Menu

Carlsberg Group президенті климаттың өзгеруімен күрес көшбасшылары - Компания басшыларының альянсына қосылды.

Давоста 2018 жылғы 23-26 қаңтарда өткен Дүниежүзілік экономикалық форумда Carlsberg Group президенті мен атқарушы директоры Кеес ‘т Харт климаттың өзгеруімен күрес көшбасшылары болып табылатын Компания басшыларының альянсына қосылды. Бұл коалицияның мақсаты – өз тәжірибесіне, процестері мен саясатына климатқа әсерді төмендетін нақты шешімдер мен инновацияларды енгізуге тырысатын түрлі сала ұйымдарының әрекеттері мен бастамаларын ынталандыру және біріктіру.

Кеес 'т Харт климаттың өзгеруімен күрес көшбасшылары - Компания басшылары альянсының жаңа мүшесі болды, оның қатарына бизнес парникті газдарды қысқарту бойынша жаһандық шақыруға белсенді қатысуы тиіс және климаттың өзгеруіне тұрақты төмен көміртекті экономикаға өтуді жүзеге асыруға көмектеседі дегенге сенімді ұйымдардың 70-тен астам топ-менеджерлері кіреді.

Кеес 'т Харт: «Мен үшін БҰҰ тұрақты даму саласындағы мақсаттарына сәйкес келетін Париж келісімінің ережелерін орындауға табандылықпен шақыратын бизнес көшбасшыларының пікірлестер тобына қатысу зор құрмет. Климаттың өзгеруі проблемасын шешуде көшбасшылық пен жасалатын әрекеттер ауқымын арттыру үшін серіктестік қатынастарды дамытудың маңызы зор екендігін барлығымыз білеміз. Дүниежүзілік экономикалық форумның ықпалдастығымен жұмыс істейтін коалиция - үздіктердің бірі»,- деп атап өтті.

2017 жылдың маусымында Carlsberg Group «4 НӨЛДІҢ мақсаты: болашаққа бірге» тұрақты даму бағдарламасын жүзеге асыруды бастады, бұл климаттың өзгеруі, су қорларының жетіспеушілігі, денсаулық сақтау саласындағы проблемалар сияқты жаһандық қарсылықтар жағдайында табиғат пен қоғамға қамқорлықпен жасалған азық-түлік тұтынушыларының өсіп келе жатқан сұраныстарына жауап болды. Бағдарлама Carlsberg Group «ЖЕЛКЕНДЕР'22» бизнес-стратегиясының бөлігі болып табылады және компания ұзақ мерзімдік перспективасында жетуге ұмтылатын стратегиялық мақсатты қамтиды: НӨЛ көміректер ізі, НӨЛ суды жоғалту, НӨЛ жауапсыз пайдалану және НӨЛ жазатайым оқиғалар. Осы мақсаттардың әрқайсысы үшін оларға қол жеткізудегі прогресті бақылауға арналған өлшенетін көрсеткіштер айқындалды.

Сондай-ақ, Carlsberg Group ғалымдарды, сарапшыларды, университеттерді және Carlsberg Ғылыми-зерттеу зертханасы сияқты зертханаларды біріктіретін ғылыми Қауымдастықта жұмыс істеу үшін талантты жас ғалымдарға іздеу жариялады. Олардың алдында кейбір өткір әлемдік проблемаларды шешу және «4 НӨЛДІҢ мақсаты: болашаққа бірге» тұрақты даму бағдарламасының мақсаттарына жетуде компанияға көмек беру үшін инновациялық идеяларды жасау міндеті тұрады. Қоғамдастық Carlsberg тарихи зертханасының жетістіктерін арттыруды жалғастырады және жақсы келешек үшін шешімдерді жасауға бағытталған ғылыми тәсіл мен серіктестікке негізделген тұрақты даму саласындағы салалық жаңа стандарттарды құратын қызықты жобаларды жүзеге асыратын болады.

 

байланыстар

Байланысу үшін

байланыстар аға менеджері, ТОО "Carlsberg Kazakhstan" ("Карлсберг Казахстан" ЖШС)

Надежда Овсянникова

Tel +7 (727) 321-01-00 (ішкі 252), моб. +7 777 551 0 252 Email Nadezhda.Ovsiannikova@carlsberg.kz