Menu

CARLSBERG KAZAKHSTAN КОМПАНИЯСЫ ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ БӨЛШЕКТЕП САТУ АРНАСЫНДА КӨШБАСШЫЛЫҚ ОРЫНҒА ИЕ БОЛЫП, 2019 ЖЫЛДЫ ТАБЫСТЫ АЯҚТАДЫ

2019 жылдың қорытындысы бойынша Carlsberg Kazakhstan компаниясы қазақстандық сыра нарығында Off-trade арнасындағы көлемде 42,4% - ға жетіп, екінші орынды сақтап қалды, бұл 2018 жылмен салыстырғанда 1,8% - ға артық. Энергетикалық сусындар санатында компания көлемі бойынша нарық көшбасшыларының үштігінен орын алды[1].

Қазақстандағы сыра нарығы: 2019 жылдың қысқаша қорытындылары

2019 жылы қазақстандық сыра зауыттары барлығы 663,6 млн литр сыра өндірді, бұл 2018 жылғы өндіріс көлемінен 65,3 млн-ға артық (ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің деректері).

Дәстүрлі бөлшектеп сатудың сауда арнасының үлесі жыл сайын төмендеуде, бірақ ең жақсы динамиканы DIOT арнасы (draft in off-trade, өзімен бірге алу үшін құйылған сыра) көрсетуде – бүгінгі күні бұл Қазақстандағы сыра нарығындағы ең жылдам дамып келе жатқан арна болып табылады. Егер сыраның отандық нарығының динамикасын қаптамасының форматтары бойынша сараптайтын болсақ, онда алюминий құтыларының форматы айтарлықтай өсуде: 2018 жылмен салыстырғанда оның өсімі сыра нарығының 34,2% - ын құрады, бұл шыны бөтелкеге қарағанда 37% - ға артық.

Сыра қайнату индустриясы Қазақстан бюджетіне елеулі үлес қоса отырып, экономиканың маңызды элементі болып табылады. Соңғы бірнеше жылдар бойы Carlsberg Kazakhstan Қазақстанның ірі салық төлеушілерінің ТОП-100 қатарына кіреді: 2019 жылы компания мемлекеттік бюджетке 21 млрд. теңгеге жуық салық және басқа да міндетті төлемдерді төледі.

Нарықтың үлесі және сату көлемі

Сarlsberg Kazakhstan 44,9% (2018 жылға қарай өсімі +2,5%) үлесі бар Қазіргі заманғы бөлшектеп сату арнасында көшбасшылық позицияға ие болды және сыра сатудың ірі арнасында - Дәстүрлі бөлшектеп сату көлемінің үлесін арттыруды жалғастыруда - 2018 жылға қарай өсімі +1,4%[2] құрады.

Негізгі жобалары

2019 жылдың қазан айында Carlsberg Kazakhstan алюминий құтысына құюдың жаңа желісін іске қосты. Бұдан басқа, 2020 жылдың бірінші жартысында Алматыдағы Carlsberg Kazakhstan зауытында сыраны ашытуға арналған қосымша 4 цилиндр-конустық танк (ЦКТ) орнатылатын болады. Жүргізілген жаңғыртудың нәтижесінде зауыттың өндірістік қуаты 17% - ға артады, жаңа жұмыс орындары пайда болады. Бұл жобаға инвестицияның сомасы 2 млрд. теңгеден асты. Осы жобаның арқасында Carlsberg Kazakhstan өз қуатын арттырды, Қазақстандағы сыра нарығының өсіп келе жатқан сегментінде қосымша бәсекелестік артықшылыққа ие болды және жекелеген брендтер бойынша импортты қысқартқан отандық өнімді одан да көп шығара бастады.

