1811 ж. Carlsberg негізін қалаушы Якоб Кристиан Якобсен дүниеге келді. Бақи болған әкесінің жолын қуған Я.К. Якобсен 1835 ж. сыра қайнату ісін бастады. Якобқа тумысынан сыра қайнату өнері берілген еді. Сыраға деген құмарлығы мен бала кезінен жаратылыстануға қызығушылығы шабыт берген Я.К. Якобсен сыра сапасын арттыруға арналған кәсіби жолға түсіп, қалған өмірін осы мақсатқа арнады. Якобтың осы өмір жолындағы алғашқы кездескен бекеті Бавария еді. Осы жерде Якоб Рафаэль Цеттельмейер басқарған Мюнхендегі Spaten сыра қайнату орнында сыраның жаңа сұрпын қайнату технологиясын үйренді. 1845 жылдың жазында, Spaten сыра ашытқысы салынған екі қыш құмыраны арнайы ыңғайлап, қалпақ қорабына салып алған Якоб, қарапайым пошта дилижансына отырып, Данияға қайта оралды. Ұзақ жолда ашытқыны суық күйінде сақтап жеткізу үшін, ол жиі тоқтап,
құмыраларды суық суға батырып отырды. Лагердің алғашқы партиясын Я.К. Якобсен анасының жуынатын тегенесінде пісірді. Ары қарай оңтайлы сапасына қол жеткізгенше, ол сыраны қайнататын цехта тазарта берді. Осы лагер сұрпын өндіру үшін сыйымды тоңазытқыш орынжайы бар сыра қайнататын жаңа зауыт қажет болды. Якобсен Копенгагеннің сыртында жаңа сыра зауытын тұрғызып, оның атауының негізіне бес жасар ұлы Карл мен «белес» дегенді білдіретін «bjerg» дат сөзін біріктіріп алды. Осылайша, 1847 ж. Carlsberg компаниясы пайда болды. Тек 21 жылдан соң, алғаш рет Ұлыбританияға экспортқа кеткен кезде ғана Carlsberg маркалы сырасы халықаралық абыройға ие болды.
Я.К. Якобсен бұл жағдайды пайдаланып, өзінің сыра зауытын қайтадан жетілдіруге бел буды. Ол өнім сапасын жақсартуға және сатуды айтарлықтай арттыруға мүмкіндік берген суыту жүйесін орнатты. Осы тұста сыра қайнатудың құпияларын меңгерген Якобсеннің ұлы Карл Еуропадан оралды. Ол сыра зауытының енді ғана тұрғызылған бір қанатында жекеменшік сырасының сұрпын қайнату туралы ұсыныс алды. Карл бұл филиалды Ny Carlsberg (жаңа Carlsberg) деп атады. Ең алдымен ол өндіріс көлемін өсіріп, және әкесіне тиесілі зауыт қуаттылығымен шығарылатын сыраны екі есеге қысқарта отырып, нарық сұранысын қанағаттандыруды шешті. Әкесі атауын өзгерткен Gamle Carlsberg (бұрынғы Carlsberg) компаниясының сатылымын Ny Carlsberg компаниясының сатылымы бар-жоғы 10 жыл ішінде басып озды. Карл өз сырасын Carlsberg сауда маркасымен сатты және оның сырасының жарамдылық мерзімінің қысқа болғаны әкесінің көңілінен шықпады. Осының негізінде әкесі мен ұлының арасында отбасылық дау шықты. Я.К. Якобсен өз адвокаттарының көмегімен сот арқылы Карлды филиалды иелену құқығынан айыру мәселесін шешуді талап етіп, сот арқылы оның өндірісінің көлемін шектеуге тырысып бақты. Ол тіптен Карлды сыра зауытының атауын өзгертуге мәжбүрлемекші болды. Сондай-ақ Якоб сауда белгісінің жекеменшік дизайнын қалдыруға талаптанды, бірақ Карл онымен келісуден бас тартты. Ақыр соңында әкесі мен ұлы 1886 жылдың қазан айында, Я.К. Якобсен дүниеден өтер алдында татуласып тынды.
Якобсен сыраға қызыл мия қосуды, сыра қайнату мен ашыту үдерісін зерттеу үшін, Carlsberg зертханасының негізін салды
Carlsberg зертханасын басқару және даттық ғылыми зерттеулерге қолдау көрсету мақсатында Carlsberg Қоры құрылды
Әкесімен жанжалдасқан соң, Карл Якобсен өзінің жаңа тәуелсіз Жаңа Carlsberg атты сыра қайнату зауытын ашады
1883 ж. профессор Эмиль Кристиан Хансен сыраны сенімді өндірудің құпиясын ашты. Ол сыра ашытуға жауапты микроағзалардың түрлі саңырауқұлақтардан тұратынын және сыра саңырауқұлақтарын өсіруге болатынын дәлелдеп берді. Ашытқының таза өсіріндісін бөліп шығарған профессор сыра қайнатудың тұжырымдамасын мәңгілікке өзгертті. Таза ашытқы өсіру әдісі аса қымбатқа түсті, дегенмен бұл бүкіл әлем мемлекеттері сыраларының сапалық сипаттамасына нағыз төңкеріс жасады. Бірақ сол әдісті құпия сақтаудың орнына Я.К. Якобсен оны жария етіп, әлемнің сыра қайнатушыларымен өзінің жаңалығын бөлісуге шешім қабылдады. Бәлкім, Я.К. Якобсен өз әдісінің түпнұсқасынан артығын ешкім жасай алмайды деген сенімде болды ма екен, осылайша сыраның көптеген сұрыптарында Carlsbergтің бір бөлшегін қалдыратынын білгендей болды.
