Menu

Carlsberg Kazakhstan қазіргі заманғы сауда арнасында үздік жайғасымға ие болды

Компанияның нарықтағы үлес көлемі өсу қарқынын көрсетеді: 2017 жылдың бірінші жартысының қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 38,4% құрады, бұл 2016 жылдың сәйкес мерзіміне қарағанда 2,1%-ға артық.

Компанияның нарықтағы үлес көлемі өсу қарқынын көрсетеді: 2017 жылдың бірінші жартысының қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 38,4%[1] құрады, бұл 2016 жылдың сәйкес мерзіміне қарағанда 2,1%-ға артық. Өсімге, негізінен, Carlsberg Kazakhstan 2016 жылдың соңынан бастап нарықтағы үлесі бойынша үздік атанған және 2017 жылдың бірінші жарты жылдығы ішінде осы жайғасымды ұстап тұрған қазіргі заманғы сауда арнасының арқасында қол жеткізді. Компанияның осы жылы саудаға жіберген екі өнімі де жетістікке жетуіне ықпал етті: Zatecky сатылымға шығарылған алғашқы екі айдың ішінде-ақ көлем жағынан да, ұлттық деңгейде ақша жағынан да – 0,2%, ал Шығыс өңірі үшін арнайы қайнатылған «Добрый бобр» сұрпы 0,4% үлеске ие болды.

Жылдың алғашқы айларында ел аумағында ауа райы әдеттегіден әлдеқайда суық болғанына және сыра сатылымына қолайлы әсер етпегеніне қарамастан, Carlsberg Kazakhstan жөнелтімі 2017 жылдың бірінші жарты жылдығының қорытындысы бойынша, өткен жылғы осыған ұқсас көрсеткіштен 28%[2] артық – Қазақстанның барлық арналары мен өңірлерінде сенімді өсім жалғасып келеді. Мамыр және маусым айларының қорытындысы бойынша, ай сайынғы жөнелтім көлемі 200 мың гл астамды құрады – компания мұндай нәтижеге 2008 жылдан бері қол жеткізбеген еді. Брендтердің ішінде көлем бойынша бірінші жарты жылдықта былтырғы жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда Holsten, Zatecky Gus, Carlsberg және «Балтика» айтарлықтай өсім көрсетті, сондай-ақ компанияның сырадан бөлек портфель өнімдері – hard lemonade Seth & Riley’s Garage және Flash Up энергетигінің нарықтағы үлесінің өсімі былтырғы жылмен салыстырғанда 3,1% құрады. Сонымен бірге, маусым айының қорытындысы бойынша, Carlsberg Kazakhstan Батыс өңірінде сату бойынша үздік атанды.

Виктор Семак, «Carlsberg Kazakhstan» ЖШС президенті: «Жергілікті нарықта өте жоғары бәсекелестік орын алса да, Carlsberg Қазақстанда үздік нәтижелерге қол жеткізді. Сонымен бірге, 1 қаңтардан бастап акциз 50%-ға қымбаттағанына қарамастан, Қазақстанда сыра нарығы тұрақтылықты көрсетіп отырғанына қуаныштымын. Акцизді ұлғайту туралы шешім шығарар кезде, біртіндеп көтеру керек деген саланың пікіріне заң шығарушылар құлақ асты, нәтижесінде бұдан барлық тараптар ұтты – өнім өндірушілер сұраныстың қатты құлағанын сезінбеді, мемлекет өндіріс көлемінің қысқаруынан болатын бюджет түсімдерін жоғалтпады. Бизнес пен билік диалогын білдіретін мұндай амалды болашақта да сақтаған маңызды, мәселен, қазір қызу әзірленіп жатқан және өндірушілерге үлкен салмақ салатын өндірушілердің, түптің түбінде тұтынушылардың жауапкершілігін арттыру жүйесін енгізу кезінде. Өндірушілер мен реттеуші органдардың нақ өзара қарым-қатынасы арқылы экономиканы неғұрлым нәтижелі дамытуға және экологияға камқорлық көрсету сияқты ауқымды қоғамдық міндеттерді шешуге болады».