Тұрақты даму жөніндегі жобалар

Тұрақты даму саласындағы қазіргі заманғы жаһандық сын-қатерлерге жауап болып табылатын және Carlsberg Group компаниясының барлық кәсіпорындарының алдында тұрған «4 НӨЛ: болашаққа бірге»: НӨЛ көміртек қалдығы, НӨЛ су шығыны, НӨЛ жауапсыз тұтыну және НӨЛ жазатайым оқиғалардан құралған стратегиялық мақсаттарды қамтитын Carlsberg Group бағдарламасын іске асырудың аясында, Carlsberg Kazakhstan соңғы жылдар бойы айтарлықтай ілгерілеуді көрсетіп келеді.  2019 жылы (2018 жылмен салыстырғанда) компания суды үлестік тұтынуды 7,7% – ға, жылу энергиясын – 4,3% - ға, электр энергиясын-6,4% - ға төмендетті. Жалпы, соңғы 7 жылдың ішінде, 2012 жылдан бастап, компания өзінің өндірісінде суды меншікті тұтынуды 60,5% – ға, жылу энергиясын – 63,7% - ға, электр энергиясын-50% - ға қысқартуға қол жеткізді.

2019 жылы Компания төртінші жыл қатарынан «Мөлдір Су» өңірлік экологиялық жобасының аясында бірнеше эконауқанды ұйымдастырды. Бұл – Алматыдағы Қарасу көлінің жағалауын, Қарағандыдағы Федоров су қоймасын, сондай-ақ еліміздің ең ірі су қоймаларын – Балқаш және Алакөл көлдерін қоқыстан тазарту болды. Төрт жылдың ішінде бұл жобаға шамамен 1150 ерікті қатысып, 85 тонна қоқыс жиналды, оның бір бөлігі қайта өңдеуге жіберілді.

Сонымен қатар, алкогольді жауапты тұтыну мәселесі компанияның назарында. 2019 жылы Carlsberg Kazakhstan төртінші жыл қатарынан ірі әлемдік сыра қайнату компанияларымен құрылған Global Beer Responsibility Day бастамасын қолдады және кәмелетке толмағандарға сыра сату жағдайларын болдырмау, сондай-ақ көлікті дұрыс жүргізуді насихаттау бойынша ақпараттық науқандарын өткізді.

Carlsberg Group жалпы нәтижелері

2019 жылы Carlsberg Group дамудың оң траекториясын жалғастырды және түсімнің 3,2% - ға тұрақты өсуімен және операциялық пайданың 10,5% - ға органикалық өсуімен күшті қаржылық нәтижелерге қолжеткізді. Сатудың жалпы көлемі де органикалық түрде 0,1% - ға артты.

2019 жылдың нәтижелеріне түсініктеме бере отырып, Carlsberg Group президенті Кеес 'т Харт мыналарды атап өтті: «Біз 2019 жылдың нәтижелеріне ризамыз. Біз сатудың жалпы көлемінің тұрақты өсуін, табыс көрсеткіштерінің жақсаруын және жақсы ақша ағынын көрдік. Соңғы жылдары біз бизнесіміздің ұстанымын айтарлықтай нығайттық және біз бизнесіміздің ұзақ мерзімді өсуін қолдау үшін «Желкенді’22» стратегиясының басымдықтарын ұстануды жалғастырамыз».

Carlsberg Group жылдық қаржылық есебінде Қазақстандағы бизнесті әсіресе табысты деп атап өтті. Есептен алынған дәйексөз: «Қазақстандағы сыра нарығы өсті және Carlsberg Kazakhstan көрсеткіштері барлық сегменттерде, әсіресе крафттар мен специалитеттерде, сондай-ақ алкогольсіз сусындарда жақсарумен нарықтың өсуінен айтарлықтай озып кетті.

 

[1] Оff-trade арнасында (сатып алынатын өнімді тұтыну сатып алынған жерден тыс жүзеге асырылатын сату арнасы, бұл жағдайда компанияның барлық өлшеп оралған өнімі), 2019 жылдың қаңтар-желтоқсан айындағы Nielsen Қазақстан ритейл-аудитінің деректері бойынша

[2] 2019 жылдың қаңтар-желтоқсан айындағы Off-Trade Nielsen арнасындағы ритейл-аудит деректері бойынша