Menu

Carlsberg Group Давостада жас ғалымдар Қауымдастығының құрылғаны туралы жариялады

Carlsberg Group Давостада Дүниежүзілік экономикалық форумда жас ғалымдар Қаумыдастығының құрылғаны туралы жариялады. Оның мақсаты – климаттың өзгеруіне және су жетіспеушілігіне байланысты өзекті ғаламдық сын-тегеурінін шешу. Сонымен қатар, Қауымдастықтың құрылуымен бірге «Әлем үшін ең үздік жұмыс» атты байқауға кандидаттарды қабылдау жұмысы басталды.

Carlsberg Group Carlsberg  Ғылыми-зерттеу лаборатория сияқты университеттер мен лабораториялар, сарапшыларды біріктіретін  Қауымдастыққа постдок[1](PhD) позициясына ғылым кандидаты дәрежесі бар дарынды  жас  ғалымдарды іздейді.  Қауымдастық жас ғалымдарға Carlsberg тарихи лаборатория жетістіктерінің тізімін толықтыруға және тұрақты даму саласында ғылыми тәсіл және зерттеу серіктестікте негізделген салалық стандарттарды белгілейтін жаңа қызықты жобаларды дамытуға тамаша мүмкіндік береді.    

Carlsberg жас ғалымдар Қауымдастығы ең өзекті ғаламдық мәселелерді шешу үшін инновациялық идеяларды әзірлейді және «Мақсаты – 4НӨЛ: болашақ үшін бірге» көміртек ізі- НӨЛ және су жоғалуына - НӨЛ сияқты ұзақмерзімді стратегиялық мақсаттары  бар Carlsberg Group тұрақты дамуының өршіл бағдарламасын жүзеге асыруға ықпалдасады. 

Көміртек ізін төмендету бойынша Топтың мақсаттық көрсеткіштері Париж келісімінің ұсыныстарына сәйкес белгіленген – температураның көтерілуін  1,5 °C асырмауға шектеуге күш салу және тұрақты даму саласында БҰҰ мақсаттарына жету үшін компанияның салым салу міндеттерін растайды.

Carlsberg Group президенті және бас атқарушы директор Кеес ‘т Харт Қауымдастықтың  құрылуы туралы хабарламаға түсінік беру кезінде, былай  деді: «Серіктестік пен ғылым ғаламдық сын-тегеурінді шешу үшін аса маңызды болып табылады. Біз жас ғалымдар Қауымдастығымен бірлесіп осы сын-тегеурінді шешу және тұрақты даму бойынша Топтың ұзақмерзімді стратегиялық мақсаттарына жету үшін инновациялық ғылыми жаңалықтар тарихын құрамыз.  Сондай-ақ, біз қоршаған ортаға сыра ашыту әсерін төмендету мақсатында түрлі мүмкіндіктер іздеудеміз, және де жас ғалымдар осы іс-әрекетте басты және маңызды роль ойнайтын болады. Жас ғалымдар Қауымдастығы әлем және CarlsbergGroup пайдасы үшін су тұтынуын төмендету және көміртек ізін қысқарту бойынша 2030 жылға дейін алға қойылған мақсаттарға жету мақсатында инновациялық жолдар белгілейді».

Carlsberg жас ғалымдар Қауымдастығы қышқылдық шкаласы (pH), ашытқының таза мәдениеті және климаттық жағдайларға тұрақты арпа сияқты серпілісті инновациялар мекені болған Carlsberg Ғылыми-зерттеу лабораторияның бастауымен жұмыс жасайды.  Қауымдастықтың қатысушылары үшін CarlsbergGroup құнының үстелу тізбегіне, компания сараптамасына қол жетімділік және жаңа шешімдерді сынау мүмкіндіктері болады.

Тұрақты даму бойынша күн тәртібінде белгіленген 2030 жылға дейін алға қойылған мақсаттарға жету үшін хабардарлықтың жоғарылауы аса маңызды болып табылады.  Сондықтан да, жас ғалымдар Қауымдастық жұмысының іске асырылуы әлеуметтік желілерде «Әлем үшін ең үздік жұмыс» атты атаумен ақпараттық кампанияның қолдауын тапқан.  Кампания Давоста  өткен Дүниежүзілік экономикалық форумда Қаумыдастықтың құрылуы туралы ресми жарияланған кезде басталған.

Қосымша ақпараттар бар сілтемелер

«Әлем үшін ең үздік жұмыс» өтінім беру

 Carlsberg бейнеролик көру: «Әлем үшін ең үздік жұмыс»

 «Мақсат 4 НӨЛ: болашақүшін бірге» тұрақты даму бағдарлама туралы көп ақпарат алу.

Жаңалықтарды @CarlsbergGroup - #TowardsZERO #CarlsbergYoungScientists Twitter арқылы біле аласыз.

CarlsbergGroup тұрақты дамуы туралы :

CarlsbergGroup тұрақты дамуының төрт басымды бағыты − Энергия және көміртек ізі, Су, Жауапты тұтыну мен Еңбек қорғау және қауіпсіздік. Кешенді тәсіл төрт бағытта да қолданылады және компания құнының барлық үстелеу тізбегінде ықпалдасқан. Практика тұрғысында бұл тұрақты даму қағидаларының қолданыстағы корпоративтік стратегияға және бизнес-жоспарға ендірілуін, стандарттардың сақталуын қамтамасыз ету үшін саясаттың әзірленуін, жыл сайынғы негізде қалай, солай ұзақмерзімді болашақта алға басуды қадағалау үшін өлшемді мақсаттық көрсеткіштердің көлеміне жету және анықтау мақсатында серіктестермен ынтымақтасуды білдіреді.  

CarlsbergGroup тұрақты даму туралы ақпаратты  www.carlsberggroup.com/sustainability сайтынан біле аласыз.

[1]Ғылыми дәрежесін қорғаған жас ғылыми қызметкерлер үшін уақытша позиция

байланыстар

Байланысу үшін

корпоративтік қатынастар бойынша көшбасшы, ТОО "Carlsberg Kazakhstan" ("Карлсберг Казахстан" ЖШС)

Надежда Овсянникова

Tel +7 (727) 321-01-00 (ішкі 252), моб. +7 777 551 0 252 Email [email protected]