Қалай болғанда да, бірегей Carlsberg ашытқысы қазіргі таңда өндіріліп жатқан таза лагердің көптеген сұрыптарында қолданылады. Кейінірек, 1909 жылы, Carlsberg зертханасы химия бөлімінің төрағасы, дат фармацевті Сёрен П.Л. Сёренсен Carlsberg зертханасының қабырғасында қышқылдықтың pH шәкілін өңдеп тапты. pH шәкілі біз үшін сұйықтықтың тірі ағзаларға қарсы қалай әрекет жасайтыны мен қалай қарым-қатынаста болатынын анықтайтын стандарт болып қалыптасты. Carlsberg зертханасы 20-шы ғасыр ішінде ферменттердің маңызды зерттеулеріне өз үлесін қосты және қосуын әлі де жалғастыруда.
Дат сәулетшісі және суретшісі Торвальд Биндесболлға логотип жасауға тапсырыс берілді және ол жасап шығарған логотип Carlsberg сырасының беделін түпкілікті өзгертті. Осы жылы Carlsberg Данияның патша сарайына жеткізуге тапсырыс алған алғашқы даттық сыра зауыты болады. Carlsberg логотипіндегі тәж белгісі оның осы мәртебелі артықшылық белгісінің айғағы. Ал логотиптегі құлмақ жапырағының суреті Carlsberg компаниясы пайдаланатын табиғи ингредиенттерді білдіреді. Я.К. Якобсен үшін де, оның ұлы Карл үшін де Carlsberg өнеркәсіп кешенінің сырт келбеті маңызды еді. Әкесі мен ұлы өнер туындыларынан тұратын талғамы тартымды айнала адамның көңіл-күйін жадыратады деп санайтын. Олар өздерінің өнеркәсіп ғимараттары үшін жаңа сәулеттік стильдерде тәжірибе жүргізуді қалады және сыра қайнату зауыттарының келбетін талғамды етуге тырысты.
Карл Якобсен тіптен фабриканың түтін мұржасын да өнер туындысына айналдыруға болатынын дәлелдегісі келді. 1900 ж. ол әлемге әйгілі спираль бойымен бұратылған Carlsberg мұржасын тұрғызуға тапсырыс берді. Бастапқыда зауытқа кіретін қақпалар 12 бұрышты жұлдыз түрінде еді. Бұл 12 бұрышты жұлдыз Gamle Carlsberg-тің фирмалық белгісі болатын. Зауыт аймағындағы ең танымал ғимарат Карл Якобсеннің тапсырысы бойынша салынған піл бейнелеген мұнара шығар. Пілдер Карлдың төрт баласын бейнелейді. Якобсен символ ретінде пілдің мүсінін таңдады, себебі пілдер күш, адалдық және еңбекқорлықпен ұштасады — оның «Laboremus Pro Patria» («Отан игілігі үшін еңбектенеміз») сеніміне тамаша үстеме.
Carlsberg экспорттық жеткізу бөлімін ашады және импорттық контрагенттермен тұрақты байланысты бастайды
Ирландия, Гибралтар және Мальтадағы компаниялармен келісімшарттар жасалады және олар осы келісімшарттардың аясында Carlsberg сырасын бөтелкелерге құйып, жергілікті базарларда сатуға өз келісімдерін береді
Алғашқы шетелдік лицензия алынып, Carlsberg сырасы алғашқы рет Даниядан тыс, Кипрдегі Photiades сыра зауытында қайнатыла бастайды
1968-1981 жылдар арасында Carlsberg әлемнің түрлі мемлекеттерінде сыра қайнату зауыттарын аша отырып, өзінің халықаралық қызметін кеңейте түсті. Алғашқы шетелдік сыра зауыты 1968 жылы ашылды. 1972, 1974 және 1981 жылдары Carlsberg Малайзия, Ұлыбритания және Гонконгта сыра қайнату зауыттарын ашты.
1976 жылдан бастап, Даниядан тыс жерлерде Carlsberg пен Tuborg сыраларын сату көлемі отандық нарықтағымен салыстырғанда айтарлықтай өседі. Carlsberg пен Tuborg өнімдерінің бүкіл әлемде жемісті болуы сапаға деген жауапкершілік, ноу-хау жинағымен және технологиялық біліктілікпен түсіндіріледі.
Carlsberg-тің халықаралық аренада қатысуы 1990-шы жылдары компания жеке акциялар пакетін арттырғанына немесе Португалия, Швеция, Италия, Вьетнам, Қытай, Польша, Латвия және Хорватияның сыра қайнату компанияларының жаңа пайларын сатып алуына қарай кеңеюін жалғастырады.