді. 

 

байланыстар

Байланысу үшін

корпоративтік қатынастар бойынша көшбасшы, ТОО "Carlsberg Kazakhstan" ("Карлсберг Казахстан" ЖШС)

Мария Горохова

Tel +7 (727) 321 01 00 (ішкі 289), моб. +7 777 551 0 289 Email [email protected]