Menu

Carlsberg Group экоталшықтан жасалған бөтелкелердің тәжірибелік үлгілерін ұсынды

Carlsberg компаниясы экоберік көздерден алынатын ағаш талшығынан жасалатын, сыра қайнату өніміне арналған әлемдегі алғашқы "қағаз" бөтелкені жасауға бір қадам жақындады. Green Fibre Bottle 100% биологиялық негізден тұрады және қайта өңдеуге толық жарамды. Эконегіздің арқасында мұндай бөтелкенің өндірісі қазіргі таңда бар баламаларға қарағанда пайдалы қазбалардың аз мөлшерін талап етеді.

Екі жаңа тәжірибелік үлгі тұрақты көздерден алынған ағаш талшығынан жасалған және бөтелкелерде сыраны ішке ұстауға мүмкіндік беретін ішкі тосқауыл қабаты бар. Бір үлгінің жұқа өңделген ПЭТ полимерлік үлдірінен жасалған қабаты болса, ал екіншісінде — 100%-дық бионегіздегі ПВД полимерлік үлдірден жасалған қабаты бар. Қаптамада инновацияларды енгізе отырып, компания дайын өнімнің көміртекті ізін 2030 жылға қарай 30%-ға қысқартуға ұмтылады. Carlsberg полимерлерді пайдаланбай, толығымен экологиялық материалдардан жасалған бөтелкені жасау үшін шешім іздестірумен айналысады. Үлгілер болашақта бөтелкелер өндірісіндегі пластиктен бас тартуға мүмкіндік беретін жаңа тосқауыл технологиясын тестілеу үшін пайдаланылатын болады. Инновацияны толығымен енгізбес бұрын Carlsberg одан әрі дамыту және тестілеу мақсатында бірқатар елдердің нарықтарында пилоттық іске қосуды жүзеге асырады. 

Мириам Шинглтон, Carlsberg Group дамыту жөніндегі вице-президенті: "Біз қаптаманың барлық форматтары бойынша инновацияларды енгізуді жалғастырудамыз және экоталшықтан жасалған бөтелкелерді әзірлеудегі бүгінгі прогреске көңіліміз толады. Біз алға қойған міндеттерге әлі қол жеткізген жоқпыз, бірақ екі үлгі нарыққа революциялық жаңалықпен шығу бойынша түпкілікті мақсат жолындағы маңызды қадам болып табылады. Инновациялар уақытты талап етеді және біз қалған техникалық проблемаларды шешу үшін жетекші сарапшылармен ынтымақтастықты жалғастырамыз, Snap Pack пластигінің көлемін қысқартуды шешкен кезіміз де осының дәлелі".

Green Fibre Bottle жобасын Carlsberg 2015 жылы ecoXpac инновациялар жөніндегі сарапшылармен, BillerudKorsnäs қаптау компаниясымен және Данияның инновациялық қорының қолдауымен Дания техникалық университетінің ғылым докторларымен бірге іске қосқан болатын. Қаптама саласындағы инновацияларды зерттеу үшін Paboco, яғни Paper Bottle Company құрылды. Жаңа бөтелке экоталшық негізінде берік, бірақ жеңіл бөтелке өндіруге мүмкіндік беретін импульсті кептіру және материалтанудың  ең заманауи технологияларын біріктіреді.

байланыстар

Байланысу үшін

байланыстар менеджері, ТОО "Carlsberg Kazakhstan" ("Карлсберг Казахстан" ЖШС)

Мария Горохова

Tel +7 (727) 321 01 00 (ішкі 289), моб. +7 777 551 0 289 Email Mariya.Gorokhova@carlsberg.kz