Carlsberg Kazakhstan 2017 жылы тұрақты даму саласындағы жобаларға назарын арттырды. Carlsberg Group маусым айында компанияның «ПАРУСА’22»  бизнес-стратегиясының бөлігі болып табылатын «Мақсатымыз 4НӨЛ: болашақ үшін бірге» ғаламдық тұрақты даму бағдарламасын іске қосты. Бағдарлама компания ұзақ мерзімді болашақта қол жеткізуді мұрат еткен төрт стратегиялық мақсатты қамтиды: НӨЛ көміртек ізі, НӨЛ су жоғалту, НӨЛ жауапсыз тұтыну және НӨЛ қайғылы оқиғалар. Топтың әрбір стратегиялық міндеттерінің 2022 және 2030 жылдарға арналған  жеке-жеке мақсатты көрсеткіштері бар. Carlsberg Group жаңа бағдарламаны жүзеге асыра отырып, жергілікті қауымдастықпен және қоршаған ортамен үйлесімде болатын нәтижелілікті жақсартуға, қауіптерді қысқартуға және бизнестің тұрақтылығын қамтамасыз етуге қол жеткізуді жоспарлайды.

Carlsberg Kazakhstan кейінгі бірнеше жылдар бойы қоршаған ортаға арналған жұмыстарының арқасында оған кері әсер етуді төмендету саласында айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді: 2012 жылдан 2016 жыл аралығына дейін электр қуатын тұтынуды – 42%, жылу энергиясын – 51% және суды тұтынуды 47% қысқартуға қол жеткізді. Сонымен бірге, компания 2017 жылы жүзеге асырып отырған Қазақстан суларының экожүйесін сақтау және елімізде қалдықтарды жекелеп жинау мен өңдеу мәдениетін дамыту бойынша «Мөлдір су» өңірлік жобасы осы ғаламдық стратегияның қисынды құрамдастығының жаңа кезеңі болып табылады. Сондай-ақ, 2017 жылы Carlsberg Kazakhstan қазақстандық қар барысын сақтау бойынша «Ілбіс» жобасына қолдау көрсетуді жалғастырды.

Carlsberg Group компаниясының Шығыс Еуропадағы жалпы жұмыс нәтижелеріне қатысты айтар болсақ, органикалық операциялық табыс сенімді өсімді көрсетіп, 17%-ға артты, оған жағымды прайс/микс пен «Саяхатты қаржыландыру» бағдарламасын сапалы орындаудың үйлесімдігі ықпал етті. Валюта бағамының оң әсерінен есептілікте операциялық табыс дат кронында 39%-ға өсті. Операциялық маржа 320 б.п-ға 19,1%-ға дейін жақсарып,айтарлықтай нығайды. Сондай-ақ,Шығыс Еуропа өңірінде таза ақшалай түсім органикалық 1%-ға төмендеді. Бұл көлемдердің 9%-ға қысқартылуымен байланысты, өйткені баға миксі +8%-ға күшейді. Ресей рублі бағамының оң  әсерінен есептілікте таза ақшалай түсім 16% артты. Күшті баға миксі осы және алдыңғы жылдардағы баға қымбаттауының және Ресейде ПЭТ көлемін шектегеннен кейін қораптаудың кіші өлшемін енгізуге байланысты орын алды.

[1] Осында және әрі қарай - Nielsen Қазақстан ритейл-аудит деректері бойынша оff-trade арнасында.

[2] Компанияның ішкі деректері бойынша.

байланыстар

Байланысу үшін

корпоративтік қатынастар бойынша көшбасшы, ТОО "Carlsberg Kazakhstan" ("Карлсберг Казахстан" ЖШС)

Надежда Овсянникова

Tel +7 (727) 321-01-00 (ішкі 252), моб. +7 777 551 0 252 Email [email protected]