Menu

«Біз сыраны жауапты тұтынуды қолдаймыз. Ал сен ше?»

2020 жылғы 17 қыркүйек – 16 қазан Қазақстандық суретшілер, дизайнерлер мен иллюстраторлар арасындағы «Біз сыраны жауапты тұтынуды қолдаймыз. Ал сен ше?» атты байқауы

2015 жылы әлемдегі ең ірі сыра қайнатушы компаниялар, Carlsberg Group-ты қоса алғанда, Дүниежүзілік сыраны жауапты тұтыну күнін құрды. Бұл жаһандық бастаманың негізгі идеясы - алкогольді асыра пайдаланумен күрестегі барлық мүдделі тараптардың басын қосу.

2020 жылы ARTBAT FEST X заманауи өнер фестивалі Carlsberg Kazakhstan-мен бірге сіздермен визуалды өнер арқылы алкогольді жауапкершілікпен тұтыну тақырыбында сөйлескісі келеді. Ол үшін біз шығармашылық байқау ұйымдастырып, оған 21 жасқа толған қазақстандық суретшілерді, дизайнерлер мен иллюстраторларды шақырамыз. Біз сіздерден күтпеген суреттер, ирониялық постерлер, стильді иллюстрациялар және сыра ішу кезінде сана мен есті сақтаудың қаншалықты маңызды екенін көрсететін кез-келген суреттерді күтеміз.

Біз адами қоғамда өмір сүреміз және өміріміздің сапасы айналамыздағы адамдарға тікелей байланысты. Сондықтан біз өзіміздің және біздің жағдайымыздың басқалардың жағдайы мен жайлылығына қалай әсер ететінін ұмытпауымыз керек. Ішу мәдениеті оның дәмі мен ішу тәсілдерін түсіну қабілетін ғана емес, сонымен қатар мінез-құлық туралы білуді де білдіреді. Мас күйінде көлік жүргізу, орынсыз агрессия, шамадан тыс ашуланшақтық - осының бәрі өркениетті қоғамның жаман серіктері және жауапты тұтыну мәдениетінде орын жоқ мінез-құлық.

Байқауға кім қатыса алады?

Жасы 21 жастан асқан кез-келген қазақстандық. 

Ол үшін не керек?

Сыраны жауапты тұтыну бойынша жұмыстың эскизін жасауға және өтінімді pr@cultura.kz электронды мекен-жайына 2020 жылдың 11 қазанында Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 00: 00-ден кешіктірмей жіберуге.

Қосымша ақпаратты және өтінімді қайдан жүктеп алуға болады?

Барлық қажетті ақпарат  www.artbat.kz сайтында қолжетімді.

Үздік жұмыстарды кім іріктейді?

Кәсіби әділ-қазылар алқасына: Мария Горохова, Carlsberg Kazakhstan компаниясының өкілі; Оля Веселова, ARTBAT FEST фестивалінің директоры; Мәди Мамбетов, публицист; Юлия Сорокина, куратор әрі өнертанушы; Арыстанбек Шалбаев, суретші кірді.

Іріктеу критерийлері қандай?

Жұмыстар Байқау тақырыбына сәйкес келуі, үшінші тұлғалардың авторлық құқығын және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзбауы керек. Қазылар алқасы сонымен қатар әр жұмыстың концептуалды, эстетикалық және эмоционалды компонентін қарастырады.

Неше жеңімпаз анықталады?

Байқау қорытындысы бойынша жұмыстар үш аталым бойынша таңдалады, олар үшін сыйлықтар қарастырылған.

Байқаудың қорытындысы қашан айтылады?

16 қазанда Байқаудың қорытындысы шығарылып, жеңімпаздар марапатталады. Сонымен қатар, осы күні ARTBAT FEST фестивалінің www.artbat.kz сайтында орналастырылатын жобаға қатысушылардың онлайн-көрмесі басталады.

Тағы не?

Байқаудың ең үздік жұмыстар кәдесыйлар жасау үшін қолданылады.

байланыстар

Байланысу үшін

корпоративтік қатынастар бойынша көшбасшы, ТОО "Carlsberg Kazakhstan" ("Карлсберг Казахстан" ЖШС)

Мария Горохова

Tel +7 (727) 321 01 00 (ішкі 289), моб. +7 777 551 0 289 Email Mariya.Gorokhova@carlsberg.kz